Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару

Мұқанова Ризвангүл
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
9363
Геометрия
Тақырыбы:
Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару

 

Сабақтың мақсаты

- санның бөлігін таба білуге және бөлігі бойынша санды таба білуге үйрету;

- санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері

- оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;

- танымдық белсенділіктерін арттыру, алған білімін тәжірибеде қолданып, нәтижесін қорытындылай алу, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.

Сабақ түрі

Есеп шығару.

Модульдер

АКТ, СТОү, ТжДОЖ, диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілдер

Проблемалық оқыту, жұптық, топтық.

Дереккөздер

Оқулық, Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов, «Математика», 5-сынып, дидактикалық материалдар, интербелсенді тақта, стикер, маркерлер, бағалау парағы.

Оқыту нәтижесі

Сын тұрғыдан ойлау арқылы «Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табу» тақырыбының мазмұнын меңгерді, топтық диалогта өз ойын еркін жеткізіп, ортақ шешім шығаруға үйренді, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу анықтамаларын қолданып есептер шығара алады.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

4 мин

СТОү, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОЖЕСО.

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады.

«Талапты ерге нұр жауар».

Мен білемін...

1. Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз және бөлеміз?

2. Жай бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеміз және бөлеміз?

3. Аралас санды жай бөлшекке қалай көбейтеміз және бөлеміз?

4. Аралас санды аралас санға қалай көбейтеміз және бөлеміз?

5. Аралас санды натурал санға қалай көбейтеміз және бөлеміз?

Үйге берілген тапсырманы пысықтап талдау.

Оқушылар үш топқа бөлінеді және тақырыпқа шығады, мақсатын қояды.

Өздерін бағалайды.

Түсіну

 

8 мин

АКТ, СТОү, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық.

«Еңбек».

Санның бөлігін табуға есеп беру.

Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару - 1

Анықтама. Санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейту керек.

Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару - 2

Анықтама. Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.

Оқулық. Т.А. Е.С. Алдамұратова, Байшоланов, «Математика», 5-сынып.

Оқушылар есеп қай тақырыпқа берілгенін анықтап, сәйкес ережені айтады.

Диалогқа түседі, өздеріне деген сенімдері артады
 

Жұптық жұмыс жасайды.

Әр оқушы барлық тапсырмаларды орындайды, тапсырма шартын қанағаттандырады.

Өздерін бағалайды.

Қолдану

 

12 мин

АКТ, оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

«Терең ой». 

Ойсыздан ою шықпайды...

 

Топтық жұмыс.

Үш топқа 3 есеп беріледі. (қосымша мәтінді есеп)

№1. Мыс пен күміс қорытпасының салмағы 330 грамм. Мұндағы мыстың салмағы қорытпаның салмағының (frac{5}{33})бөлігіндей болса, олардың әрқайсысы қанша грамнан?

 

№2. Қарлығаштың ұшу жылдамдығы минутына 1600 метр, қараторғайдың жылдамдығы оның (frac{3}{4})бөлігіндей, ал қаршығаның жылдамдығы (frac{7}{16})бөлігіндей. Қараторғай мен қаршығаның ұшу жылдамдығын табыңдар?

 

№3. Қапта 46 кг картоп бар. Бірінші күні картоптың (frac{10}{23})-ы, екінші күні қалғанының (frac{5}{13})-і жұмсалды.

Әр күні қанша килограмм картоп жұмсалды?

 

Сергіту сәті.

«Ойнайық та, ойлайық ...»

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

2. Олар қандай баға алды?

Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын сұрағанда, мұғалім:

– Ешкім жаман баға алған жоқ, бірақ әркімнің бағасы әртүрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те, «5»-те емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?

Әр топ тапсырмаларды орындайды, тапсырма шартын қанағаттандырады. Тақтада постер қорғайды.

 

Өздерін бағалайды.

 

Жауабы:

№1.

Мыс – 50 г, күміс – 280 г.

 

№2.

Қараторғай – 1200 м/мин, қаршыға – 700 м/мин.

 

№3.

Бірінші күні – 20 кг,

Екінші күні – 10 кг.

 

Талдау

 

8 мин

ДжТОЖ, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқулықпен жұмыс. №1192, №1194, 1195 әр топқа есеп беріледі, шешуі тақтада тексеріледі.

Тарихи мәлімет.

Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару - 3

Алған білімдерін негізге ала отырып, есеп шартын қанағаттандыру мақсатында түйін жасайды.

Өздерін бағалайды.

 

Жинақтау

 

8 мин

АКТ, ДжТОЖ, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Барлығына ортақ тапсырма беремін.

Санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару - 4

Bilimland.kz.

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/raczional-sandar/ulester-zhai-bolshekter/lesson/sannyng-boligin-tabu-zhane-boligi-boi-ynsha-sandy-tabu

Тапсырманы орындау арқылы тақырып бойынша білімдерін жинақтайды.

Өздерін бағалайды.

 

Оқулықтағы ұқсас тапсырманы талдау.

 

Бағалау

 

Рефлексия

 

5 мин

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

«Қанағат».

Қанағат қарын тойғызады.

Сабақ барысындағы жұмыстарына тұжырым жасап, өздерінің жұмысын бағалауға бағыттау.

Үйге тапсырма: №1196, 1198 /талдау-пысықтау/.

Қорытындылау.

Әр оқушы /әр топ/ өз жұмысын бағалайды, пікірлерін дәлелдейді.

 

 

 

Қате туралы хабарландыру