Отын-энергетикалық кешені

Нұрғаева Бижамал Жұмақожақызы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Абай атындағы қазақ орта мектебі
2075
География
Тақырыбы:
Отын-энергетикалық кешені

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

– Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

– Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

– Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Күтілетін нәтиже  

  • өз беттерінше жұмыс істей алады;
  • географиялық есептерді шеше алады;
  • картадан көмір, мұнай,газ  өндіру орындарын көрсетіп бере алады;
  • отын-энергетика тақырыбы бойынша теориялық білімін жетілдіреді;
  • оқылым дағдысы бойынша мәтінмен жұмыс істейді;
  • қиын сұрақтар келгенде бір-біріне көмектесе алады.

Тілдік мақсаттар  

Айтылым мен тыңдалым дағдылары бойынша топтардың бір-біріне түсіндіруі, топ ішінде үлгерімі төмен оқушыларға үлгерімі жақсы оқушылардың түсіндіруі.

Ресурстар     

«BILIMLAND» материалдары, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, оқулық, карта, стикер, слайдтар.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында «BILIMLAND» материалдары көрсету үшін интерактивті тақтаны, интернет желісін қолдану.

Пәнаралық байланыс

Матеметика,қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы оқу 

Дүниежүзілік шаруашылықтың орналасу ерекшеліктері мен топтары.

Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Сабақтың басы

2  минут

Топтарға бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет, белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ: «Көмір өнеркәсібі».

2-топ: «Мұнай-газ өнеркәсібі».

3-топ: «Электр энергетикасы».

Сабақтың ортасы

20 минут

– Балалар, оқулығымыздың 213-бетін ашайық. Бүгінгі тақырыбымыз  «Отын-энергетикалық кешен». Бұл тақырыпты үйден оқып келуге тапсырғанмын.

1. «BILIMLAND» материалдары бойынша жұмыс. Өнеркәсіп бөліміндегі  «Энергия көзі» тақырыбы

  • Сарқылмайтын және сарқылатын энергия көздері
  • Ең көп қолданылатын энергия көздері
  • Энергия
  • Ірі тас көмір өндірушілер
  • Тақырыптар бойынша оқылым тыңдалым

Топтарға тапсырма: Отын-энергетика кешені тақырыбы үйден оқуға берілген. Теория үйден, практикалық жұмыс  сыныпта.

Топтарға тапсырма:

1-топ: Отын-энергетика кешені тақырыбына постер құрастыру.

2-топ: Осы тақырып бойынша  сұрақтар тізбегін құрастыру.

3-топ: Кестемен, картамен жұмыс.

25-кесте. Электр энергиясын өндіруден дүниежүзі бойынша көшбасшы елдерді картадан көрсету, есептер шығару.

Мұнай  дүниежүзі бойынша жылына 3 млрд т өндіріледі.

Дүниежүзі халқына шаққанда  жылына әр адам басына шамамен неше тонна мұнай өндіріледі?

Табиғи газ дүниежүзі бойынша жылына 2200 млрд м³ өндіріледі.

Дүниежүзі халқына шаққанда  жылына әр адам басына шамамен неше метр куб табиғи газ  өндіріледі?

Оқылым және тыңдалым

 

«BILIMLAND» материалдарындағы мәтіндер, видео

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/onerkasip/lesson/ehnergiya-kozi

билимлед

 

 

 

А.Алимовтың төңкерілген  сабақ әдісі бойынша

 

Слайд 2

Сабақтың соңы  (10 минут)

Сабақты бекіту

«BILIMLAND» материалдарындағы тест және тапсырма жұмыстарымен сабақты бекіту, түсінгендерін тексеру. №1-5 тестерді орындату.

«BILIMLAND» материалдарындағы тесттер

Бағалау

3 минут

Өзін-өзі бағалайды, өзара бағалайды. Сабақ қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы туралы рефлексия жасайды.

 

Рефлексия

3 минут

Нені білдім? Нені білмедім? Нені білгім келеді?

«Интервью» әдісі

Оқушылар ойларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Үйге тапсырма

2 минут

Параграф 39-40 оқуға, 221-бет, дәптермен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Слайд 3

Қате туралы хабарландыру