Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру

Ордина Венера
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 2 мектеп-гимназия
1924
Информатика
Тақырыбы:
Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру

 

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушыларға WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Графикалық бейне, мәтін кірістіруді үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, мәтіндік құжаттарын графиктік бейнелер мен мәтіндермен безендіре білу дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес.

Әдісі

Практикалық.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, сурет.

Сабақтың көрнекілігі

компьютерлер, иллюстрациялық файлдар, интерактивті тақтаны пайдалану, презентация (PowerPoint-та дайындалған), bilimland.kz сайтында дайындалған электронды оқулық, үлестірмелі материал – жұмыс дәптері (әр оқушыға арналған).

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру. (2 мин).

2. Сабақтың өзектілігі. (6 мин).

3. Жаңа материалды меңгеру. (10 мин).

4. Сергіту сәті. (3 мин).

5. Жаңа тақырыпты қортындылау. (15 мин).

6. Жаңа тақырыпты бекіту. (5 мин).

7. Үйге тапсырма. (2 мин).

8. Бағалау. (2 мин)

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың кезеңі

 

1. Ұйымдастыру

 

Уа жараңдар, жараңдар.

Мына бізге қараңдар,

Мінекей бізде тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Информатика жайында,

Сабағымызды бастаймыз!

2. Сабақтың өзектілігі

 

«Өнеге» баспасы.

Мұғалім: Балалар! Бүгін бізде өзгеше сабақ: біз бүгін өзіміздің сыныбымызда емес, мектебіміздің ақпарат құралы «Өнеге» газетінің баспаханасындамыз. Сіздер MS Word-пен жұмыс істегенде парақ бетін безендіруді, әр түстермен жазуды меңгердіңіздер. Ал бүгінгі біздің мақсатымыз осы жазған мәтінімізге сурет қоюды үйренеміз.

Мұғалім: сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру». Әрқайсысың өз жұмыс дәптерлеріңізді алыңыздар және сабақ барысында біз сіздермен мынандай тапсырмаларды орындаймыз.

Мұғалім: бүгінгі жаңа тақырыбымызға кіріспестен бұрын парақты безендіруге керекті негізгі әрекеттерді есімізге түсіре кетейік.

Мұғалім: мәтіндік редакторда парақты безендіруде қандай әрекеттер жасауымыз керек еді?

Оқушылар: парақтың параметрлерін орналастыру мен түсін және жиектей білуіміз керек

Мұғалім: дұрыс, ал парақ параметрлерін қалай орнатамыз?

Мұғалім: балалар, өздеріңнің жұмыс дәптерлеріңе 1-ші тапсырманы орындаңыздар.

Мұғалім: ал парақтың түсін қалай қоямыз?

Мұғалім: 2-ші тапсырманы орындаймыз

Мұғалім: енді парақтың жиегін қалай жиектейміз?

Мұғалім: 3-ші тапсырманы орындаймыз

Мұғалім: алдын ала көру үшін қандай батырмаларды басамыз және түсті жазуды қалай жазамыз?

Мұғалім: 4-ші тапсырманы орындаймыз

Мұғалім: сонымен, парақ беттерін әшекейлеуді біз сіздермен еске түсірдік.

Ал енді мәтіндік редакторда суретті қалай кірістіруге болатынын үйренейік.

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру

Bilimland.kz сайтында дайындалған электронды оқулықты пайдаланып таныстыру.

 

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matinge-grafikalyq-obektiler-men-zhazulardy-qosu-komandalary (сілтеме)

Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру - 1

5 слайд. Суретті кірістіру.

Мәтіндік редакторда суретті кірістіру үшін мына алгоритм тізбегін орындайық

1. Қою – Сурет – Файлдан.

2. Суреттер жинағы қапшығы терезесінен, сақталған Суреттерді ашайық.

3. Өзімізге керекті суретті белгілеп, содан соң КІРІСТІРУ батырмасын басамыз.

Жұмыс дәптерлеріңіздегі 5-ші тапсырманы орындаймыз.

Жұмыс дәптерлеріңізге 6-шы тапсырманы орындаймыз.

4. Сергіту сәті

 

Мұғалім: біз біршама жұмыстар жасадық, енді бойымызды жазып алайық.

Орындарыңызда өз парталарыңыздың жанында тұрып менімен бірге мына қимылдарды қайталаңыздар.

Көзді дем алдыру жаттығулары.

Шаршағанда (арқа талғанда) орындайтын жаттығулар.

Мұғалім: балалар жұптарға бөлініп компьютерге отырыңыздар да, жұмыс дәптерлеріңізді алыңыздар. Бәріміз тақтаға қарайық, bilimland.kz сайтында берілген жаттығуларды орындайық.

Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру - 2

Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру - 3

5. Жаңа тақырыпты қортындылау

 

Біздің «Өнеге» баспамыздан «Алтын балық» ертегісінің сыртын безендіруге ТАПСЫРЫС түскен екен. Қараңыздаршы, біздің кітабымыздың сыртында не болу керек?

Оқушылар: Авторы, сурет.

Мұғалім: Сыртын безендіруге кірісеміз.

1. Word МР-ын ашамыз.

2. Беттің параметрлерін өзгертеміз

3. Өзіміздің парақ бетіне түс берейік

4. Парақ бетін жиектейік

5. Автордың аты-жөнін:

6. Кітаптың бетін түсті жазумен жазып, жиектейміз. Суретті сәл қисайтып, өлшемін өзгертеміз.

7. Алдын ала көру батырмасының көмегімен қалай орналасқанын көреміз. Не жетіспейді, әрине сурет керек.

8. Көрінісін қоямыз. (оқушылардың компьютерінде ертeгілерден сурет болуы керек).

9. Алдын ала көру батырмасының көмегімен қалай орналастырғанымызды көреміз. Суретті қозғалтып, өлшемін өзгертіп өзіміз қалаған жерге орналастырамыз.

10. Қарайық, не болды? Сырты дайын. Осы жұмысты ертегінің аты мен және өзіміздің сыныпты көрсетеміз.

6. Жаңа сабақты бекіту

Бәріміз тақтаға қарайық bilimland.kz сайтында берілген тест тапсырмасына жауап берейік.

Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру - 4

Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру - 5

7. Үйге тапсырма

Мұғалім: 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған құттықтау қағазының дизайнын жасап келу. Өз жұмыс орындарыңызды ретке келтіріңіздер.

8. Бағалау

 

 

Қате туралы хабарландыру