Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Жақсыбаев Қанат
Алматы қаласы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп
5205
Физика
Тақырыбы:
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

 
Сабақтың мақсаты 1. Жылдамдық анықтамасын, өлшеу формуласын, өлшем бірліктерін қарастырады.
2. Есептердің шарты мен шығару жолын безендіруді үйренеді.
3. Сөйлеу, тыңдау, оқу дағдылары дамиды.
4. Оқушылар қозғалыстың түрлерін ғылыми түрде түсінеді. «Қазақстан-2050» Мәңгілік Ел, көпжылдық даму жоспарын кіріктіру негізінде функционалдық сауаттылығы қалыптастырылады.
Күтілетін нәтиже 1. Жылдамдыққа анықтама береді.
2. Жылдамдық өлшеу формуласын жазады.
3. Бір жылдамдықты бірнеше өлшем бірліктерімен көрсете алады.
4. Есептердің шарты мен шығару жолын безендіре алады.
Сабақтың түрі Жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері Әңгіме, жаттығулар орындау, жұппен жұмыс, бейнежазба.
Сабақтың әдіс-тәсілдері Электронды оқулық, арбаша, GLX-pasko құрылғысы, интернет желісі, bilimland.kz сайты.
 
Сабақ барысы Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты Бағалау
Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды топқа бөлу. Үй тапсырмасын тексеру. Берілген таратпа қағаздардағы сұрақтарға жауап беріледі. Жауаптары бойынша 3 топқа бөлініп отырады:
1-топ. Орын ауыстыру.
2-топ. Бірқалыпты қозғалыс.
3-топ. Бірқалыпты емес қозғалыс.
Топ жетекшісі, тайм-спикер таратпа қағаздарға жазылып, сол бойынша белгіленеді.
GLX-pascocar көмегімен қозғалыстар көрсетеді.
10 минут Әр дұрыс жауап 2 балл, қате болса, 1 балл, жауап бермесе, 0 балл.
  Психологиялық ахуал. Қозғалыс жаттығуы. 1-2 минут  
Жаңа сабақ Бейнежазба көрсету. Сұрақтарға жауап береді:
- бұл бейнежазбадан өткен сабаққа байланысты нені көріп тұрсыңдар?
- чемпион болу үшін не қажет?
3 минут  
  Тақырып пен мақсат, күтілетін нәтижемен таныстырылады. Тақырыпты дәптерге жазады. 1 минут  
  Жаңа тақырыпты меңгерту. Топпен жұмыс
1. Суретпен жұмыс жасап, ойларын қорытып, жылдамдықтың анықтамасын береді;
2. Формуласын қорытып шығарады (4-8 слайд).
7 минут 1, 2-тапсырма бойынша топ мүшелері дұрыс жауап берсе, 2 балл, қате болса, 1 балл,
жауап жоқ, 0 балл.
  Өлшем бірліктерді Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіру. Жұппен жұмыс.
Халықаралық бірліктер жүйесінде жылдамдық (СИ) 1 м/с.
Қосымша өлшем бірліктері:
- 1 км/сағ1 см/сек. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Жылдамдық бірліктерін түрлендіру тапсырмасын орындайды:
(Мәні жабық тұрады. Оқушы жауап беріп болғаннан кейін ашылып, дұрыстығы тексеріледі).
5 минут Дұрыс жауап – 2 балл,
қате болса – 1 балл,
жауап жоқ – 0 балл.
  Жылдамдықтың векторлық шама екенін түсіндіру. 11-12 слайдпен жұмыс. 1 минут  
  Есептің шарты мен шығару жолдарын жазуды үйрету. Есептің шарты мен шығару жолдарын жазу алгоритмі:
1. Берілгенін зер салып оқы.
2. Берілген шамаларды жаз.
3. Белгісіз шаманы сұрақ белгісімен орнат.
4. Шамаларды ХБЖ жүйесіне аудар.
5. Белгісіз шаманы анықтау формуласын жаз.
6. Формулаға сәйкес мәндерді қой.
7. Есепті шеш.
8. Шыққан шаманы тексер.
9. Жауабын жаз.
(Слайд-13)
2 минут  
Сабақты бекіту Есептер шығарту. Слайд-14
1-топ: №1,2
2-топ: №3,4
3-топ: №5,6.
Bilimland
Bilimmedia.kz порталының тапсырмаларын қолдану.
2 минут Әр дұрыс шығарылған есеп – 2 балл,
қате болса, 1 балл,
жауап жоқ, 0 балл.
  Деңгейлік есептер шығарту. 1-деңгей. Бірқалыпты қозғалып келе жатқан велосипедші 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп тап (2 балл).
2-деңгей. Реактивті ұшақ 20 секундта 8 км қашықтыққа ұшады, ал дыбыс 4 секундта 1320 м қашықтыққа таралады. Осы екеуінің жылдамдығын салыстыр (4 балл).
3-деңгей. Кеме жүрген жолының бірінші жартысын 10 секундта, ал қалған жартысын 2/6 минутта жүзіп шықты. Кеменің жылдамдығы 36 км/ сағ, ал екінші жартысы 54 км/ сағ. Жүрілген жолды анықта (6 балл).
Үлгермесе үйден аяқтайды.
10 минут Бұл бөлімде жалпы 12 балл жинау керек.
Бағалау Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды. Әр топтың жетекшісі топ мүшелерінің жалпы балын есептейді. 2 минут 22-18 балл – «5»,
17-13 балл – «4»,
12-9 балл – «3».
Рефлексия «Мен қай жердемін?» Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі бойынша суретті бояйды.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері - 1
Үйге §17 жылдамдық, жылдамдық бірліктері, 5 жаттығу, 1-3 есеп.
 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Топ жетекшісі:                                                   Сыныбы:                                                   Күні:     

Топ мүшелері Тапсырмалар Жалпы балл Баға
№1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
1                        
2                        
3                        
4                        
5                        
6                        
 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Топ жетекшісі:                                                   Сыныбы:                                                   Күні:     

Топ мүшелері Тапсырмалар Жалпы балл Баға
№1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
1                        
2                        
3                        
4                        
5                        
6                        
 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Топ жетекшісі:                                                   Сыныбы:                                                   Күні:     

Топ мүшелері Тапсырмалар Жалпы балл баға
№1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
1                        
2                        
3                        
4                        
5                        
6                        
 

Топқа бөлу үлестірме карточкалары

Орын ауыстыру тобы                                                  Бірқалыпты қозғалыс                                                   Бірқалыпты емес қозғалыс     

Дененің қандай да бір уақыт аралығында жүріп өткен траекториясының ұзындығы не деп аталады? Дене кез келген уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс не деп аталады? Дене кез келген тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалыс не деп аталады?
S әрпімен бегіленетін өлшем бірлікті атаңыз. Терезеден қарағанда телеграф бағаналарының жанымыздан өтуі қандай қозғалыс? Пойыз орнынан қозғала бастағанда қандай қозғалыста болады?
Дененің бастапқы орнын келесі орнын оның кейінгі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, яғни векторды не деп атайды? Конькиші мен жаяу жарысқа түскен спортшы жүгіру аралығының орта тұсында қандай қозғалыста болады? Автомобиль мен конькиші өз қозғалысының бастапқы кезі мен соңында қандай қозғалыста болады?
Әдетте не үлкен? Жүрілген жол ма, әлде орын ауыстырудың ұзындығы ма? Жаңбырдың тамуы қандай қозғалыс? Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
бұл қандай қозғалыс?
Орын ауыстыру мен траектория қай кезде дәл келеді? Парашют ашылғаннан кейінгі парашютшінің қозғалысы қандай қозғалыс? Тамшылар бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің арақашықтықтары әртүрлі болады. Бұл қандай қозғалыс?
Дененің кез келген мезетіндегі орнын табу үшін қандай шамаларын білу керек? Қандай қозғалыс табиғатта сирек кездеседі? Автомобиль тоқтар кезде қандай қозғалыста болады?
 

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері - 2

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері - 3

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері - 4

Қате туралы хабарландыру