Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру

Мансур Болат Шәкіртұлы
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы, Болтай батыр орта мектебі
3328
Информатика
Тақырыбы:
Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру

 

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың жеке құжаттарына графикалық нысандарды және декоративті жазбаларды кіріктіре отырып, безендірілген құжаттар алу.

Күтілетін нәтиже

1. Сурет түрлерін ажырата алады;

2. Суреттерді құжатқа түрлі жолдармен кірістіреді;

3. WordArt декоративтік жазбаларды пайдаланады;

4. SmartArt суреттерін құжатқа кірістіреді;

5. Безендірілген жеке жұмыстарын қорғайды.

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақта,компьютерлер, үлестірме материалдар, электронды оқулық, https://bilimland.kz сайты.

Bilimland

Оқыту әдістері

Сөздік, практикалық, түсіндірмелі.

Әдіс-тәсілдері

ЖИГСО-1, СТО, диалогтық оқыту

Пайдаланылған модульдер

АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту, оқыту үшін балалау және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сәйкес білім беру, білім беруді басқару және көшбасшылық.

Оқыту формалары

Жеке, топтық, жұптық.

Пайдаланылған әдебиеттер

С.Т. Мұхамбетжанова, А.С.Тен «Информатика, 6 сынып» оқулығы, Б. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ», «Информатика негіздері» журналы.

Сабақтың барысы

а) Ұйымдастыру.

ә) Өткенді жаңғырту.

б) Қызығушылықты ояту (бейнеролик).

б) Мағынаны тану.

в) Ой қозғау.

г) Кері байланыс.

д) Үйге тапсырма.

Кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару, оқулық, дәптерлерінің толықтығын тексеру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Сабаққа дайындық жұмыстарын жүргізеді. Тілек тілейд.

Өткенді жадыда жаңғырту

3 мин

Оқушыларға анықтама жазылған қағаздар таратылады. Сәйкестендіріп, өткен білімдерін естеріне түсіртеді.

Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру - 1

Сәйкестендіру арқылы өткен тақырыптарды естеріне түсіреді.

Сәйкестендірілген қағаздар арқылы жұп құрайды.

Ережелерді тақтаға іледі.

Қызығушылықты ояту

3 мин

Bilimland.kz сайтынан видеожинақ бөліміндегі танымдық фильмдер бөлімінен «Сурет өнері дегеніміз не?» тақырыбындағы фильмді көрсетеміз. https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/suret-oneri-degenim-ne

Бейнефильмнен түсініктерін сұрақ арқылы сұрап, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Танымдық фильмді көреді. Сұрақтарға жауап береді.

Мағынаны тану

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

3 мин

2 мин

 

 

3 мин

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

3 мин

1. Тыңдалым:

Bilimland.kz сайтынан 6-сынып «Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру» электрондық оқулығындағы «Түсіндіру» бөлімін тыңдату.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matinge-grafikalyq-obektiler-men-zhazulardy-qosu-komandalary

 

2. Оқы (жеке) – талда (жұптық) – бөліс (топтық)

- «Оқы» - берілген мәтін бөліктерін оқу;

- «Талда» - жұптасып мәтінді талдау;  ЖИГСО әдісі.

- «Бөліс» - топта түсінікпен бөлісу.

Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру.

 

3. Постер жасап, қорғау.

І топ: «Жарнама» Берілген суреттерді пайдаланып постер жасату.

ІІ топ: «Журнал» Берілген суреттерді пайдаланып постер жасату.

4. Компьютермен жұмыс (әр оқушы компютерде жұмыс жасайды).

 

Тапсырма №1

Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру - 1


Тапсырма №2

Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру - 2

5. Сөздікпен жұмыс.

Кескін – Изображение – Picture

Ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну.

Сұхбат терезесі – Диалоговое окно – Dialog window

Графикалық пайдаланушы интерфейсінде пайдаланушыға ақпарат беретін және оның жауабын талап ететін интерфейстің арнайы элементі.

Суреттер топтамасы – Clip Art – Серия изображений

Презентацияға қойылатын суреттер топтамасы.

Электрондық оқулықтан тақырыпты өздері түсінеді.

 

 

«Мәтін» бөлімінен мәтін бөліктерін оқып, жұппен талдайды.

 

Топта алған түсініктерін бөліседі.

 

Топпен берілген тақырыптарға дайын суреттерді кірістіріп постер жасайды. Оны қорғайды.

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды жеке компьютерде орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа термин сөздермен танысып, дәптерлеріне жазу.

Сергіту

1 мин

Көз жаттығуларын жасату.

Көзге арналған жаттығуларды жасайды.

Ой қозғау

5 мин

Bilimland.kz сайтынан https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matinge-grafikalyq-obektiler-men-zhazulardy-qosu-komandalary электронды оқулықтан 1, 2, 3-жаттығуларды, тест жұмысын орындату.

 

Электронды оқулықты пайдаланып жаттығуларды, тест жұмысын орындайды.

Кері байланыс

2 мин

 

 

 

 

2 мин

«БҮҮ» кестесі таратады.

Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру - 3

Кері байланыс жасату.

«Екі жұлдыз, бір тілек».

«Жетістік жолы» арқылы сабақ соңында оқушының қай деңгейде сабақты меңгергендігін анықтау.

«БҮҮ» кестесін толтырады. Не үйренгенін, тағы не үйренгісі келетінін жазады.

 

Стикерге тілек пен ұсыныс жазады. Оны жетістік жолына іледі.

Бағалау

1 мин

Жинаған жетондары бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі

Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру - 4

Жинаған жетондары бойынша баға алады.

 

 

 

Үйге тапсырма

 

&4.13. Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру.

Құттықтау құрып келу, Ребус құрастыру.

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру