Физикалық география (бастапқы курс)

Асаинова Шынар Бәкібайқызы
Павлодар қаласы, «Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
1161
География
Тақырыбы:
Физикалық география (бастапқы курс)

Сабақ

Сыныптан тыс сабақ: консультация сабағы (60 минутқа есептелген).

Тақырыбы

Физикалық география (бастапқы курс)

01. «Кіріспе. Жер – Күн жүйесінің ғаламшары». «План және карта» бөлімдері

Мақсаты

Білім алушылардың байқау тестілеуінің нәтижесі бойынша анықталған «Физикалық география» курсы бойынша «төмен меңгерген» тақырыптарды қайта толық меңгеруге жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже

1) Байқау тестілеуінің нәтижесін сараптайды;

2) Физикалық география курсынан «төмен» меңгерген тақырыптарын анықтайды;

3) «Төмен» меңгерген тақырыптар бойынша тақырыптық қайталау жүргізіледі:

білім беру/алу: мұғалім дәріс түрінде түсіндіреді, оқушылар тақырыптарды өздігінен оқиды;

білімді тәжірибеде қолдану: оқыған тақырыптары бойынша тәжірибелік жұмыстар орындайды;

білімді бекіту: қайталау тақырыбы бойынша тест орындау;

4) Қайталау тақырыбы бойынша орындаған тест нәтижесін талдайды; қатемен жұмыс  жүргізеді (дәптерге қате орындаған тест сұрағы мен оның дұрыс жауабын жазады).

Оқыту формасы

Жеке-дара, жұппен, фронтальды.

Оқытудың әдіс-тәсілдері

АКТ, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Ресурстар

itest.kz итест, bilimland.kzленд, twig-bilim.kz твинг ресурстары

 

Сабақтың барысы

Іс-әрекет кезеңі

Уақыт (мин.)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Күтілетін нәтиже

Мотивациялық кезең

2

Оқушыларға youtube.com ресурсынан «Бәрі өз қолыңда» атты тәмсілді көрсету.

– «Бәрі өз қолыңда» атты тәмсілді көреді;

– Шынында да «бәрі өз қолында» (жақсы оқу, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыру т.с.с) екенін түсінеді.

1

Тәмсіл. «Бәрі өз қолыңда»

Оқушылар жігерленеді, өздеріне деген сенімділік пайда болады,  «бәрі өз қолдарында» екенін түсінеді.

Диагностикалық кезең

5

Алынған тест (itest.kz: тест сұрақтары, 1-2 нұсқа) бойынша оқушылардың «төмен» меңгерген тақырыптарын талдайды.

Әр оқушы  жеке-дара тексерілген тест нұсқалары бойынша «төмен» меңгерген тақырыптарын анықтайды, белгілейді.

2

itest.kz (тест сұрақтары: 1-2 нұсқа)

Талдау негізінде сабақтың тұжырымдамалық негізі анықталады;

курстың қай тақырыптарын қайталау керегі нақтыланады.

Операциялық кезең

15

а) 6-сыныптың  қай тақырыптарын қайталау керегін айтады:

Кіріспе. Жер Күн жүйесінің ғаламшары.   План және карта.

ә) Жалпы курс материалдарына шолу жасайды, түсіндіреді;

б) Тақырыпты қайталау үшін ресурстарды пайдалану туралы бағыт-бағдар береді.

а) Әр оқушы өзі үшін  6-сыныптың қай тақырыбын қайталау керегін белгілейді; 

ә) Мұғалім айтқан мәліметтердің негізгісін дәптерлеріне жазып отырады;

б) Жеке-дара 6-сынып тақырыптары бойынша берілген конспектілерді оқиды, жұппен талдайды.

і
4

itest.kz  (6-сынып тақырыптары: конспектілер)

6-сыныптың  «Кіріспе. Жер Күн жүйесінің ғаламшары», «План және карта» бөлімдерін қайталайды; дәптерлеріне тірек-жазба түсіреді.

 

Практикалық кезең

5

Білімді тәжірибеде қолдануға тапсырмалар береді (оқыған тақырыптары бойынша практикалық жұмыстар орындайды).

а) конспект соңындағы сұрақтарға жауап алу;

а) «Жер – Күн жүйесінің ғаламшары» бөлімінің соңында берілген 23 және

«План және карта» тарауы бойынша 25 сұраққа жауап береді, жұппен бірін-бірі тексереді;

5 6

itest.kz  (6-сынып  конспект бойынша сұрақтары)

Білімді тәжірибеде қолдануға үйренеді. Берілген уақыт шегінде жұппен бірін-бірі тексереді.

5

ә) bilimland.kz  ресурсындағы География курсының «Географиялық карта» тақырыбынан тапсырмалар орындату

ә) bilimland.kz  ресурсындағы №2585 карта түрлеріне арналған тапсырмаларды орындайды;

7

bilimland.kz  ресурсындағы №2585 карта түрлері

Алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануға дағдыланады.

10

б) білімді бекіту мақсатында қайталау бөлімдері бойынша тест орындату

б) «Жер – Күн жүйесінің ғаламшары», План және карта» бөлімдері бойынша тест орындайды

8

 

9

itest.kz  (6 сынып  тақырыптық тест)

«Жер – Күн жүйесінің ғаламшары», «План және карта» бөлімдері бойынша білімдерін бекітеді.

 

Рефлексиялық кезең

 

 

5

а) Тест нәтижесі бойынша қатемен жұмыс орындату

а) Дәптерге қате орындаған тест сұрағы мен оның дұрыс жауабын жазады

10

11

itest.kz  (6-сынып  тақырыптық тест)

Дұрыс жауабын және жіберген қателіктерін көреді. Қатемен жұмыс жасауға дағдыланады.

5

ә) Кеңес сағаты бойынша кері байланыс жасату:

- сәтті/тиімді;

- сәтсіз/тиімсіз;

- ұсыныс/пікір.

ә) Төмендегі сұрақтар бойынша кері байланыс жасайды:

сәтті/тиімді;

сәтсіз/тиімсіз;

ұсыныс/пікір.

 

Келесі кеңес сағатын сапалы жоспарлауға ой салады.

Үйге тапсырма

3

«Жер – Күн жүйесінің ғаламшары», «План және карта» бөлімдері бойынша қосымша білім алу көздерін ұсынады

«Жер – Күн жүйесінің ғаламшары», «План және карта» бөлімдері бойынша қосымша білім алу көздерін/ресурстарын жазып алады

12

13  

Видеотоптама – Оқытушы фильмдер –Әйгілі есімдер – Танымдық фильмдер

«Жер – Күн жүйесінің ғаламшары», «План және карта» бөлімдері бойынша қосымша мәлімет алады, алған білімдерін толықтырады.

Қате туралы хабарландыру