Күрделі функцияның туындысын табу

Асқарбекова Балымкүл Дайрашовна
Астана қаласы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей
5060
Алгебра
Тақырыбы:
Күрделі функцияның туындысын табу

 
Сілтеме Блум таксономиясы, оқулық.
Жалпы мақсаттар а) оқулық: оқушыларға күрделі функцияның туындысын табу ережелерін таныстыру, ережелерді қолдану тәртібін меңгерту, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын таныстыру, күрделі функцияның туындысын табу есептерін шешуді үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;
б) тәрбиелік: оқушыларды таза жазуға, ұқыптылыққа, көп еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері - Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін жазып бере алады;
- Дәрежелік функцияның формуласын қолдана біледі;
- Күрделі функцияның туындыларын таба алады;
- Есептер шығару кезінде осы жоғарыда айтылған білімдерді сабақтастырады.
Негізгі идеялар - Күрделі функцияның туындысын табу ережелерін қолдана отырып қарапайым дәрежелік функциялардың туындыларын анықтау;
- Уәжді ынталандыру, бірлесе отырып орындалатын жұмыстар негізінде материалды меңгеру, бір-біріне көмек беру;
- Өзіндік ойын айта білуге дағдыландыру.

 

Сабақтың барысы
 
 
  І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;
ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;
Оқушыларды 3 топқа бөлу және топ басшыларын таңдау. Топтық жұмысты бақылау, сұрақ-жауап сәтін ұйымдастыру, оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туғызу және тапсырмаларды талқылап, ортақ шешімге келуіне жағдай жасау.
ІІ.1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Интербелсенді тақтадан үйге берілген тапсырманың дұрыс жауабы беріледі. Жұптасып отырған оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмасып, экрандағы есептің дұрыс жауабымен салыстырады. Дұрыс жауапқа 1 балл қойып отырады. Мұғалім оқушылардың үй тапсырмасы бойынша жинаған ұпайларын оқып кетеді.
Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарының орындалуын тексеріп өтеді.
ІІ.2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту:
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/tuyndynyng-anyqtamasy
ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру.
Білу. Күрделі функцияны құрастыру ережесі:
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy
1-мысал: g(x)=x+1 f(x)=x2
1) y=f(g(x)) y=(x+1)2
2) y=g(f(x)) y=x2+1
Күрделі функцияның туындысын табу ережесі:
Y=f(g(x))
Y'=(g(x))'(f'(g(x))'
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy
2-мысал: Күрделі функцияның туындысын табу туындысын табыңыз.
Күрделі функцияның туындысын табу
Жалпы топтарға ортақ тапсырма Түсіну. Қарапайым функциялардың туындысын табуға арналған тапсырмаларды орындау.
Жалпы сыныппен жұмыс. Талантты балалардың белсенділіктері арқылы келесі есепті тақтада екі оқушыға орындату. Экраннан:
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy
5-жаттығуды орындайды.

№ 213. №214
Топтық жұмыс жүргізу Топтық жұмыс жүргізу. Бөлінген топтарда топ көшбасшысының басқаруы арқылы топпен жұмыс жүргізу.

№ 215
а) ә) б) есебін топтаса отырып орындату. Бірінші аяқтаған топтан оқушылар жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғап түсіндіреді.
Басқа топтар өз ойларын айтады.
1-тапсырма Синтездеу.
Топтарға сыни тұрғыдан ойланып, шешімдерін анықтауға берілген есептер:

№216 есептің a), ә), б) нұсқаcын топтаса отырып орындату.
Қиындықтар кездескен жағдайда бағыт-бағдар беру.
2-тапсырма Қолдану:
Топқа есептер: №217 а), ә), б) нұсқасын орындау, жұппен талқылау. Ойларды ортаға салу.
- жаттығуларды топ болып жұмыс дәптерлеріне орындау;
- бір-біріне сұрақ қою.
Қорыту IV. Сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
• Топ көшбасшысының бағалауы;
• Оқушылардың оқытуды бағалауы;
• Оқушыларға бағалар қою.
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/kurdeli-funkcziyanyng-tuyndysy
Үй тапсырмасы ІІ тарау, §16, №218, 219.
Қате туралы хабарландыру