Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Дәулетова Сабина
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №26 орта мектеп
1794
Информатика
Тақырыбы:
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

 
Сабақтың мақсаты Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редактордың құралдарын пайдаланып жұмыс істеуді үйрете отырып, білімдерін арттыру. Үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі Түсіндірмелі, сұраулы.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері Сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс Бейнелеу өнері, геометрия.

Сабақтың көрнекілігі

Компьютерлер, интербелсенді тақта, тақырыпқа сай суреттер,
Bilimland https://bilimland.kz сайты.

Пайдаланылған әдебиеттер Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов «Информатика», 5-сынып.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды психологиялық дайындықтан өткізу.
Оқушыларды ортаға шығарып, екі шеңбер жасап, бір-бірімен сәлемдесу.
Күлім қағып қолымды,
Бір-екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сыйпайын,
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныңмен
Қолыңды бер қысайын,
Амандасып өзіңмен
Құшақтап бір қысайын.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Техникалық диктант

1. Paint  бұл _______________ графикалық редактор.
2. Paint графикалық редакторында негізгі _______түспен сурет салынады.
3. Paint графикалық редакторының жұмыс беті ______бөлімнен тұрады.
4 . Paint графикалық редакторы_________үшін қажет.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер - 1
Ребустың жауабы: «Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер».
Белгілеу немесе Ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:
- Алмасу буферіне қиып алу;
- Алмасу буферіне көшіру;
- Ағымдағы суреттің басқа жеріне апару;
- Берілген суреттің аумағында сурет аумағын көшіру;
- Оны сурет бойынша “көбейту”;
- Пішіні мен өлшемін өзгерту;
- Масштабын өзгерту, қисайту;
- Төңкеру және бұру;
- Түсін өзгерту;
- Жою – деп айтып өтемін.


2. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-aqparatty-ongdeu-pishimdeu-zhane-suretting-ozgerui қосып, “Түсіндіру” және “Мәтін” бөлімдерін оқиды.

IV. Практикалық тапсырмалар

1. Қызықты диктант.
1. Үлкен шеңбер салыңдар.
2. Осыған ұқсас бір-бірінен сәл кішілеу үш шеңбер салып үлкен шеңбердің ішіне бірінен соң бірін орналастырыңдар.
3. Шеңбердің ортасынан көлденең түзу сызық жүргізіңдер.
4. Шеңбердің түзу сызықтың астындағы бөлігін өшіріндер.
5. Доға пайда болды.
6. Доғаның жоғарғы жағынан бастап төменге қарай ортасы арқылы қисық сызық жүргізіңдер.
7. Салынған қисық сызықтың төменгі жағын сәл солға бұрыңдар. Сол кезде қандай сурет шықты (Қолшатыр)?


2. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-aqparatty-ongdeu-pishimdeu-zhane-suretting-ozgerui 1, 2, 3-жаттығуларды орындайды.

V. Сергіту сәті

- Алақанды уқалау;
- Қолды қысу;
- Білезіктен айналдыру;
- Көзді бірнеше рет жыпылықтату;
- Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса;
- Соншалықты айналым солға қарай жаса.

VI. Бекіту сұрақтары

1. Графикалық редактор деген не?
2. Графикалық редактордың құралдарын ата.
3. Масштаб құралын не үшін пайдаланамыз?
4. Суреттің үзіндісін жылжыту үшін қандай құралды пайдаланамыз?

VІІ. Сабақты қорытындылау
Рефлексия

«+; - ; қызықты» Оқушылар бір жағында (+) белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, келесі бетінде (-) белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алмағанын және қызықты болған мәліметтерді жазады. Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.

VІІІ. Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мен https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-aqparatty-ongdeu-pishimdeu-zhane-suretting-ozgerui жаттығуларын жылдам орындаған оқушылар бағаланады.
IX. Үйге тапсырма Графикалық редактор тарауын қайталау.
Қате туралы хабарландыру