Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу

Cарин Тимур
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Шұбарқұдық гимназиясы
4163
Математика
Тақырыбы:
Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу

 
 
Сабақтың мақсаты Білімділік оқушыларға көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуді меңгерту, топтау тәсілін практикада қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын, математикалық және функционалдық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетімен және топпен жұмыстануға үйрету, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі Бейне материалдар, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдіс-тәсілдері Түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, СТО.
Сабақтың типі Жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс Информатика.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу, сынып тазалығы.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу (түрлі-түсті қағаздан жасалған көбелектерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Топқа көбелектер арқылы ұпай жинау арқылы бағаланатындығын ескерту).
ІІ. Өткенді қайталау Көпмүшелерді көбейту тақырын қайталау мақсатында бейнематериалды көрсету.
Сілтеме: Bilimlandhttps://bilimland.kz/upload/content/lesson/10068/media/54890377e641cb565b3f2005d3c51009/resources/6356363109203968.mp4

w(x)=3x3+2x2-4x+6
u(x)=6x5+x3-2x2+4x-1

w(x)+u(x)
=(3x3+22-4x+6)+(6x5+x3-2x2+4x-1)
=6x5+3x3+x3+2x2-2x2-4x+4x+6-1
=6x5+4x3+5

Көпмүшенің дәрежесі (w+u)=5

ІІІ. Жаңа сабақ Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тәсіліне мысалдар келтіру.

1-мысал: ac – bc + ad – bd = (ac–bc)+(ad–bd) = c(a–b)+d(a–b) = (a–b)(c+d)

2-мысал: x2 + 8x + 15 = x2 + 5x + 3x + 15 = x(x+5) + 3(x+5) = (x+5)(x+3)

Сілтеме: https://bilimland.kz/upload/content/lesson/11178/media/a5d36830ad6351465960a59cc9f8fb2a/pages/../resources/5460901678284800.mp4
Жеке оқулықпен жұмыс: №332-38 есептер.
Топпен орындауға арналған тапсырма.

№1. 3x3 + x + x3 көпмүшесі берілген.
1. Стандарт түрде жазыңыз.
2. Көпмүшенің дәрежесін анықтаңыз.
3. Көбейткіштерге жіктеңіз.
4. 6-ға бөлінетіндігін дәлелдеңіз.
5. x = -1 болғандағы мән неге тең?

№2. (x + 4)(x + 3)–(x+6)(x–2) көпмүшесі берілген.
1. Өрнекті ықшамдаңыз.
2. Стандарт түрде жазыңыз.
3. Көпмүшенің дәрежесін анықтаңыз.
4. 3-ға бөлінетіндігін дәлелдеңіз.
5. x = -8 болғандағы мән неге тең?

Топқа арналған тапсырмалар.
Тест тапсырмасы: http://itest.kz/exam_test?test_id=864160266
Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу - 1
Сабақты қорыту Топ басшыларына арналған тапсырма. Сәйкестікті орнату:
x(x–1) + 2y3(x – 1) (x + 2y3)(x – 1)
(y3–1)(x–2) xy3 – 2y3 – x + 2
y2 + 7xy + 12x2 (y + 3x)(4x + y)
y2 + xy – x2 – yx y2 – x2
Үйге тапсырма №340-341 есептер.
Рефлексия Блоб ағашы. Оқушылар бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендігін блоб ағашы арқылы көрсетіп, өздеріне баға береді.
Бағалау Оқушыларды жинаған көбелектерінің саны арқылы бағалау.
Қате туралы хабарландыру