Кестелер. Кестелерді құру

Қойбағар Гүлжан Бүркітбайқызы
Атырау қаласы, №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия
3281
Информатика
Тақырыбы:
Кестелер. Кестелерді құру

 
Сабақтың мақсаты Кесте құруды үйрену.
Нәтиже • Кесте ұғымын түсінеді;
• Түрлі тәсілмен кесте құруды біледі;
• Кестеге деректерді енгізуді біледі;
• Кесте бойымен жылжуды біледі;
• Кестелерді түрлендіруді біледі.
Ресурстар Оқу есептеуіш техника кешені, интерактивтік тақта, слайдтар, жұмыс дәптері, А3 парақшалары, түрлі-түсті бояулар, тапсырмалар жазылған парақшалар, бағалау бетшесі, www.bilimland.kz.
Міндеттер Оқушылардың өзін-өзі оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
2 минут
Сынып оқушыларын түгендеу.
Сыныпты 3 топқа бөлу (түс таңдау арқылы)
Қызыл түс таңдағандар – сөзшең, қызба мінезді бірақ шынайылықты жақсы көреді екен.
Жасыл түс – жігерлі, табанды, мақсат қоя білетін жандар екен.
Сары түс – көңілді, сабырлы, білуге құштар жандардан тұратын топ екен.
Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріңді өздерін бағалайсыздар. Сондықтан бәріне бағалау парақшасын таратамын. Әр тапсырманы орындау барысында берілген критерий бойынша ұпайларыңызды қойып отырасыздар.
• Оқушылар сәлемдеседі.
• Сабақта жоқ оқушыларды айтады.
Түс таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
«Білу» үй тапсырмасын тексеру.
6 минут
«Лото» ойыны (сұрақ-жауап)
• Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
• Алын-ала қараудың негізгі қызметі қандай?
• Мәтінді бірнеше бағандарға бөліп жазу үшін қандай бұйрықтарды орындау керек?
• Мәтіндік процессорда тізімдердің қандай түрлерін қолдануға болады?
• Мына батырмалардың Кестелер. Кестелерді құру - 1, Кестелер. Кестелерді құру - 2 қызметтері қандай?
Сұрақтарға жауап береді.
Сұраққа жауап берген оқушы өзін-өзі бағалау парақшасына ұпайын қойып отырады.
Жауап берсе-1 ұпай.
Ребусты шешу арқылы тақырыпты шығару
Кестелер. Кестелерді құру - 3
«Түсіну» (12 мин)
Кестелер. Кестелерді құру - 3
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi
«Ойлан-топтас-талқыла» топтық жұмыс
1-топ
Кесте дегеніміз не?
2-топ
Кестені қалай құруға болады?
3-топ
Кестелерді безендіру қалай орындалады?
Ребусты шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығарады.

Түсіндірілім бөлімін тыңдайды.



Топпен бірлесе отырып жұмыс жасайды. Өздеріне берілген тапсырманы қорғайды.
Әр оқушы өз бағасын қояды.
«Қолдану»
13 минут
 
Жеке практикалық жұмыс

А деңгейі

- Өздеріңнің апталық сабақ кестелеріңді жазыңдар.
- Кестені безендіріңдер
- Кестені «Сабақ кестесі» деген атаумен сақтаңдар.
Сабақ кестесі
 
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
Математика Тарих Орыс әдебиеті Математика Дене шынықтыру Тарих
Орыс тілі Әдебиет Ағылшын Әдебиет Орыс тілі Биология
География Биология Математика География Математика Ағылшын
Қазақ тілі Математика Қазақ тілі Бейнелеу Қазақ тілі Математика
Дене шынықтыру Технология Дене шынықтыру Тарих Музыка Өзін-өзі тану
    Информатика      

В деңгейі
- Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын кесте құрып, толтырыңдар.
- Кестені безендіріңдер.
 
Менің достарым
 
Р/с Аты-жөні Телефон Сыныбы Мекен-жайы
1.        
2.        
3.        
4.        
5.        
Әр оқушы жеке практикалық жұмыс орындайды.

А деңгейінің тапсырмасы бойынша оқушылар 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құрып, сабақ кестесін жазады.

Кестені безендіріп, «Сабақ кестесі» деп сақтайды.
Оқушылар өз ұпайларын бағалау парақшасына жазады.

Тапсырманы толық орындаса -3 ұпай, толық емес болса, орындауына қарай - 1-2 ұпай.

В деңгейі тапсырмасы бойынша оқушылар кесте құрып, өз достары туралы мәлімет жазады. Кестені безендіреді. Кестені сақтайды.
Тапсырманы орындап болған оқушылар өз тобындағы оқушыларға көмектеседі.
Сергіту сәті «Тілектер бұрқасыны».
1 минут
Оқушыларға парақша беріледі. Бір-біріне тілек жазып, қар секілді домалақтап, лақтырады. Келесі оқушы алып оқиды. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
«Талдау». 4 минут.
Жаттығулар орындау.
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi
Кестелер. Кестелерді құру - 4       Кестелер. Кестелерді құру - 5
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi компьютерде 2-3 жаттығуды орындау.
«Жинақтау». 5 минут.
Тест тапсырмасын орындау. (дұрыс жауап 80-100% - 2 ұпай, 40-60% - 1 ұпай). https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/matindik-proczessorda-kestelerdi-quru-zhane-redakcziyalau-tasilderi
• Кері байланыс
• Бүгін мен білдім…
• Мен үйрендім...
• Қиындық тудырды...
• Қолымнан келді..
Компьютерде bilimland.kz сайтындағы тест тапсырмасын орындау.

Оқушылар өз ойларын жазады.
Бағалау 1 минут
Өзін-өзі бағалау парақшасы
Сыныбы Оқушының аты -жөні Лото ойыны
(0-1 ұпай)
Топтық жұмыс
(0-1ұпай)
А деңгейі
(0-3 ұпай)
В деңгейі
(0-3 ұпай)
Жаттығулар орындау
(0-2ұпай)
Тест (0-2 ұпай) барлығы
                 
                 
                 

10-12 ұпай - өте жақсы, жарайсың!
6-10 ұпай - жақсы, бұдан да жақсы қатыса аласын!
3-5ұпай - орташа, келесі сабақта жақсы қатысуға тырыс.
Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма 1 минут
§22 оқу. Өзіңді тексер! Тест тапсырмасын орындау. Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Қате туралы хабарландыру