Қысқаша көбейту формулаларын қолданып өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

Парманова Сандуғаш
Астана қаласы, №66 мектеп-лицей
5924
Математика
Тақырыбы:
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

 
Негізгі түйінді идея Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып өрнектерді теңбе-тең түрлендіру.
Оқу мақсаты Қысқаша көбейту формулаларын біледі, сатылап талдай алады, өрнектерді тепе-тең түрлендіре алады.
Тілдік мақсат Қысқаша көбейту формулаларын үш тілде айтулары қажет.
АКТ Интер-белсенді тақта, BILIMLAND ресурсы, таратпа қағаздар, постер, СКТ-таратпалары.
Пәнаралық байланыс Геометрия, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, география.
Жетістік (табыс) критерийлері
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
Қысқаша көбейту формулаларын біледі, сатылап талдай алады. Қысқаша көбейту формулаларын біледі, сатылап талдай алады, тепе-тең түрлендіре алады, орта деңгейдегі есептерді шығара алады. Қысқаша көбейту формулаларын біледі, сатылап талдай алады, тепе-тең түрлендіре алады, жоғары деңгейдегі есептерді шығара алады.
 
Кезеңдері мен уақыты Критерийлер Тапсырма Мақсаты Формативті бағалау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


2 мин

  Сәлемдесу. Түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылар назарын аудару. Ұйымдастыру кезеңін толық орындау. Сабаққа сәттілік тілеу. Сәлемдесу. Түгелдеу Сәттілік тілеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылар назарын аудару. Сабаққа дайындықтарын көрсетеді. Журнал, электронды журнал.
Топтарды біріктіру   Формулалар жазылған түрлі түсті қағаздарды тарату арқылы біріктіру. Тақырыпқа байланысты етіп топтарға біріктіру. Жарайсыңдар. Топтарды біріктіру. Топ ережелерімен таныстыру. Топ басшыларына бағалау парағын беру. Топтарға бірігеді. Топ басшы сайланады. Топ басшылары бағалау парағын алып толтырады. Плакат. Топ ережесі. Бағалау парағы.
Өткен тақырыпты сұрау

10 мин
Білу, түсіну. «Жұппен жұмыс» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Досқа деген мейірімді нығайту. Ойын жүйелеуге мүмкіндік беру. Өте жақсы,
жақсы,
әлі талпынасың.
Бағыт-бағдар береді. Бақылайды. Көршісінің дайындығын тексереді. Бағалайды. Бағалау парағы.
Бағалау парағы. BILIMLAND ресурсындағы есептерді шығару. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін еске алу, тексеру. Өте жақсы, осы беттен қалма. BILIMLAND сайтын пайдаланып дұрыс жауап берулерін қадағалайды. Алған тапсырмаларын BILIMLAND арқылы көрсетіп жауап береді, басқа оқушылардың жауаптарының дұрыстығына талдау жасайды. Bilimland
BILIMLAND сайты
Талдау. Теориялық білімді тексеру. Н.А.Оразахынованың «ОСКО» технологиясы.
Әр топ берген тақырыбын сатылап талдайды.
Қысқаша көбейту формулаларын сатылап талдай алатынына көз жеткізу. Жақсы, өте жақсы. Қысқаша көбейту формулаларын сатылап талдауларын тексереді. Қысқаша көбейту формулаларын біледі, сатылап талдай алады. Бағалау парағы, «ОСКО» технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау, зерттеу. Қысқаша көбейту формулаларын өмірде қолдану, оның геометриялық мағынасын ашу. Қысқаша көбейту формулаларының геометриялық мағынасы ашу. «Керемет» қошеметтеу. Әр топқа тапсырма таратылады. Оқушыларға формулаларының геометриялық мағынасын ашу қажеттілігін айтады. Қысқаша көбейту формулаларының геометриялық мағынасын ашады. Постер қорғайды. Таратпа қағаздар, постер.
Коммуникация, Рефлексия Сәйкестендіруге арналған тапсырма. Оқушыларға түрлі есептер мен жауаптары шатастырылып берілген қағаздар таратылады. Есептердің шығару жолын еске түсіріп дұрыс жауаптарын табады. Жақсы, өте жақсы. Сәйкестендіруге арналған тапсырмаларды таратады, дұрыстығын тексереді. Шатастырылып берілген қағаздарды көріп, есептердің шығару жолын еске түсіріп дұрыс жауаптарын табады. Таратпа қағаздар, постер.
Негізгі бөлім

6 мин
Білу, түсіну. BILIMLAND ресурсынан
1) Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
2) Тепе-теңдікті дәлелдеу тақырыптарының видеосын көрсету.
Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып өрнектерді теңбе-тең түрлендіруге үйрету. Тақырып мазмұнын ашу. Мұқият тыңдаған оқушылар, жарайсыздар! BILIMLAND ресурсынан
1) Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.
2) Тепе-теңдікті дәлелдеу тақырыптарының видеосын көрсету арқылы тақырыпты түсіндіреді.
Тақырыпты мұқият тыңдайды, меңгереді. BILIMLAND-сайты, Флипчарттар.
Бекіту

Практикалық жұмыс

15 мин
Қолдану Шыныбеков оқулығынан деңгейлік тапсырмалар:
А деңгей:
№460, 461 тақ есептері.
В деңгей: №462, 463 тақ есептері.
C деңгей: №467, 468 тақ есептері.

Тақырыпты түсіне отырып, практикада қолдана білу.

 

Марапатқа лайықсың!
Зерделі, ақылды!
Әр топқа оқушы деңгейіне қарап, тапсырма бөліп береді, бақылайды.
Есеп дұрыстығын тексеру.
Есептерді әр топтан кезектесіп шығып, тақтаға шығарады. Дәптермен жұмыс жасалады. Бағалау парағы,
таратпа қағаздары.
Сын тұрғысынан ойлау, зерттеу. BILIMLAND ресурсынан тапсырма.
№1-4 тапсырма.
Оқушылар өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді біліп есептер шығарады. Тамаша, жақсы, әлі талпынасың. BILIMLAND ресурсынан тапсырма
№1-4 тапсырмаларды шығару жолын тексереді
BILIMLAND ресурсынан тапсырма.
№1-4 тапсырмаларды орындайды.
BILIMLAND сайты, бағалау парағы.
5 мин Жинақтау.

Ауызша жауап беретін сұрақтар.

Оқушылардың өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау. Жақсы, керемет 1) Өрнектерді тепе-тең түрлендіру дегенді қалай түсінеміз?
2) Тепе-теңдікті дәлелдеу деген не?
Сұрақтарға жауап береді. Бағалау парағы.

Бағалау


3 мин

Бағалау. Белсенді топты анықтау. Орын беру.
Бағалау парағын талдау.
Тақырыпты қай деңгейде меңгергенін бақылау, анықтау. Жарайсың,
жақсы,
әлі талпынасың.
Оқушылармен пікір алмасады. Белсенді топ пен белсенді оқушыларды марапаттайды. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды. Бағалау парағы.

Үйге тапсырма беру


2 мин

Қолдану Шыныбеков оқулығынан деңгейлік тапсырмалар:
А деңгей: 
№460, 461 жұп есептері.
В деңгей: №462, 463 жұп есептері.
C деңгей: №467, 468 жұп есептері.
Үй жұмысын түсіндіру.   Үй тапсырмасын береді, түсіндіреді. Тыңдайды. Күнделіктеріне жазып алады.  

Қорытынды


Кері байланыс


2 мин

Рефлексия Сабақтан алған әсерін оқушы стикерге жазады.
Не қиын болды?
Қайда керек болады?
Не қызық болды?
Қалай жұмыс жасадың?
Өзіне есеп беру. Ойлану, өзінің бойындағы қасиетін саралау. Жарайсың, жақсы, әлі талпынасың. Бақылайды, тыңдайды. Сабақтан алған әсерін жазады. Бағалау парағы, жапсырма қағаздар.
Қате туралы хабарландыру