Параллель проекциялау. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіні

Макажанова Зауре Бақтығалиева
Тараз қаласы, № 6 жалпы білім беретін орта мектеп
7476
Геометрия
Тақырыбы:
Параллель проекциялау. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіні

 
Оқыту мақсаты Кеңістік дегеніміз не екенін және фигураларды проекциялауды түсінеді, біледі.
Оқыту мақсаты/ Күтілетін нәтижелер Барлығы: параллель проекциялауды және қасиеттерін біледі.
Көпшілігі: параллель проекциялаудың теоремасын дәлелдей біледі.
Кейбіреулері: есеп шешуде теоремасы мен дәлелдеуін қолдана алады.
Тілдік мақсат Термин сөздердің мағынасын біледі.
Алдынғы (бұрынғы) оқыту Параллельдік белгілерді, жазықтықтардың параллелдігі.

 

Сабақ жоспары

 

Жоспарлау уақыты Жопарланған іс-әрекеттер Бағалау Ресурстар
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеттері
Кіріспе
2 минут
1. Ұйымдастыру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңбері. Мұғаліммен сәлемдесу. Мадақтау. И. Бекбоев. Геометрия. 10 сынып. «Мектеп» 2014 ж.

Негізгі бөлім
Білу

Өткенді еске түсіру
10 минут







Түсіну


Жаңа сабақ
10 минут



Сергіту
3 минут

Қолдану
10 минут

Талдау
5 минут


2 минут


1 минут

Үй тапсырмасының тексеру.
Теорема, анықтамалар ауызша сұралады және теорема тақтада дәлелденеді.
a) Жазықтықтың кез келген нүктесі арқылы берілген түзуге параллель бірнеше түзу жүргізуге болады.
b) Егер екі параллель түзудің бірі жазықтықты қиып өтсе, онда ол екінші жазықтықты да қиып өтеді.
c) Кеңістіктегі екі қиылыспайтын түзу параллель болады.
d) Егер екі түзу бір жазықтыққа параллель болса, онда олар бір-біріне параллель.
e) Егер екі параллель жазықтықты екі параллель түзу қиып өтсе және осы түзулердің бойында жазықтықтардың арасында жататын кесінділер өзара тең болса, онда жазықтықтар параллель болады.

Презентацияның көмегімен центрлік проекция; параллель проекциялау; тік және көлбеу проекциялау; параллель проекциялаудың қасиеттерін түсіндіру.

Сергіту сәті.

Жұппен есеп шығару. Оқулықтағы №8 - №9 есептер.

Сабақты бекіту. Қорытынды сұрақтарды қою арқылы теорема қайталанады.

Үйге тапсырма (орындалу реті түсіндіріледі).

Бағалау.

Үй жұмысын ауызша айтады және тақтада дәлелдейді.









Жұптасып тапсырма орындайды.


Ауызша жауап береді.


Күнделікке жазып алады.
Мадақтау.










Смайлик.


Мадақтау.
Презентация, тақта, бор.
https://bilimland.kz/
Bilimland
Жинақтау
2 минут
Рефлексия.
«Нысана» кері байланыс.
Рефлексия бойынша оқушылар өз ойларын эмоция арқылы білдіреді.    

Қосымша ақпараттар

Дифференциация
Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?
- Жекелеген оқушыларға түсініксіз сұрағын түсіндіру арқылы.
Дағдысы анағұрлым қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?
- Күрделенген тапсырмалар беремін.
Бағалау – қатысушылардың білімін/прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз?
(ақпаратты қорытындылау/бағалау идеясы)
Пәнаралық байланыс.
Рефлексия
Оқыту/сабақтың мақсаттарына жете алдыңыз ба?
Бүгін қатысушылар нені үйренді?
Оқытуда атмосфера қалай болды?
Менің дифференцирленген әдіс-тәсілдерім жұмыс барысында қаншалықты орындалды?
Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?
Бұл орынды өз сабағыңыз бойынша бақылау барысын жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сұрақтарға жауап бере өз сабағыңыз бойынша жазыңыз.
 
Қорытынды бағалау.
Сәтті болған екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту):
1. https://bilimland.kz/ видео көрсетілім және тапсырмалар
2. Жұппен жұмыс.
Сабақты жақсартуға мүмкін болатын екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту):
1. Топтар орын ауыстырып бір-біріне түсіндіру.
2. Сынып/аудитория жайында қандай жаналық білдім, сонымен қатар жеке қатысушылар туралы не білдім, менің келесі сабақты өткізуіме осы аталғандар қалай әсер етеді/қалай көрініс табады?
Қате туралы хабарландыру