«КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕР» АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФЕРАТЫ

Алдабергенова Айгуль Оналбековна
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
362
Алгебра
Тақырыбы:
«КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕР» АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФЕРАТЫ

Оқыту бағдарламаларының ішінде ең көп таралғаны – жаттықтырушы-бағдарламалар. Жаттықтырушы-бағдарламалар оқып-үйренген материалдарды пысықтау, білімдегі олқылықтарды жою, бір типті әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылады. Жаттықтырушы-бағдарламаларда жіберілетін типтік қателердің егжей-тегжейлі түсіндірмесі беріледі, есептің шешімін талдау жүргізіледі; сөйтіп, оқушылар ондай бағдарламалармен қызыға отырып жұмыс істейді. Бұл бағдарламаларды теориялық материалды оқып-үйренгеннен кейін, сол сияқты оқушыларды өз  бетінше жұмыс істеуге (бақылау жұмысына) дайындау кезінде пайдалануға болады.

Көптеген жаттықтырушы-бағдарламалар компьютердің оқушымен сұхбаты принципі бойынша жасалған. «КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕР» автоматтандырылған оқыту жүйесі (АОЖ) осы принципке негізделген. АОЖ бір модульге біріктірілген бес жаттықтырушы-бағдарламадан, функция графигін тұрғызуға арналған демонстрациялық бағдарламадан және тест бағдарламасынан тұрады. Әрбір бағдарлама берілген тақырып бойынша білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға арналған.  Оқушының бағдарламамен жұмысы Start.exe () файлын іске қосу арқылы жүзеге асады. Бағдарламаның алғашқы терезесі (1-сурет)  ашылғаннан кейін 2-суреттегі терезе ашылады.

 

1- сурет. Бағдарламаның алғашқы терезесі

2-сурет. Модульдерді таңдау терезесі

 

Оқушы қажетті тақырыпты таңдағаннан кейін оған ең алдымен тақырыпқа сәйкес оқу материалы ұсынылады (3-сурет).

 

3 сурет – Оқу материалын ұсыну терезесі

 

Оқу материалының төменгі жағында тапсырмаларға өту батырмалары орналасқан. Оқушы осы батырмаларды шерткен кезде оған тапсырмалармен жұмыс істеуге арналған мәтін және аудио-бейне файл  түріндегі нұсқаулық кадр ұсынылады (4-сурет).

 

4 сурет – Нұсқаулық кадр терезесі

 Егер оқушыға әдістемелік нұсқаумен танысу қажет емес болса, онда ол бірден «тапсырмаға өту»  батырмасын шертіп тапсырманы орындауға көшуіне болады. Әрбір тақырыпта мұғалімнің енгізген тапсырмаларының саны беріледі. Тапсырмалардың санын немесе тапсырмалардың өзін мұғалім кез келген уақытта өзгерте алады.

Компьютер сұрақты экранға шығарады, сонда егер бағдарламада жауапты ерікті түрде енгізу қарастырылған болса, оқушы пернетақтадан осы сұрақтың жауабын тереді, немесе егер бағдарлама бірнеше жауаптардың ішінен бірнешеуін таңдауға негізделген болса, онда оқушы өзі дұрыс деп шешкен жауаптарды таңдайды. Егер нәтиже дұрыс болса, тексеру батырмасын басқаннан кейін экранда сәйкес түрде компьютердің «дұрыс», «жарайсың»,  «жауап дұрыс» сияқты әрекеті пайда болады, сонымен бірге келесі сұрақ немесе көмек беріледі (5-сурет).

 

5 сурет – Оқушының дұрыс жауабына берілген әрекет

 Егер оқушының енгізген (немесе таңдаған) жауабы дұрыс емес болса, онда экранға көмекті ұсынуға арналған хабарлама шығады (6-сурет).

6 сурет – Оқушыға көмекті ұсыну әрекеті

 

Экранда пайда болатын хабарламаны шерту арқылы оқушы қажетті көмекті алады. Егер қате болмашы болса, онда оқушыға сәйкес түрдегі нұсқаулар беріліп (7-сурет), тапсырманы тағы бір рет қайта орындау ұсынылады, ал қате әжептәуір болса – қатенің талдамасы беріліп, оқушыға тапсырманы қайта орындау ұсынылады (8-сурет).

7 cурет – Оқушыға берілетін көмек түрі

 

8 сурет – Оқушыға берілетін көмек түрі

Кейбір оқушылар материалды жеңіл меңгереді, ал кейбіреулеріне  қосымша түсіндірмелер, олардың қате жауаптарын түсіндіру қажет болады. Бағдарламада енгізілетін жауап түріне байланысты арналып таңдалынатын есептің бірнеше типі ескерілген.

Бағдарламаны жазу кезінде алдымен ұсынылған есепті дұрыс шешетін оқушылар жылжуы мүмкін болатындай бағдарламаның негізгі алгоритмі құрылады. Одан кейін әрбір ұсынылған есеп бойынша оқушы дұрыс жауап алу үшін қандай жол жүру керектігі және сол кезде оның қандай қателер жіберетіндігі анықталады. Сөйтіп, оқушының әрбір есепке деген мүмкін жауаптары тұжырымдалады. Күрделі есепті шешу кезеңдері бойынша бағдарламалаған жөн. Жауаптың нұсқалары ретінде «көмек» және «кеңес» деген жауаптарды қай кезде қолдану керектігін қарастыру керек.

Жіберілген қатеге байланысты бағдарламаның әрі қарай тармақталуы іске асады. Егер болмашы қате (мысалы, таңбаны көрсеткендегі қате) кетсе, онда қажетті нұсқауларды ескеру жеткілікті және оқушыны оқытуды негізгі алгоритм бойынша жалғастыруға болады. Егер материалды дұрыс меңгермегендігін білдіретін қате кетсе, онда оған толық түсіндірме беріледі, есептің дұрыс шығарылу жолы көрсетіледі.

Жаттықтырушы-бағдарламалар нашар үлгеретін оқушылармен жұмыс істеуде тиімділік көрсетеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл бағдарламалар білімді бекіту кезеңінде оқу жұмысының біліктілігін қалыптастыру құралы ретінде, сол сияқты білімдегі орын алған олқылықтарды жоюда жиі пайдаланылады.

Материалды жүктеу: сілтеме

Қате туралы хабарландыру