Өзен ағысының гидрограммасы

Нұрғалиева Гүлжан
Астана қаласы, ФМБ НЗМ
9169
География
Тақырыбы:
Өзен ағысының гидрограммасы

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- өзен ағысының деңгейін талдай алады, ағыстың өзгеруін гидрограммада сызып көрсетеді.

Сабақтың мақсаты

- өзен ағысының деңгейін талдай алу.

Жетістік критерийлері

 

Оқушылардың қолынан келеді:

Оқушылар жергілікті аймақтың өзендері мен жер асты суларын адам әрекетінің әсерінен болатын өзгерістерді болжамдай алады.

Өзен ағысының гидрограммасы - 1


Пайдалы сөз тіркестерге келесілер кіруі мүмкін:

Мен/біз х болады деп ойлаймыз/сенеміз/болжаймыз.

Ықтимал:

Х орын алғанда у

болады/болып қалу/болуы мүмкін.

Мүмкін:

Егер х болса, у болар еді/мүмкін еді/болып қалатын еді  
Х болып жатқандықтан, у болып жатыр.

Х болатыны мүмкін/ықтимал

Құндылықтарды дарыту

Көп тілді ортаны қалыптастыру, оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру, барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Географияның бастапқы курстары, метеорология, химия, физика, биология.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар  сілтемелер бойынша жүктелген карталармен жұмыс істей алады, сонымен қатар жергілікті жердің су ресурстарының өзгерістерін диаграммаларда көрсетіп, ескертпе жасай алады. Интернет ақпараттарын қолдана отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне қарай су қорларының өзгеруін сипаттай алады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 6-10-сыныптарда өткен Гидросфера туралы тарауының метеорология туралы білімі, дағдылары және түсінігі қалыптасқан. 11-сыныпта гидрография және жер асты сулары тақырыбы жете қарастырылады және оқушыларға жоғары бағалау дағдыларын көрсетуді талап етіледі.

 

Сабақ жоспары

 

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Құралдар мен ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 

5-15 минут

І. Сабаққа қызықтыру кезеңі. 

Өткен сабақтарға шолу жасау.

Толық сыныпқа арналған жұмыс:

А) Оқушыларға жалпы су ресурстарының өзгерістерін, құрамын және қолдану барысындағы өзгерістерін зерттейтін ғылым салалары туралы презентациялық материал көрсетіліп, негізгі терминдерге түсінік беріледі.

Өзен ағысының гидрограммасы - 2

Өзен ағысының гидрограммасы - 3

ІІ. Тақырыпқа шығу. Мақсат қою.

В) Презентациядан оқушыларға бірнеше өзеннің гидрографы көрсетіледі, соған байланысты оқушылар бүгінгі сабақтың  тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Презентация

1-2 слайдтар.

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/kolder-men-batpaqtar;

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/zher-asty-sulary;

(география)

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

3-16 слайдтар.

Сабақтың ортасы

 

55 минут

 

Негізгі кезең.

Ақпарат қабылдау және орындау.

1. Жеке жұмыс.

Оқушыларға ақпарат кесте түрінде беріледі. Сол ақпаратты пайдалана отырып, берілген өзенінің гидрографын сызады (сызу алдында берілген сайт бойынша өзен гидрографын қалай сызуға болатынымен танысады), қосымша сұрақтарға жауап жазады.

Өзен ағысының гидрограммасы - 4

2. Жеке  жұмыс.

Оқушыларға дайын гидрограф беріледі, ол гидрографта 2 түрлі ақпарат қамтылған. Сол гидрографтағы ақпараттарды басшылыққа ала отырып, сұрақтарға жауап жазады. Негізгі өзен арнасы мен су қоймалары салынғаннан кейінгі өзен арналарының өзгерістерін салыстырады, шешім шығарады (берілген сайт бойынша өзен арнасының өзгерісі байланысты болатын су шығынын естеріне түсінеді, бұл сайтта кесте түрінде су шығыны көрсетілген кесте бар).

Өзен ағысының гидрограммасы - 5

1. Жеке  жұмыс.

Оқушылар берілген бағаналы графикті қолдана отырып, су шығынын есептейді, қосымша сұрақтарға жауап береді.

2. Жұппен  жұмыс.

Оқушылар берілген гидрографты анықтайды және егер осы өзеннің басқа климаттық белдеуде орналасқан жағдайына болжам жасайды, қосымша қоректер көзі қосылса, гидрографтағы өзгерісті дәлел келтіре отырып, сипаттайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/animacziya-zhane-vizualdy-ehffektiler 

(информатика)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/gidrosfera/lesson/zher-sharyndahy-ozender

 

Соңы

5 минут

Рефлексия:

Қысқаша сұрақ-жауап формасында қорытындыланады.

 

40 минут

Кембридж емтиханы негізінде 3-күн тапсырмаларын жазу ұсынылады.

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде жеткізе алуына қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар мен төмен оқушыларды бірге отырғызу арқылы  өзара білім алмасу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың  білу, түсіну дағдыларын дамыту үшін, сәйкестендіру  жүргізілді, қолдану дағдысын тексеру мақсатында судың кездесетін аймақтарын салыстыруға арналған тапсырмалар ұсынылды. Бағалау дағдыларына осы  судың шаруашылықта қолдану кезіндегі тапшылыққа ұшырауын есептеу арқылы экономикалық баға беру тапсырмалары берілген. Қорытынды үшін жазба жұмыстарын жазады.

 

Рефлексия:

 

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ барысында оқу мақсаты толығымен жүзеге асырылды. Оқушылар өткен сыныптардағы білімдерін пайдалана алды.

Оқушылар презентация арқылы берілген қайталау сұрақтарына толық жауап бере алды, тек кейбір тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешті.

Уақыт кезеңдері сақталды, кейбір сұрақтарға көмек керек болған кезде бағыттаушы және нақтылаушы сұрақ-жауап берілді.

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болған жоқ.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар презентациялық сұрақтарға жауап беру кезінде үлкен белсенділік көрсетті.

2: Жеке жұмыстар жасау кезінде өз ойларын жеткізе алуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларда әлі де болса нақты жауаптардан логикалық жауаптарға беру кезінде сөйлем құрау (орыс сыныптары) қиындық туғызады. Сондықтан қазақ тілі мамандарымен бірлесе отырып, кіріктірілген бағдарламалар бойынша кездесетін тақырыптарға жаттығулар жасату туралы ой келді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қазақ сыныптары орыс сыныптарына қарағанда тез жауап бере алады. Сондықтан қазақ топтарына қосымша тапсырмалар дайындауға көңіл бөліну қажет, бірақ емтиханда қазақ-орыс сыныптары деп бөлінбегендіктен, тапсырмалар деңгейлік болып құрастырылмайды, тек сөз құрылымдары жеңіл жазылу керек. 

 

Таратпа материалдар

1. Өзен деңгейінің 1 жыл ішіндегі су деңгейі көрсетілген:

Айлар:

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Су деңгейі (м):

1,1

1,4

2,1

3,1

1,9

1,2

0,7

0,5

0,9

1,3

1,5

1,0

 

- өзен гидрографын сызыңыз:

- бұл өзен немен қоректенеді? __________________________________________________________________

- өзеннің қоректену түрін қалай анықтадыңыз? ___________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

- өзен деңгейінің ең жоғары және ең төмен (межень) болатын мезгілі? _______________________________

___________________________________________________________________________________________

- су деңгейі ең төмен және жоғары болатын жыл мезгілі? __________________________________________

___________________________________________________________________________________________

- орташа су деңгейі неше метр? ________________________________________________________________

- бұл өзен жағасына қандай шаруашылық түрін дамытуға болады? __________________________________

____________________________________________________________________________________________

- өзен суының деңгейін тұрақты ұстау үшін қандай жұмыстар жасауға болады?________________________

____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

 

2. Берілген Волга өзенінің гидрографын қолдана отырып талдау жұмыстарын жүргізіңіз

Өзен ағысының гидрограммасы - 6

- өзен cуының қалыпты кезеңдегі жағдайын түсіндіріңіз. ____________________________________________

____________________________________________________________________________________________

  - өзен cуының Рыбнинск су қоймасы салынғаннан кейінгі жағдайымен салыстырыңыз, төмендеу, жоғарылау себебін түсіндіріңіз. _________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  - өзен cуының Горький су қоймасы салынғаннан кейінгі жағдайымен салыстырыңыз, төмендеу, жоғарылау себебін түсіндіріңіз. ___________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

- су қоймасын салудың маңыздылығын түсіндіріңіз. _______________________________________________

____________________________________________________________________________________________

 

3. Өзеннің 1 жыл ішіндегі су шығынының көрсеткішін есептеңіз:

Өзен ағысының гидрограммасы - 7

- бұл өзен немен қоректенеді? _________________________________________________________________

- өзеннің қоректену түрін қалай анықтадыңыз? ___________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

- су деңгейі ең төмен және жоғары болатын жыл мезгілі? __________________________________________

____________________________________________________________________________________________

- орташа су шығынының жылдық көрсеткіші? ____________________________________________________

- бұл өзен жағасына қандай шаруашылық түрін дамытуға болады? __________________________________

____________________________________________________________________________________________

 

4. Негізінен қар суымен қоректенетін өзен гидрографы:

Өзен ағысының гидрограммасы - 8             

- қай климаттық белдеуге, қай бөлігіне тән өзен? _________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

- таңдаған климаттық белдеуге тән екендігіне дәлел келтіріңіз? _____________________________________

___________________________________________________________________________________________

- берілген гидрограммадағы өзен экваторлық белдеуде болса, гидрограф қалай өзгереді, қосымша сызықпен көрсетіңіз:

- егер бұл өзен мұздықпен қоректенген жағдайда қандай ерекшелікті байқауға болар еді? ____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

Қате туралы хабарландыру