Таңертеңгілік жаттығу

Макаримова Гаухар Аблаевна
БҚО, Орал қаласы, М.Б. Ықсанов атындағы №36 ЖББОМ
648
Математика
Тақырыбы:
Таңертеңгілік жаттығу

Оқу мақсаттары

2.4.3.2. Берілген заңдылық бойынша тізбекті құру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.

Күтілетін  нәтижелер:

Барлық оқушылар:

• фигуралардың немесе сандардың тізбегін берілген үлгі бойынша құра алады.

Көптеген оқушылар:

• берілген заңдылық бойынша тізбекті құру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табуды жəне оны жоюды біледі.

Кейбір оқушылар:

• сандардың, заттардың, фигуралардың жəне т.б. тізбектерін өздігінен құра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• тізбектің қалай құрылғанын түсіндіруді;

• тізбектерде неліктен заңдылық бұзылатынын анықтауды.

Пəндік лексика жəне терминология:  

Тізбек, заңдылықтың бұзылуы, фигуралар, сандар, заттар.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау: Тізбек қалай құрылған?  Қандай фигуралар заңдылықты бұзады (тізбекті)?

Заңдылық бұзылғанды қалай түзетуге болады? 

Жазу: Санды тізбектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Фигуралар, санды тізбектер.

Көрнекіліктер

Таныстырылым, www.bilimland.kzwww.imektep.kz, үлестірмелер, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

 (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3 

 

 

 

Психологиялық  ахуал: «Сәттілік!» ойыны

Ынталандыру. «РЕБУС» ойыны мақсаты: берілген ребусты шешіп, ережесін ауызша айту.


- Бұларды жалпы қалай атауға болады?  Табылған сөздер «бұрыш,  үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы» ережелерін қорытындылау

- фигуралар

 

4–6

 

Өзектендіру.  Келесі фигураларға көңіл аударайық. Ауызша

Оқушылардың алдында түрлі түсті шеңберлердің жинағы қойылған.

– Енді қандай шеңберді қою керектігін айта аласыңдар ма? – Неліктен екенін түсіндіріңдер. 

– Тағы да үш шеңбер қойыңдар. 

Біз қандай ортақ бөлімді өтіп жатырмыз?

Ендеше денсаулықты сақтау үшін таңертеңгілік жаттығудың  пайдасы бар ма?

«Таңертеңгілік жаттығу» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: фигуралар тізбегін анықтап, жалғастыру,  бұзылған тізбекті дұрыс құру.

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқушылар сабақтың мақсатын тұжырымдайды: фигуралар, сандар, затттар жəне т.б. тізбектер құрастыру жəне  шешуге үйрену. Дербес оқыту  тәсілі арқылы  жұмыстанамыз. (Дербес оқу – оқу-тәрбие процесін дараландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді)

Қима фигуралар. 

Құрастырмалы жинақ, үлестірмелі материал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7–11

 

Мақсат қою.

1-тапсырманың суретіне қараңдар. Кішкентай адамдар жаттығу жасап жатыр. 

– Олар белгілі бір ретпен орналасқан ба?

– Қатарды қандай ретпен жалғастыру керектігін түсіндіре аласыңдар ма?

Оқушылар тізбекті талдайды. Оқушыларға практикалық жұмыс жүргізуді  ұсынамын. Тізбек тұрғызады.

ҚБ: қарындаштармен көтеру

Оқулық. Дəптер

 

 

12–29

 

математика 2 сынып, фигуралар  тақырыбындағы  видеофильмнан кейін  «Дұрыс, дұрыс емес» ойыны».

Жаңаны ашу.

Кестеге қараңдар. 

– Оның қалай құрылғанын түсіндіре аласыңдар ма?

– Қандай фигуралар қолданылған? 

– Қандай түстер? 

Ары қарай оқушыларға құрамында үш шаршы (қызыл, көк, жасыл түсті), үш шеңбер (қызыл, көк, жасыл түсті), үш үшбұрыш (қызыл, көк, жасыл түсті)  бар фигуралар жинағы жəне кестенің дайындамасы таратылады.   Ары қарай жұппен «сиқырлы шаршы» құру ұсынылады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулық пен дəптердегі 2-тапсырма орындалады. Оқушылар амалдар тізбегін кезекпен айта отырып жұппен жұмыс істейді.

Бағалау критерийі.

Фигуралар тізбегін анықтай аламын.

Фигуралар тізбегін жалғастырамын. 

www.bilimland.kz 

www.imektep.kz

математика

2 сынып, фигуралар  

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырмалы жинақ, үлестірмелі материал.

 

 

Оқулық.

Дəптер.

 

 

 

Жаңаны қолдану.

Мұғалім оқулықтағы 3-тапсырманы практикалық жұмыс түрінде орындайды.

Оқушылар геометриялық фигуралар жинағы таратамын. Оқушылар алдымен өзі тізбек тұрғызады жəне оны көршісінің ауызша жалғастыруын өтінеді.

ҚБ: көршісін мадақтау

Үлестірмелі материал

 

30–35

 

4-тапсырма ауызша орындалады, дұрыс ретпен тізбекті жазуды ұсынуға болады.

Өткенді қолданып қорыту.  www.bilimland.kz 

 (2)- курс - бастауыш математика - 2 класс-сандар тизбеги-5.08.3 Бір таңбалы сандарға екі таңбалы сандарды қосу.

Тапсырма: Сандық  ретпен орналасқан кітапты түгенде. Нешінші сандағы кітап жетіспейді? №1.2.5

Бағалау: келген қонақтар дұрыс шығарған  оқушыларға білезік тағады.

Оқулық. Дəптер

BilimLand сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36–40

 

Рефлексия.

— Өз жұмысын фигуралармен бағалау ұсынылады.

 Үшбұрыш егер мен тек үлгімен жұмыс жасай алдым

Төртбұрыш үлгімен де үлгісізде тізбек құрай алдым

Бесбұрыш тізбек құрау алдым, бұзылған тізбекті анықтап, түзете алдым.

 

Қате туралы хабарландыру