Абайдың алтыншы, он тоғызыншы қара сөздері

Шыныбекова Айман Сахановна
Нұр-Сұлтан қаласы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі
604
Жаңашыл мұғалім-2019
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Абайдың алтыншы, он тоғызыншы қара сөздері

Мақсаты: 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білімділік: Абай қара сөздеріне шолу жасай отырып, 6 және 19 қара сөзінің идеясын анықтап, мән-мағынасын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту, адамгершілікті, ізгілікке тәрбиелеу.

 

Абай қара сөздері туралы білген-түйгендерін пысықтап, білімдерін тереңдетеді, сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры қалыптасады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, интерактивті тақта

Түрі:

Әдісі:

Көрнекілігі:

Аралас сабақ
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, эссе 
Абай «Қара сөздері» кітабы, слайд, үнтаспа. 

Сабақ барысы

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 Ұйымдастыру кезеңі
 

 

1. Білім алушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;
2. Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Оқушылар бір-біріне жылы лебіз-тілектерін айтады.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Топтастыру

«Мозаика» әдісі арқылы Оқушыларға сурет бөліктері беріледі. Әр сурет бөлшектері бойынша оқушылар қосылап бір топ болады. «Қыс», «жаз», «күз», «жазғытұры» тобы болып төрт топқа бөлінеді.

 

 

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Қызығушылық

тарын  ояту

 

Үй жұмысын сұрау

Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.

Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне талдау жасау. «Қыс», «Жаз»,  «Күз»,  «Жазғытұры»

Абайдың табиғат лирикасындағы өлең шумақтарын таңдап алып, сол өлеңнің Абайдың қай өлеңі екендігін пайымдап, әр топ Абай өлеңдеріне талдау жасайды.

 

 

Бүгінгі сабағымызды:

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, -

деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

- Ендеше  Абай қара сөздерін әліміз келгенше түсіндіріп, ой түйіндейік  шолу жасайық.

- Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық,

Сабаққа дайындық жасайды, зейіндерін аударып ден қояды. «шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сабақтың жақсы өтуіне тілек білдіреді.

 

 

 

 

§  Топтастыру

«Мозаика» әдісі арқылы оқушыларға сурет бөліктері беріледі. Әр сурет бөлшектері бойынша оқушылар қосылап бір топ болады. «Қыс», «жаз», «күз», «жазғытұры» тобы болып төрт топқа бөлінеді.

 

§  Бүгінгі сабақта Абайдың философ екенін дәлелдейтін өмірінің соңғы кездерінде жазылған еңбегі қарасөздерімен танысамыз.

Қарасөз туралы теориялық түсінік

       Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.

Абайдың алтыншы және он тоғызыншы қарасөздерін тыңдату.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-altynshy-qarasozi

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-on-tohyzynshy-qarasozi

Топтық жұмыс.

Тапсырма: 1. Бұл қара сөздің идеясы қандай?  2. Қандай мәселе көтерілген?

3. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

І. «Жаз» тобы – 6 қара сөзіндегі ойды анықтау

ІІ. «Жазғытұры» тобы –  19 қара сөзді талдау

ІІІ. «Қыс» тобы –  6 және 19 қара сөзді Венн диаграммасы арқылы салыстыру, ерекшелігін айту.(Қара сөз туралы ұғым. Абайдың қара сөздерінің жазылу кезеңі)
ІV. «Күз» тобы –  1.«Абайдың қара сөздерінен алар тәлім-тәрбие», 

2. «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым»,
3. «Абай атаға хат» таңдаған тақырыптарына хат немесе эссе жазу

Ортақ тапсырма

Абай Құнанбаевтың өмірі және шығармашылығы жөнінде «Ойлан тап» ойыны

https://imektep.kz/kz/game#memory_cards-828

Абайдың алтыншы және он тоғызыншы қарасөздерін Венн диаграммасы арқылы салыстырады

Сабаққа рефлексия жасау

 

 Оқушылар сабақ бойынша рефлексияны «Нысана» әдісі арқылы жүргізеді

https://www.google.com/search?safe=strict&biw=1600&bih=740&tbm

Бағалау

Оқушылар бағалау парақшасына өздерінің ұпайларын қояды.

Іс-әрекет

Баға

 

 

 

 

 

 

Қорыту 

Оқытушының қорытынды сөзі:
Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
- Абай қара сөздерінен қандай үлгі-өнеге алдық, тәлімдік ой түйдік?
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. 
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттық деп ойлаймын. Сол себептен оқудан бас тартпайық, білуге құмар болайық, ізденуден жалықпайық. 

Үйге тапсырма

Он тоғызыншы қара сөзін” жаттау. “Алтыншы қара” сөзін құрылысына талдау.

 

Қате туралы хабарландыру