Калькулятордың жадысы

Қали Айжан Сағынбайқызы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп
2881
Информатика
Тақырыбы:
Калькулятордың жадысы

 
Сабақтың мақсаты Білімділік мәні: оқушыларға калькулятор программасының қызметі мен мүмкіндігін және калькулятормен қарапайым есептеулер шығаруды үйрету.
Дамытушылық мәні: практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалануды үйретіп, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік мәні: өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін шыңдау.
Нәтиже Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сабақта пайдаланылады. Калькулятормен танысады, қарапайым есептер шығарып үйренеді.
Түйінді идеялар Калькулятордың құрылымы. Калькулятордың маңызы мен міндеттері.
Сілтемелер 5-сынып оқулығы, стендтер, видеосабақтар, слайд,
Bilimland https://bilimland.kz порталы.
Әдіс-тәсілдері СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту.
Пәнаралық байланыс Математика.
Психологиялық дайындық «Ыстық алақан» арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Топқа бөлу Компьютер құрылғылары арқылы бөлу.
І кезең «Кім көп біледі» тапсырмалары.
«Кім көп біледі» тапсырмалары WORDPAD редакторының мүмкіндіктері қандай?
Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Терезенің негізгі элементтері қандай?
Мына пернелердің қызметін ата: «Enter», «Shift», «Caps Lock», «Backspace», «Delete».
Құжатты сақтау және ашу үшін қандай әрекеттер орындалады?
Мәтіндік редактор қалай аталады?
ІІ кезең  
Білу теориясы

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/kalkulyatormen-zhumys-isteu-tasilderi сілтемесі бойынша “Калькулятормен жұмыс істеу тәсілдері” видеосы көрсетіледі.
Мына төмендегі суреттердің тақырыбын жаз.

1. .....................................................................................................

Калькулятордың жадысы - 1
Түсіну теориясы

Калькулятор құрылғысы арқылы қандай амалдарды орындай аламыз?


1. .................................................................................................................
2. ..................................................................................................................
3. ..................................................................................................................
4. ..................................................................................................................

Талдау теориясы

Суреттерді пайдалана отырып, Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Калькулятордың жадысы - 2Калькулятордың жадысы - 3
Калькулятордың жадысы - 4
қарапайым калькулятор
инженерлік калькулятор

Жинақтау теориясы

Төмендегі кестені толтыр.

Калькулятор дегеніміз не?

Атқаратын қызметі және құрылымы қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Әріптерді кестедегі мәндерінің астына қойсаң, нақылсөз шығады:

80 13 13.6 41.58 3.4

Ұ

С

Т

А

З

11.1 0 1.19
Ұ Л Ы
 
13.6 80 0 100 41.58

 

Т

Ұ

Л

Ғ

А

!


Ұ : 4 = 20; Ұ = _____0.39 : С = 0.03; С = ___
Ғ : 20 = 5; Ғ = _____ Ы : 17 = 0.07; Ы = ____
Т : 4 = 3.4; Т = _____ Л: 875 = 0; Л = ____
А : 42 = 0.99; А = ____
9.99 : Ұ = 9; Ұ = _____
23.94 : З = 7; З = _____

 

Баға беру

Сен қалай ойлайсың?

1. Калькулятор қосымшасы не үшін керек?
.............................................................................................................


2. Бір мезетте калькулятор батырмасының бірнешеуін ашуға бола ма?
.....................................................................................................

 

ІІІ кезең Деңгейлік тапсырмалар орындап, балл жинау.

Білу теориясы

І топ. Оқушылар тапсырманы таратпа қағаз арқылы бөліп алып, компьютерде орындайды.


Калькулятордың жадысы - 5
Калькулятордың жадысы - 6

Түсіну теориясы

ІІ топ. Калькулятордың көмегімен есепте.

  І-деңгей ІІ-деңгей ІІІ-деңгей
1 4 алмада неше 1/3 үлес бар?
4*1/3
ж: Калькулятордың жадысы - 7
Сыныпта 28 оқушы бар. Олардың 16-сы 4-пен және 5-пен оқиды. Сыныптың сапа көрсеткішін табыңыз.
16*100:28
ж: % Калькулятордың жадысы - 8
Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд керек?
6*10:4
ж: секунд Калькулятордың жадысы - 9
2 71,33 - 16,8 / (3,080 + 1,12) = (-0,3 * 2,9 / (-0,1) + 10,25 ) / (-0,5) = (0,62 + 0,56 – 0,29) * (8,44 – 5,34)=
  І-деңгей ІІ-деңгей ІІІ-деңгей
1 Сыныптағы 28 оқушының 75 пайызы спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысқанды ұнатады?
28 * 75 %
ж: Калькулятордың жадысы - 10
1. 756,87+849,03;
2. 963-356;
3. 112* 67;
4. 456/ 3;
5. 64 санының квадрат түбірін табу;
6. 200 санының 10 пайызын табу.
Дұрыс жауабы: Калькулятордың жадысы - 11
Кітапханада 35000 кітап бар. Оның 22 пайызы әдеби кітаптар. Кітапханадағы әдеби кітаптардың саны қанша?
35000 * 22 %
ж: Калькулятордың жадысы - 12

Талдау теориясы

Дебат әдісі бойынша:

І топ ІІ топ
Калькулятордың пайдасы туралы ойтолғау Калькулятордың зияны

«Қолдану» практикасы

1. Калькулятор сөзі қай тілден шыққан?
    А) латын

    B) испан

    С) ағылшын

2. Мына батырмалардың “СЕ” және “С” қандай айырмашылығы бар?
    А) “СЕ” батырмасы соңғы ендірілген санды өшіреді, ал “С” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді.
    В) “СЕ” батырмасы мен “С” батырмасының айырмашылығы жоқ.
   C) “СЕ” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді, ал “С” батырмасы барлық ақпаратты өшіріп калькуляторды жаңа жұмысқа дайындайды.

3. Калькулятордың қандай түрлерін білесің?
    А) Қарапайым, инженерлік
    В) Статистикалық, тригонометриялық
    С) Мәтіндік, сандық

4. Сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі?
    А) калькулятор

    B) блокнот

    С) есепшот

5. Цифрлық қосымшаны қай перненің көмегімен енгіземіз?
    А) Delete

    B) Num Lock

    С) Shift

6. Memory Clear қандай қызмет атқарады?
    А) жадыны тазартады

    B) жадыны сақтайды

    С) жадыны өшіреді

7. Жеңіл, оңай есептеулерді қай режимде жүргізуге болады?
    А) барлығы дұрыс

    B) инженерлік

    С) қарапайым

8. Соңғы ендірілген санды қай перненің көмегімен өшіреді?
    А) Delete

    B) Enter

    С) Backspace

9. Memory Recall қандай қызмет атқарады?
    А) жадыны тазартады

    B) жадыдағы санды индикаторға шығарып жазады

    С) жадыны өшіреді

10. Memory Store қандай қызмет атқарады?
      1) Индикатордағы санды жадыға жазады.
      2) Индикатордағы санды жадыға сақтайды.
      3) Индикатордағы санды жадыда өшіреді.

Жинақтау теориясы

Сен қалай ойлайсың?


1. Бос ұяшықтарды толтыр.


Калькулятордың жадысы - 13

  1. Мен бүгінгі сабақта не білдім .......
2. Маған қызықты болды ........
3. Маған қиындық тудырған .......
4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде ............... пайдаланамын
5. Мені толғандырған .............

Қорытынды баға .............................................................................................
Үйге тапсырма Калькулятордың жадысы тақырыбын оқу, тексеру сұрақтарына жауап беру.
Калькуляторды пайдаланып бірнеше есептер шығарып келу.
Қате туралы хабарландыру