Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны

Мырабилдаева Құралай
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы, Ағашорын орта мектебі
7878
География
Тақырыбы:
Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны

 
Жалпы мақсаттар Білімділік:
Оқушыларға Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктің зерттелу тарихы жайлы түсіндіру.
Дамыту:
Өз бетінше ізденіп, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:
Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Күтілетін нәтижесі Оқушылар тақырып мазмұнын жұппен, жеке талдаулар арқылы меңгеруге дағдыланады. Талдау, пікіралмасу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақтың әдісі  Алмасып, жеке жұмыстар, диалог әдісі.
Керекті құрал-жабдықтар Электрондық оқулық, слайдтар, Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
 
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
Кіріспе

Ұйымдастыру
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Слайд №1
Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны - 1
1. Оқушылар амандасады. Оқу құралдарын шығарып, сабаққа дайындалады.
Алмасып, жауап парағы бойынша бір-бірін тексереді.
Бағалау парағына бағалайды.
 
Негізгі бөлім

Жаңа сабақ
«Қызығушылығын ояту»

Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы өлең оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.

- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған?
(Солтүстік Америка)

Слайд №2

Солтүстік Америка
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орын алады, жерінің ауданы 24,2 млн. км2. Солтүстік Америка материгі солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудегі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылып жатыр.
Солтүстік Американың шеткі нүктелері:
Солтүстігінде - Мерчисон.
Оңтүстігінде - Марьято.
Шығысында - Сент Чарльз.
Батысында - Принц Уэльский.
Жағалауларын Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық мұхиттарының сулары шайып жатыр.

Слайд № 3

Солтүстік Америка материгінің табиғат ерекшеліктері.

Дәптермен жұмыс

Слайд № 4
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы.

Слайд № 5
Оқушылар бейнефильмді көру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, талқылайды.

Кескін картамен жұмыс.

Солтүстік Американың шеткі нүктелері орналастыру.

Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны - 2

Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды.
«Өрмекшінің торы».
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/amerika/lesson/amerikanyng-geografiyalyq-orny-men-shetki-zhahalaulary




https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/amerika/lesson/amerikanyng-geografiyalyq-orny-men-shetki-zhahalaulary
Қорытынды Бекіту
1-тапсырма
Сандар сөйлейді
Осы сандардың нені білдіретінін табыңыз.
 6420 км;
  1200 м;
    +57˚;
    51 м;
     25 км;
      9000 км;
      24,2 млн.км2;
       6000 мм;
       100 мм;
2-тапсырма

Резюме
1. Материктің аты:_________________________________
2. Жер көлемі:____________________________________
3. Ең биік нүктесі:____________________________________
4. Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________
5. Зерттеген ғалымдар:_________________________________________
6. Жағалайын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:_________________
3-тапсырма Тест 1
Тест 2
Тест 3
Тест 4
Тест 5
Оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды.
Сұрақты түсінбеген оқушыға түсіндіреді.
Нұсқаларды жинап, жауап парағы бойынша дұрыс жауаптарын оқушыларға тексертеді.
Оқушыларға рефлексия Слайд № 5 жаздырады, үйге тапсыма береді, қорытынды бағаны айтады.
Оқушылардың бағаларын журналға түсіреді;
- Қорытындылайды, қоштасады.
Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды.
Алмасып, жауап парағы бойынша бір-бірін тексереді.
Бағалау парағына бағалайды.






Бүгінгі сабақ туралы рефлексия жазып, тақтаға іледі.


Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазады, қорытынды бағаларын шығарады.

Бағаларын күнделікке қойғызады, мұғаліммен қоштасады.
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/amerika/lesson/amerikanyng-geografiyalyq-orny-men-shetki-zhahalaulary
Қате туралы хабарландыру