Тербелiстердiң серпімді ортада таралуы. Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар. Толқынның ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы

Мақсотова Айнұр
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңа қала мектеп-гимназиясы
5474
Физика
Тақырыбы:
Тербелiстердiң серпімді ортада таралуы. Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар. Толқынның ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы

 

Сабақтың мақсаты

Толқындық қозғалыс. Механикалық толқын түрлерін білу. Толқынның ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы. Толқынның таралу қасиетінің маңыздылығын түсіну.

Күтілетін нәтиже

А. Толқын ұзындығын, таралу жылдамдығын есептер шығарғанда қолдана алады.

В. Толқынның таралу қасиетін түсінеді.

С. Толқындық қозғалысты және толқын түрлерін біледі.

Әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық және топтық әдіс, "Миға шабуыл" әдісі, сыни ойлау Блум таксономиясы, формативті бағалау, АКТ, тест жұмысы.

Құрал-жабдықтар

ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маркер, флипчарт, күлегештер, суреттер.

Ақпарат көздері

Физика, 9-сынып оқулығы, тақырыпқа байланысты видео, интернет, интерактивті тақта, презентация.

 Bilimland         iTest         iMektep

     www.BilimLand.kz,                     www.iTest.kz,                           www.iMektep.kz ресурстары.

Бағалау әдістері

Формативті бағалау. Топтық бағалау.

Жаңа сабақ

45 минут

Кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу.

Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

2 минут

1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын.

2. Толқын түрлері бейнеленген қағаз қиындыларынан сурет құрау арқылы топқа бөлемін.

3. Топ ережелерін сақтауды сұраймын.

4. Бағалау парақтарын таратамын.

Сәлемдеседі, кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыны атап айтып шығады, сабаққа назар аударады.

 

Суреттің көрінісін шығару арқылы 3 топқа бөлінеді.

Білу

Жаңа тақырып мазмұны бойынша Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? деген сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат жинақталуы қажет.

2 минут

1. Не білесің?

2. Өмірде қандай мысалдар бар?

3. Қандай құбылыстарда кездеседі?

 

Әр топ сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, сурет бойынша толқын түрлерін, өз ойларын айтады. Бір-бірімен идея алмасады.

Түсіну

 

Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.

 

5 минут

Экраннан М.Жұмабаевтың "Толқын" өлеңінің бейнебаянын тамашалайды.

 

https://www.youtube.com/watch?v=Wnk8oJ6xRkA.

Сол бейнебаяннан не түсінгені туралы сұрау.

 

Оқушыларға топтық жұмыс тапсырылады.

 

 

 

 

1. Осы тақырыпқа байланысты келешекте не білгілері келетіндігі жөнінде өз ойларын жеткізу арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.

2. Әр топқа тапсырмалар үлестірілді.

1-топ. Осы өлең жолдары сізге таныс па? Қазақ әдебиеті сабағынан өздері оқыған өлең туралы еске түсіріп айтады.

2-топ. Өлеңнің авторы кім? Ол ақын туралы не білесіңдер? М.Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет береді.

3-топ. «Толқын» өлеңінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Осы өлең жолдарының өмірлік мағынасын қалай түсінетіндіктерін жеткізеді.

Қолдану

 

10 минут

Топтық жұмыс. Әр топқа тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі.

Тапсырманы жеке оқу, топпен талдау, постер жасайды. Нәтижесі постер қорғаумен аяқталады.

bilimland.kz сайтынан бейнебаян көрсету арқылы сұрақтар қою.

1. http://www.itest.kz/lekciya_tolqyndar

2. http://www.itest.kz/lekciya_tolqyndar

3. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/tolqyndar/lesson/tolqyndyq-qozhalys

1. Әр топ тақырып бойынша жұмыстанады.

 

1-топ. Толқындық қозғалыс. Механикалық толқын таралуын сипаттайды.

2-топ. Көлденең және бойлық толқындар жайлы айтады. Шеңберлік, сфералық және жазық толқындар.

3-топ. Сейсмикалық толқындар мен дыбыс толқындарын сипаттайды.

 

Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, смайликтер беру арқылы бағалайды.

 

6 минут

1. Жаңа тақырып бойынша негізгі ақпаратты презентация арқылы көрсетіп, дәптерлеріне жазып алу ұсынылады.

 

2. www.bilimLand.kz сайтынан:

https://www.youtube.com/watch?v=Z1lRIiJNbDA

http://www.itest.kz/lekciya_tolqyndar

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/tolqyndar/lesson/tolqyndyq-qozhalys

https://bilimland.kz/kk/courses/simulation/fizika/lesson/tolqyndar

http://imektep.kz/muzikalyk-aspaptar

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/tolqyndar/lesson/dybys сайт беттерінен мына мәліметтерді қамтыды.

- механикалық толқындар, толқын ұзындығы, жиілігі және амплитудасы;

- белгілі бір ортада берілген жылдамдықта белгілі бір жиіліктегі толқынның ұзындығын анықтау;

- бір ортадан екінші ортаға өтетін толқынның әрекетін сипаттау.

- механикалық толқынды сипаттау;

- толқын жиілігі, ұзындығы мен жылдамдығының арасындағы байланысты көрсету;

- бойлық және көлденең толқындарды айыра білу;

- механикалық толқындарға мысал келтіру;

- толқындардың энергия тасымалдау жолы;

- сейсмикалық толқындардың табиғаты және таралуы;

- дыбыс толқындары;

- музыкалық аспаптар шығаратын дыбыстар;

- әуендегі дыбыстар.

Жаңа тақырып бойынша ең негізгі ұғымдар мен шамаларды дәптерлеріне жазады.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

Талдау

 

10 минут

Топтық жұмыс. Есеп шығару.

1-топ.

1. Егер толқындардың таралу жылдамдығы 340 м/с-қа тең болса, онда 200 Гц жиіліктегі дыбыс толқынның ұзындығын анықтаңдар. (1,7 м)

2. Егер толқын ұзындығы 0,6 м-ге тең болса, онда толқынның екінші және бесінші жалдарының арасындағы қашықтықты анықтаңдар? (1,8 м)

2- топ.

1. Егер 0,002 с периодпен тербелетін дыбыс көзі суда ұзындығы 2,9 м болатын толқындарды тудыратын болса, онда судағы дыбыстың жылдамдығын анықтаңдар? (1450)

2. Теңіздегі толқындардың жақын орналасқан жалдарының арасындағы қашықтық 10 м. Егер толқындардың жылдамдығы 3 м/с болса, онда толқындардың қайықтың қабырғасына соғылу жиілігі қандай? (0,3 Гц)

 

3-топ.

1. Қозғалмайтын бақылаушының жанынан біріншісінен бастағанда 20 с ішінде 6 толқын жалдары жүріп өткен. Егер толқындардың жылдамдығы 2 м/с болса, онда толқын ұзындығы және тербелістің периоды қандай? (8м, 4 с)

2. Судың бөлшектерінің тербеліс периоды 2 с-қа тең, ал аралас жылдардың арасында қашықтық 6 м. Осы толқындардың таралу жылдамдығын анықтаңдар. (3 м/с)

 

Өз-өздерін бағалау парағы №1

Күні: -----------------------

Пәні: Физика

Сыныбы: 9 «А»

Оқушының аты-жөні:­­­­­­­­­­­­ --------------------------------------------

Тапсырма: карточкадағы есептерді шығару.

Мақсаты: толқын ұзындығы, таралу жылдамдығын қолданып, есепті шығару, тест тапсырмасын орындау.

 

Күтілетін нәтиже:

А. №1. Формуланы біледі.

В. №2. Есепті шығарады.

С. №3. Уақытқа сай жұмыстанады.

Д. №4. Тест жұмысын орындайды.

Тербелiстердiң серпімді ортада таралуы. Толқындық қозғалыс. Көлденең және қума толқындар. Толқынның ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы - 2

Барлығы: 6 балл.   

1-5 балл – «3».

6-10 балл – «4».

11-15 балл – «5».

1. Оқушылар есепті топта жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс жүргізе отырып талқылау.

 

2. Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

 

Жинақтау

 

5 минут

Жеке жұмыс.

http://www.itest.kz/exam_test?test_id=683418163 сайтында "Толқындар" бөлімінен 10 сұрақты тест жұмысын орындап, дұрыс жауаптарын тексереді.

Әр оқушы тест жұмысын орындап болған соң, интерактивті тақтада дұрыс жауабы көрсетіліп, өз қателерін тексеріп бағалайды.

Бағалау

 

5 минут

«Бес жолды өлең» әдісі 5 жолды өлең шығару.

1 жол – тақырыбы.

2 жол – екi сын есiм.

3 жол – үш етiстiк.

4 жол – өлеңнiң негiзгi идеясы.

5 жол – тақырыпқа балама сөз.

Қорытынды жасау, анықтама беру, мазмұнды жүйелеу.

1. Толқын.

2. Механикалық.

3. Таралады, қозғалады, тасымалдайды.

4. Судағы толқындар механикалыққа жатады.

5. Үзіліссіз тербелістер.

Рефлексия

"Ет тартқыш, чемодан, сұрақ".

Не ұнады? Нені үйрендім?

Нені істей алмадым? сұрақтарына сүйеніп жапсырма қағазға пікірлерін жазып оқиды.

Үйге тапсырма беру

Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру.

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.

 

Қате туралы хабарландыру