Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы
Талғар қаласы, №7 мектеп-лицей
2751
Информатика
Тақырыбы:
Абзацтар, шегіністер және интервалдар

 
Жалпы мақсаты Оқушыларға Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режимдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқампаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. 
Оқыту нәтижелері - Берілген тапсырмаларды жұппен, топпен орындауға үйрету;
- Оқушылардың өзін және бір-бірін бағалауға дағдыландыру;
- Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
- Информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Түйінді идеялар Абзацтар, шегіністер және интервал түрлерімен және қызметтерімен танысты.
Күтілетін нәтиже Оқушылар абзацтар, шегіністер және интервалдармен танысып, оларды ажырата алатын болады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады. Информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері дамиды. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Сабақтың көрнекілігі Білім беруде АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың әдіс-тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлау, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Серпілген сауал», «Ой қозғау», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Нақты жауап» «Интервью» ыстық орындық, кері байланыс.
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
Суреттер бойынша 3 топқа бөлу.
 Бағалау критерийлері:
•    Өз бетімен білім алуы;
•    Дербес жұмыс жасауы;
•    Жұпта жұмыс жасауы;
•    Практикалық білімі;
•    Информатикалық терминді пайдалану.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу
3 минут
Топқа бөлу, психологиялық ахуал
Сурет бойынша сұрақ қою
А) Оқушылар сурет бойынша өтетін тақырыпты айқындап алады.
«Серпілген сауал» ойыны
Өткен тақырып бойынша сұрақ қою Ә) Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап беру.
1. Кегль деген не?
2. Гарнитура деген не?
3. Қаріп деген не?
4. Қаріптің тізімде жоқ мөлшерін қалай орнатамыз?
5. Символдар кестесі қандай бұйрық көмегімен шақырылады?
6. Мәтінді қалай ерекшелейміз?
7. Х2 мәтінін теру үшін қандай батырманы басамыз?
8. Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?
9. Жанама мәзірді қалай шақырамыз?
«Ой қозғау»
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindi-formattaudyng-negizgi-tasilderi-qarip-abzacz-sheginis-aralyq-tizim
порталын көрсету. 1, 2, 3 жаттығуларды орындау. Өздеріне мысал келтірту.
Б) Жаңа  сабақ  бойынша  не  білетінін  айту.
В) Оқушылар мұғаліммен бірге тақырып бойынша жұмыс жасайды.
https://bilimland.kz/kk/#lesson=16357 білім беру порталындағы жаттығуларымен жұмыс істейді.
«Ойлан, жұптас, бөліс»
Түсіну
5 минут

Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіндік беру.
А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұптасып талдайды, топпен талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу. 
Ә) Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен жолақтың Басты-Абзац немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады. Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауға және қайта қоюға болады. Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр-Көрсету немесе жасыру-Сызғыш бұйрығы жауапты.
Түйін
• Мәтінді пішімдеу сызғышымен жолақтың Басты-Абзац тіркеме парағы немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.
• Жолдардың аралығы интервалмен реттеледі.
Пішімдеу сызғышын экранда бейнелеу үшін Түр-Көрсету немесе –жасыру-Сызғыш бұйрығы жауап береді.
Практикалық кезең
Қолдану
15  минут

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар.
Компьютермен жұмыс:
А деңгейі
«Вирус» құжатын ашыңдар.
1. Оны толықтырыңдар.
2. Мәтінді төменде ұсынылған түрде теріңдер. Түзеуге, азат жол шегіністеріне және әріптерге назар аударыңдар.
В деңгейі
1. Мәтінді үлгі бойынша теріңдер
1) √х12 + х22
2) Х1 Х2 + Х1 Х3 + Х2 Х3
3) mg cos a
4) 2R
5) b2 - 4ac
2. 2 және 4 жолдарды жасыл түсті Arial қаріпімен жаз.
3. Жолдардың арасын 1,5 интервал жаса.
С деңгейі
1. Мәтінді теріңдер
1 байт = 8 бит
1 Кбайт (бір килобайт) = 210 = 1024 байт (=1000 байт)
1 Мбайт (бір мегабайт) = 220 = 1048576 байт (=1млн. байт)
1 Гбайт (бір гигабайт) = 230 = 1073741824 байт (=1миллиард байт)
2. Бірінші абзацты қызыл түспен жаса.
3. Мәтін арасын 1,5 интервал жаса.
Нақты жауап
Талдау
6 минут

Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.
Тест
Сергіту сәті
3 минут
 
Интервью
Жинақтау
8 минут

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
1. Пішімдеу сызғышы не үшін керек?
2. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып-өшіруге болады?
3. Пішімдеу деген не?
4. Абзацты пішімдеудің сұхбаттық терезесін қалай шақырамыз?
5. Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?
6. Сөздердің түсін қалай өзгертеміз?
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
2 минут
Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қорытынды баға шығару Бағалау парағы бойынша бағалау. 
Үйге тапсырма беру 
2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Абзацтар, шегіністер және аралықтар тақырыбын оқып келу. Тест тапсыру.
Қосымша тапсырма:
https://e.edu.kz/ui/#/lcms/scorm/2153187118 кітапханадан «Мәтінді форматтаудың негізгі әдіс-тәсілдері» атты электрондық оқулығындағы №1, 2 жаттығу.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.
Рефлекция   /  1 минут 
Кері байланыс
Қате туралы хабарландыру