Алғышартты цикл

Утемуратова Акмарал Майрамбаевна
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Ы. Алтынсарин атындағы ОМ
399
Информатика
Тақырыбы:
Алғышартты цикл

Сабақ мақсаты

Content
objectives

- есептің алгоритмдік моделін алғышартты цикл арқылы құру;
- блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру;
- программалау тілінде алғышартты циклді пайдаланып есептер шығару.

Бағалау критерийлері

Evaluation criteria

- есептің алгоритмдік моделін алғышартты цикл арқылы құра алады;
- блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құра алады;
- программалау тілінде алғышартты циклді пайдаланып есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:
• Айнымалылар, алгоритмдік құрылым, циклдік алгоритм, блок-схема, программалық код, мәндерді тестілеу, алғышартты цикл;
• Variables, algorithmic structure, cyclic algorithm, block diagram, program code, testing of values, precondition cycle.

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
• Алгоритмдік құрылым түрлері...
• Цикл дегеніміз...
• Циклдік алгоритмдердің түрлері…
• Тапсырмаларды шешу үшін... 
• Тапсырмаларды тестілеу бұл...
• Блок-схема бұл...

Құндылықтарды дарыту 

Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыстар

Математика  

Бастапқы білім 

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема, сызықтық және тармақталу құрылымдары.

Сабақ барысы

 Сабақ кезеңдері Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

0-4 мин

Hello!! Good afternoon!
Have you done your homework?
The teacher will greet the learners and try to create a positive learning atmosphere: 
Let's begin our lesson by telling our expectations from this lesson
Миға шабуыл
Оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруді сұрау:
1. Цикл дегеніміз не? • What is a cycle?
2. Параметрлі цикл мен соңғышартты циклдердің бір-бірінен 2 айырмашылығын көрсетіңіз.
Жауаптарды талдау.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады.

Презентация

Сабақтың ортасы

 

1. Жаңа тақырыпқа кіріспе
WHILE операторындағы циклдің қайталану саны программаның жұмыс істеу барысында анқыталады. Яғни, қайталану саны алдын ала белгісіз болып отырады;

WHILE циклдік операторындағы DO түйінді сөзінен кейін; нүктелі үтір қойылмайды;

WHILE операторының программада жұмысын толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті түрде циклдің орындалуына қойылған шартқа байланысты ереже болуы тиісті;

егер шарт ең басында жалған болса, онда цикл денесінің орындалу ретінде WHILE мүлде орындалмауы мүмкін; 

ең соңғы ескерту бойынша WHILE циклі қарапайым әмбебап цикл болып саналады.

The number of repetitions of the loopback in the WHILE operator is detected during the program execution. That is, the number of repetitions is unknown;

After the keyword DO in the WHILE cyclic operator; no semicolons are set;

In order for the WHILE operator to fully execute the program, there must be a rule in the cycle body for the condition that the cycle is executed;

if the condition is false at the very beginning, WHILE can not be executed at all as the execution of the loop body;

The last note is that the WHILE cycle is a simple universal cycle.
Оқушылар жұпта өмірден алғышартты циклдік алгоритмдерге мысалдар келтіреді. Жауап беруге тиіс сұрақ: 
•    қашан тексеріледі?
•    қандай шарт?
•    қайталау саны алдын-ала белгілі ме?

2. Жаңа тақырып
Оқушыларға қандай жағдайда алғышартты циклді тиімді пайдалану керектігін көрсету. Жаңа тақырыпты есептің блок-схемасын құру арқылы 1 мысалмен талдау

3. Топтық жұмыс істеу 
Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ қайталану алгоритмдерінің ерекшеліктерін зерттейді:
1-топ: Параметрлі цикл
2-топ: Соңғышартты цикл
3-топ: Алғышартты цикл

Жұмыстарын сынып алдына шығарып, сұрақтарға жауап береді.

4. Жеке жұмыс
Оқушылар компьютерде тест тапсырмаларын орындайды.

Презентация
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/parametrli-cziklder-dejin-czikli-azirshe-czikli

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/parametrli-cziklder-dejin-czikli-azirshe-czikli

Сабақтың соңы

37-40 мин

5. Рефлексия
Сабақтың мақсатына оралу: 
• Не сәтті болды? 
• Не сәтсіз?

Презентация

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды.

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Қате туралы хабарландыру