Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Исмаилова Ақмарал Мұхамедқызы
Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ
2753
Математика
Тақырыбы:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

6.2.2.2 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;
6.2.2.3 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу.

Сабақ мақсаттары

  • Теңдеу, теңдеудің түбірі ұғымдaрымен таныстыру;
  • Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын меңгерту.

Жетістік критерийлері

  • Теңдеу, теңдеудің түбірі ұғымдaрымен танысады;
  • Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын меңгереді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Теңдеу, айнымалы, теңестіру, тепе-теңдік, белгісіз, шешім, шексіз көп шешім, шешімі  жоқ, оң жақ, сол жақ, оң және теріс таңбалар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бірінші, таңбалар ережесін және жақшаларды ашу ережесін сақтау;

Екінші, теңдеу, теңдеу шешіміне байланысты ережелерге көңіл аудару;

Үшінші, теңдеудің сол  жақ  бөлігі мен оң жақ бөлігіндегі белгісіздерді сол  жаққа, бос мүшелерді оң жаққа өткізе отырып шешу;

Төртінші, теңдеуді шеше отырып теңдеудің  неше шешімі бар немесе шешімі жоқ екенін анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізу.

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларда өз бетімен  жұмыс істеу мәдениетін дамыту,  ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау.
  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет көрсету.
  • Оқылатын материалға сыни тұрғыда қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, биология, физика.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Бейне жазбалар, презентация, bilimland.kz, itest.kz.

Бастапқы білім

Қарапайым теңдеулер, 5-сынып

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

 

 

 

 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушыларды түгендеу, кезекшіні сайлау, сынып тазалығын қадағалу.

2) Үйге берілген тапсырманы талқылау, тексеру.

2. Миға шабуыл.

Өткен сабақта өтілген тақырыпты пысықтау үшін сұрақтарға жауап береді, сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды:

  • c(a+b) түріндегі жақшаларды ашу кезін қалай орындаймыз?
  • −(a+b) түріндегі жақшаларды ашу кезінде жақша алдындағы теріс таңбаны -1 түрінде жазуға болады, сонда жазылымы қандай үлгіде болады?

исмайлова

 

билимленд

https://bilimland.kz/kk#

lesson=10583

 

 

Негізгі бөлім

 

Жаңа сабақ

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарихқа шолу

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты бекіту

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау

12 минут

3. Жаңа сабақ.

1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды. Теңдеуді шешу дегеніміз –  оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдеудің түбірі деп аталады.

x+1=3,−x+3=2, 4x+2=5 және y−1=1 теңдеуі бір айнымалысы бар теңдеулердің мысалы болады.

Теңдеудің:

Тек бір ғана шешімі болуы мүмкін. Мысалы, x+3=7 теңдеудің 4-ке тең тек бір ғана шешімі болады;

Бірнеше шешімі болуы мүмкін. Мысалы, x2 = 9 теңдеудің екі шешімі бар, олар 3 және -3 сандары;

Шексіз шешімдер саны болуы мүмкін. Мысалы, кез келген сан x+1=x+1 теңдеудің шешімі бола алады, себебі, теңдеудің сол және оң жақтары әр уақытта тең.

Шешімі жоқ болуы мүмкін. Мысалы, x+1=x+3 теңдеудің шешімі жоқ, себебі оң жағы әр уақытта сол жағынан екіге үлкен болады.

Теңдеу туралы тарихи мәліметтер

кардано

Джероламо Кардано (1501–1576) – италияндық физик және математик. Квадрат және кубтық теңдеулер туралы жалпы теорияның негізін салушы.

Кардано медицина саласындағы жұмыстары мен емдеудің инновациялық техникаларымен танымал. Түрлі тақырыпта 200-нан аса еңбегі бар.

региомонтан

Региомонтан (1436–1476) – неміс математигі, астрономы және астрологы, ең алғашқы баспаханашылардың бірі. Еуропадағы ең бірінші обсерваторияны ашқан. Күнтізбе реформасына қатысқан.

жәутіков

Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков (1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика-физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков  – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі.

 

2) Жаңа сабаққа байланысты зерттеу жұмысы. Тәжірибелік жұмыс орындату.

bcvfqkjdf

 

исмайлова

 

исмайлова

 

3) Тақырыпқа байланысты тест тапсырмасын орындау.

исмайлова

https://bilimland.kz/kk#

esson=10065

 

 

 

 

 

айтест

https://itest.kz/kz/lekciya_

bir_ajnymalysy_bar_

syzyqtyq_tengdeu

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk#

esson=10065

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

https://bilimland.kz/kk#

lesson=10065

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://itest.kz/kz/exam_

test?test_id=359578976

Бағалау

2 минут

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

9-10 ұпай жинағанға – "5.

7-8  ұпай – "4.

6-5 ұпай – 3.

5-тен  төмен – 2.

 

«Плюс, Минус, Қызықты»

кери байл

Үйге тапсырма: №865; 866.

Кеспе парақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Зерттеу жұмысының жауаптары

3

 

1

 

2

 

4

Қате туралы хабарландыру