Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Ақпанбетова Айдана Қайратовна
Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, «Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі» КММ
1415
Жаңашыл мұғалім-2019
География
Тақырыбы:
Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Оқу мақсаты

8.5.2.1. Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

Экономикалық инфрақұрылымның элементтерін түсініп, біледі.

Көптеген оқушылар істей алады:

Экономикалық инфрақұрылымның элементтерінің маңыздылығын талдай алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Экономикалық инфрақұрылымдағы қазақстандық компоненттердің қолданылуын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

1. Экономикалық инфрақұрылым элементтерін анықтайды.

2. Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығын талдайды.

3. Экономикалық инфрақұрылымдағы Қазақстанның алатын орнын анықтайды.

Ойлау деңгейлері

(блум таксономиясы бойынша)

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабақ барысында диалогқа түсе отыра, экономикалық инфрақұрылымға қатысты «инфрақұрылым», «көлік дәліздері», «телекоммуникация» сияқты жаңа терминдерді сөздік қорына енгізеді.

Құндылықтарға баулу

Әлемнің экономикалық инфрақұрылымына қазақстандық компонентті қосымша қамти отыра талдау арқылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «индустриаландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім» құндылығын қалыптастырады.

Пәнаралық байланыс

Экономика – әлем елдерінің экономикалық инфрақұрылымын анықтайды.

Физика – көлік және байланыс қызметтерін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, Bilimland.kz, twig-bilim ресурстары, Power Point презентациясы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Дереккөздер

ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)

 

Сабақтың ортасы.

Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.

(30 мин.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы.

Жаңа тақырыпты бекіту және сабақты қорытындылау кезеңі.

(7 мин.)

Психологиялық ахуал. «Ұшақтар» түрлі-түсті ұшақтарға жылы лебізін жазып бір-біріне ұшыру.

Топқа бөлу. Ұшақ түстеріне қарай екі топқа бөлу.

Тақырыпты ашу. Жаңа сабақтың тақырыбын бейнебаян көрсету арқылы ашу. (3 мин)

(М) Интерактивті тақтаның көмегімен сабақтың тақырыбын, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру. (5 мин)


1-тапсырма: Топтық жұмыс.

«Көлік» және «Байланыс» жүйелері бойынша тірек-сызбаны толтыру. (5 мин)

                 1-топ                                       2-топ

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Экономикалық инфрақұрылым элементтерін анықтайды.

1. Экономикалық инфрақұрылым элементтерін жіктейді.

2. Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің пайдасын түсіндіреді.

2-тапсырма: «Инфрақұрылым және қоршаған орта» топтық жұмыс. Топта талдай отыра кесте толтыру. (7 мин)

Инфра-құрылым элементтері

1-топ  (пайдасы)

2-топ (зияны)

1

Көлік

1.

2.

3.

1.

2.

3.

2

Байланыс

1.

2.

3.

1.

2.

3.

 

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1.    Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығын талдайды.

1.  Экономикалық инфрақұрылым пайдасы мен зиянын атайды.

2.  Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің пайдасы мен зиянына мысал келтіреді.

3-тапсырма: «Галерея» жұптық жұмыс.

Әр топ itest.kz сайтынан алынған «Қазақстанның көлік кешені» конспектісін топта талдап, «Экономикалық инфрақұрылымдағы Қазақстанның алатын орны» тақырыбында сурет салады. Топтан бір оқушы жұмысты қорғайды. (10 мин)

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1.  Экономикалық инфрақұрылымдағы Қазақстанның алатын орнын анықтайды.

2. Қазақстанда дамыған экономикалық инфрақұрылым элементтерін атайды.

3. Қазақстандағы инфрақұрылым кешендерінің ел экономикасының дамуына әсерін анықтайды.

«Өрмекшінің өрмегі» ойыны. Жаңа тақырыпты бір-біріне сұрақ қою арқылы бекіту. (5 мин)

«Жетістік баспалдағы» - өзін-өзі бағалау. Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай өздерін баспалдақ бойында орналастырады. (1 мин)

Кері байланыс.

«Алма ағашы» - қызыл, жасыл, сары алмалардың ұнағанын таңдап, артына өзінің ұсынысы мен тілегін жазып тақтаға іледі.

Үй тапсырмасын беру: Интернет желісін пайдалана отырып, «Қазақстандағы ұялы байланыстың дамуы» туралы қысқаша хабарлама дайындау. (2 мин)

Қағаздан жасалған түрлі-түсті ұшақтар.

 

Интерактивті тақта

 

Уақытты өлшейтін құрал - таймер

 

Power Point презентация

«Әуе көлігі» бейнебаянына сілтеме

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/korsetiletin-qyzmetter-ayasy/lesson/aue-koligi

 

«Байланыс» бейнебаянына сілтеме

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/korsetiletin-qyzmetter-ayasy/lesson/bajlanys

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстанның көлік кешені» конспектісіне сілтеме https://itest.kz/kz/ent/geografia/lekciya_qazaqstannyng_kolik_kesheni

 

 

 

 

 

Жеткілікті ұзындықтағы жіп.

 

Power Point презентация

 

 

 

Тақта

 

А3 форматтағы алма ағашы салынға сурет

 

қызыл, жасыл, сары алмалардың суреттері.

 

 

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақтың мақсатын құрастыруда сыныптағы әр оқушының меңгеру деңгейі басшылыққа алынды, дарынды балалардың қабілеттерін одан әрі дамыту көзделді.

Оқушылармен сабаққа қойылған мақсаттарға толық жету үшін әр мақсатқа сәйкес тапсырма берілді. Әр тапсырмаға жеке бағалау критерийлері мен дескрипторлар қойылды. Бұл оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауына мүмкіндік берді.

Сабақ барысында берілген барлық тапсырмалардың оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсер етпеуі қатаң ескерілді. Сабақ бойы оқушылардың тек оқу үдерісімен айналысуын бақылап отырдым. Оқушылардың назарын сабаққа аудару және жұмыс тиімді жүру үшін жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды. Оқушылар интерактивті тақтаны, Bilimland.kz, twig-bilim ресурстарын, Power Point презентациясын қолдана отырып, АКТ қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына сәйкес нақты құрастырылды. Барлық оқушылар экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функцияларын біліп, түсіне алды. Көпшілігі экономикалық инфрақұрылымның элементтерінің пайдасы мен зиянын ажырата алады. Сыныптағы дарынды оқушылар экономикалық инфрақұрылымдағы қазақстандық компоненттердің қолданылуына баға бере алады.

Әр тапсырманың орындалуына уақытты нақты белгілеу, сабақ барысында уақыт үнемдеуде қиындық тудырмайды.

Қорытынды бағалау.

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылардың ұйымшылдықтары топта тірек-сызба құрастыру, «Галерея» ойынын өте жақсы өткізуге мүмкіндік берді.

2: Жаңа тақырыпты оқушылардың толық меңгергенін «Өрмекшінің өрмегі» әдіс арқылы сабақты бекіткенде байқадым.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушыларға өздігінен ізденуіне көбірек мүмкіндік беру.

Қате туралы хабарландыру