Векторлық объектілермен қарапайым амалдар

Сақтағанова Асылгүл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №3 орта мектеп
2659
Информатика
Тақырыбы:
Векторлық объектілермен қарапайым амалдар

Мақсаты Оқушылардың фигураларды салу, векторлық объектілер мен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау салалары туралы білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі Компьютер, Macromedia FlashMX бағдарламалары, оқулық, интерактивті тақта, презентация, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың түрі Практикалық сабақ түрі.
Әдіс-тәсілдері Блум таксономиясы, СТО стратегиялары әдістері.
Ұйымдастыру 1) Оқушылармен амандасу;
2) Оқушыларды түгендеу;
3) Оқушыларды әдемі гүлдердің түстерін таңдау арқылы слайдттан сипаттамасын көрсетіп, психологиялық ахуал туғызу көмегімен ұйымдастыру;
4) Оқушыларды smart бейджиктердегі растрлық, векторлық, фракталдық бейнелер арқылы үш топқа бөлу.
Векторлық объектілермен қарапайым амалдар - 1
Үй тапсырмасын сұрау Компьютерлік графикаға байланысты адасқан әріптерден сөздерді табу.

- IFTF
- PEJG
- ГАУФРИ
- ҮЕНКТ
- NGP
- ИПКЬЛЕС
- ОРЕКДРАТ
- SDP
- WADRELOCR
- LHASF XM
- ҢДЕТЕУ
- SOPHHOTPO
 
Блум СТО стратегиясы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу Жуан-жіңішке сұрақтар 1. Векторлық графика дегеніміз не?
2. Қазіргі таңда танымал қандай векторлық редакторларды білесіңдер?
3. Бұл бағдарламалар күнделікті өмірде қай салада және үшін не үшін қолданылады?
4. Macromedia FlashMX бағдарламасында қандай фигуралар бар?
5. Тіктөртбұрышты қалай доғаға айналдыруға болады?
6. Түстік микшер тақтасы қайда орналасады?
7. Суреттерді қандай форматта сақтау керек?
8. Графикалық редакторларда фигураларға қандай амалдар қолдануға болады?
Оқушыларға сұрақтарға топ болып жауап береді.
Түсіну Не себепті?
Bilimland
Bilimland сайтынан видеоролик көрсету.
Неліктен векторлық обьектілерге түрлі амалдар қолдану керек?
Bilimland сайтынан видеоролик көрсету және сайттағы Macromedia FlashMX бағдарламасындағы Карандаш, Перо, Линия, Тіктөртбұрыш, Дөңгелек, Трансформация сияқты құрал-саймандармен жұмыс жасау жолдарын интерактивті тақтадан көрсетe.
Видеороликті көреді.
Қолдану Компьютермен жұмыс А-деңгейі.
Карандаш, Перо, Сызықтар арқылы суреттер салу.
Векторлық объектілермен қарапайым амалдар - 2
В деңгейі.
Дөңгелек және тіктөртбұрыш фигураларына көшіру. Бұрыштарын доғаға айналдыру арқылы және транцформациялау амалдары сияқты қарапайым амалдарды қолдана отырып гүлдердің суретін салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар - 3
С деңгейі.
Қазақстанның туын салу, шарлардың аспанға ұшуын бейнелеу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар - 4
Талдау Bilimland сайтындағы 3 жаттығуды орындау Жаттығуларды орындайды.
Жинақтау Тест тапсырмасы Kahot бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын беру. Смартфондарымен болмаса ноутбукпен Kahoot бағдарламасындағы тест тапсырмаларын орындайды.
Бағалау Қалай ойлайсың? Қалай ойлайсыңдар? Сіздің ойыңызша
Macromedia FlashMX бағдарламаcын күнделікті өмірде қолданады ма? Қолданса, қай салаларда?
Өз пікірлерін айтады.
Үйге тапсырма
Графика түрі Ерекшеліктері Өңдеу редакторлары
Растрлық графика    
Векторлық графика    

Macromedia Flash туралы қосымша мәлімет іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.
Кестені толтыру, қосымша мәлімет жинап келу.
Бағалау Критерийлер бойынша формативті бағалау Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау. Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны «5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
Рефлексия
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін қайықтың суреті салынған парақша таратады.
Векторлық объектілермен қарапайым амалдар - 5 Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз алған әсерлерін желкенді бояу арқылы көрсетеді.
Қате туралы хабарландыру