Компьютерде денсаулыққа зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?

Бекмағанбетова Нұргүл Сарқытқызы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «№24 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
3096
Информатика
Тақырыбы:
Компьютерде денсаулыққа зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?

Сабақтың тақырыбы

Компьютерде денсаулыққа зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.4.1.1 – қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау.

 

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар біледі

– қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі және сақтайды;

Оқушылардың көпшілігі біледі:

– қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың себеп-салдарын анықтайды;

– «Қауіпсіздік ережесі» кілттік сөзін үш тілде айтады.

Кейбір оқушылар қабілетті:

– қауіпсіздік техника ережелерін бұзудағы туындаған себеп-салдар кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін біледі.

Бағалау критерийі

– қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

– қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды;

– қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың себеп-салдарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

– қауіпсіздік ережелері туралы біледі;

– ережелерді бұзудағы туындайтын себеп-салдармен таныс.

Пәндік лексика мен терминология:

Техника безопасности => Қауіпсіздік ережесі => Accident prevention

Көз жаттығулары => Гимнастика для глаз => Gymnastics for the eyes

Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер топтамасы:

Компьютерлік сыныпта... болмайды;

Компьютерде жұмыс кезінде... қажет;

Сіздер айта аласыздар ма, неге...

...үшін қандай әрекет орындау қажет.

Құндылықтарға баулу

Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету. Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі және орыс тілі – терминология арқылы

Қазақ тілі – баланың ойлау қабілетін және тілдік қорын байыту

Жаратылыстану – адам денсаулығы және тоқ көзі туралы жалпы түсінік

Алдыңғы білім

Ақпараттық технологиялар туралы түсінік.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

 

 

3 минут

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

2 минут

Амандасу, танысу; түгендеу.

– Сәлеметсіздер ме, балалар!  «Информатика» кабинетіне қош келдіңіздер!

Жағымды психологиялық ахуал тудыру. 

Тренинг: «Кездесу» ойыны.

Шарты: Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, сол баланың есімінің бірінші әрпіне қарай адами қасиетін айтады (М: А-ақылды; Б-білікті және т.с.с.)

«Мәңгілік ел» топқа бөлу. «Мәңгілік ел» тағбасы арқылы топтастыру. Ол төрт түстен тұрады: көк, қызыл, күлгін және сары. Топқа ат қою, мақсатын анықтау.

«Ойлан, тап!» әдісі. Сабақ басталар алдында әртүрлі техника қауіпсіздігіне байланысты бейнелер ИТ-да пайда болады.

– Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы, тұсаукесерден не көріп отырсыңдар? Мына бейнелерден сендерге таныс бейнелер бар ма?

– Дұрыс айтасыңдар, енді осы суреттерге қарап бүгінгі сабағымызға өз сөзімізбен тақырып және мақсат қояйықшы.

Тақырып: Қауіпсіздік ережелері.

Мақсаты: ТҚЕ туралы түсінік қалыптастыру. Себеп-салдарын анықтау.

Сабаққа белсене қатысып отырған топтарды «Көңіл күй» смайлигі арқылы бағалап, мадақтап отыру.

 

Тақта, тұсаукесер, көңілді әуен

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/qauipsizdik-texnikasynyng-erezhesi-zhane-zhumys-ornyn-ujymdastyru

лендд

техника қауіпсіздігі мен информатика кабинетіндегі тәртіп ережелері бойынша плакаттар

Сабақтың ортасы

2 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

5 минут

 

 

2 минут

 

 

 

 

7 минут

 

3 минут

 

 

1 минут

(С) Кіріспе сөз.

«Сұрақ-жауап» әдісі. Жалпы компьютер дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер? Кімнің тәжірибесі бар? Информатика сабағында біз сендермен нені үйренеміз?

(С) «СТО» әдісі. «Ойлану уақыты». Сендер заманауи құрылғыларды дұрыс қолданбаса, адам денсаулығына қауіп төндіретінгін білдіңдер ме?

Оқушылардың жауаптары «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

– Олай болса, заманауи құрылғыларды қолданар алдында ТҚЕ-ні біліп жүрейік.

(С) Жаңа тақырып. Компьютермен жұмыс барысында денсаулығымызға зиян келтірмес үшін келесі нұсқаулықтарға жүгінгеніміз абзал.

 информ

(С) Үштілділік.

Техника безопасности => Қауіпсіздік ережесі => Accident prevention

Көз жаттығулары => Гимнастика для глаз => Gymnastics for the eyes

(Т) Талда және түсіндір (Блум таксономиясы). Оқулықтың 7-бетіндегі тапсырмамен жұмыс. (Топтағы оқушылар өз жұмыстарының ұтымды жауабын көрсетеді.)

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізу. (Оқушылар өздерінің және басқа балалардың жауабын бағалайды.)

(ЖЖ, Т) Сәйкестендіру «Көршіңмен талқыла!». Сәйкесін тап. 8-беттегі 1-кесте бойынша алдымен жұппен, кейіннен топпен талқылаңдар.

«Жұлдызша» әдісі арқылы бағалау жүргізу. (Оқушылар өздерінің және басқа балалардың жауабын бағалайды.)

Сергіту сәті. «Мен қазақпын!»

Мақсаты. Оқушылар сабақ барысында белсенді қозғала алмағандықтан, бұл сергіту сәті жұмыс түрін алмастырады, оқушылардың көңілін аударады.

 (Ж) «Байланысын көрсет» (қалыптастырушы бағалау) тапсырмасы.

(С) Пікір айт (дереккөздерімен жұмыс). Оқулықтағы 10-бетпен жұмыс.

(С) Үйге тапсырма. Ережелерді жаттау. ТҚЕ-ға байланысты қосымша мәліметтер іздеп келу.

сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИТ, тұсаукесер (ТҚЕ байланысты бейнелер)

ИТ, тұсаукесер (Компьютермен жұмысқа байланысты бейнелер)

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/qauipsizdik-texnikasynyng-erezhesi-zhane-zhumys-ornyn-ujymdastyru

Постер, таратпа материалдар

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/qauipsizdik-texnikasynyng-erezhesi-zhane-zhumys-ornyn-ujymdastyru

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа қағаздар

Оқулық

Күнделік

Сабақтың соңы

 

3 минут

 

2 минут

 

2 минут

(Ж) Компьютермен жұмыс. «Біліміңді тексер!» Сурет пен сөздің байланысын тап.

«Көз жаттығулары» маңызды рөл атқарады. 

тех

Рефлексия

«Піл». Оқушыларға пілдің суретін салғызып, жинап алады. Суретке қарап талдайды (құлақ – жақсы тыңдады, көз – суреттен жақсы есте сақтайды...)

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/qauipsizdik-texnikasynyng-erezhesi-zhane-zhumys-ornyn-ujymdastyru

ИТ, тұсаукесер (Көз жаттығуларына байланысты бейнелер)

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?  

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері білім алушылардың деңгейлеріне байланысты жүзеге асырылады. Білім алушылар қауіпсіздік техника ережелерімен танысып, ереже сақтамау салдарынан туындайтын қауіп-қатерлер туралы мәліметтер алады. Білім алушылардың білім деңгейіне байланысты тапсырмалар орындату арқылы қарқынды жұмыс істеп, дереккөздерге жүгінеді. 

«Ойлан, тап!». ТҚЕ-ге байланысты суреттермен жұмыс барлық оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады.

«Ойлану уақыты» арқылы ортақ сұраққа жауап беру барысында кейбір оқушыларға нақты және жан-жақты көмек қажет болуы мүмкін. Сол үшін диалог және қолдау көрсету тәсілі көмек көрсетеді.

Талдыңыз және түсіндіріңіз (Блум) тапсырма-сы арқылы барлық оқушылардың өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады.

«Көршіңмен талқыла!» сәйкестендіру тапсырмасы барлық оқушылардың түсінігі мен дағдыларын арттырады.

«Байланысын көрсетіңіз» қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыруға өз үле-сін қосады. «Дереккөздермен жұмыс» тапсырмасы электронды дереккөздермен жұмыс жасау арқылы кейбір оқушылардың қабілеттілігін жетілдіреді.

«Біліміңді тексер!» компьютерлік тапсырмасы арқылы барлық оқушылардың ҚТЕ-ні қан-шалықты білгенін анықтауға мүмкіндік береді.

«Ойлан тап!» әдісін қолдану арқылы ТҚЕ-ге суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Топтарды шығармашылыққа баулу үшін «Көңіл күй» смайлигі арқылы;

«СТО» әдісімен қойылған ортақ сұраққа балалардың берген ұтымды жауаптары

«Бағдаршам» әдісі арқылы;

Талдыңыз және түсіндіріңіз (Блум) тапсырмасы оқушылардың топпен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді және оқушылардың ұйымшылдығын

«Бас бармақ» әдісі арқылы;

«Көршіңмен талқыла!» сәйкестендіру тапсырмасын «Жұлдызша» әдісімен;

«Піл» әдістері арқылы білім алушылардың сабаққа белсене қатысулары  бағаланады.

 

 

Сергіту сәті: «Мен қазақпын!»7

Мақсаты: Оқушылар сабақ барысында белсенді қозғала алмағандықтан, бұл сергіту сәті жұмыс түрін алмастыра-ды, оқушылардың көңілін аударады.

ҚТЕ тармақтары:

1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:

  • Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткаларға, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
  • Дербес компьютердiң жанына портфель, сумка, кiтап қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс:
  • Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
  • Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары:

  • Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
  • Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
  • Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
  • Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
  • Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет; Ø Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлу керек;
  • Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтынын бiлуi қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
  • Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтынын бiлу қажет. Оны әртүрлi материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Қате туралы хабарландыру