Тармақталу операторы

Шарапханова Бақытжамал
ОҚО, Отырар ауданы, Аққұм ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп
2954
Информатика
Тақырыбы:
Тармақталу операторы

 
Сабақ негізделген оқу мақсаты Тармақталған алгоритмдерді бағдарламалау және шартты операторлар арқылы бағдарлама құру.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
• Тармақталу алгоритмін біледі.
• Мысал келтіре алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Шартты операторлардың орындалу ретін біледі.
• Сабақтан алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
• Берілген есепке программа құра алады;
• Тармақталу алгоритміне есептер құрастыра алады.
Тілдік мақсат Оқушылар тақырыптың идеясын толық баяндап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер If, then, else, and, or.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер Талқылауға арналған сұрақтар:
• Шартты оператор қандай жағдайларда қолданылады?
• Шартты оператор нешеге бөлінеді?
Жазылым бойынша:
• Сіз осы тапсырманы қалай орындадыңыз?

 

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
а) Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
ә) Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектерін білдіру.
б) Оқушыларды бейджик арқылы екі топқа бөлу. Бейджикте жазылған есепке (өткен тақырып бойынша) меншіктеу операторын пайдалана отырып программа құру.
Рәміздердің суреттері.
Үй тапсырмасын сұрау
10 минут
Оқушылар слайдта берілген сұрақтарға жауап береді. Презентация.
5 минут Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын тармақталу алгоритмін еске түсіріп, тармақталу алгоритміне өмірде кездесетін шарттарға мысал келтіреді. Сол мысалды оқушылар ағылшын тілі пәніне аударып, ағылшын тілі пәні мұғалімімен біріге отырып термин сөздердің мағынасын ашады. 
Тармақталу операторы - 1
Тармақталу операторы - 2
Тармақталу операторы - 3
Презентация, сөздік.
Жаңа сабақ
10 минут
Мына сілтеме арқылы өтеміз:
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/#lesson=16432
Компьютер.
Сергіту сәті
1 минут
Информатика пәнінің термин сөздерінен құрастырылған мақал-мәтелдің негізгі түпнұсқасын табу. Слайд.
Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар
Жаңа сабақты бекіту
15 минут
Bilimland.kz сайтында берілген жаттығуларды орындайды. https://bilimland.kz/kk/#lesson=16432
1. Берілген программаның математикалық формуласын табу. Тармақталу операторы - 4
2. Тармақталу операторына bilimland.kz сайтында берілген тест тапсырмасын орындау.
https://bilimland.kz/kk/#lesson=16432
Презентациялар, кесте.
Аяқталуы
1 минут
Бағалау.
Сабақ барысында мұғалім әр тапсырманы орындау деңгейіне байланысты ұпай қойып отырады. Сол жинаған ұпай сандары арқылы оқушылар (топ басшысының бақылауымен) өздері бағалайды.
Бағалау парағы.
Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек әдісі. Оқушылар қолдарындағы жапсырма қағаздарға бүгінгі сабаққа қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазады. Жапсырма қағаздар.
Қате туралы хабарландыру