Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ

Ажмеденова Гауһар Тасқалиқызы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
6063
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ

 
Сабақтың мақсаты Білімділік: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңінің қыр-сырын меңгертіп, тереңіне бойлату, өлеңнің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
Дамытушылық: Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңінен хабардар болады және оны өз сөзімен баяндай алады. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Абай поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін ояту. Еңбекқорлыққа, талаптылыққа, білімге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі Дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері «Екі жақты күнделік стратегиясы», «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, сатылай кешенді талдау, Венн диаграммасы, фишбоун әдісі, «Автор орындығы» стратегиясы, «Идеалдан қашықтық» жаттығуы, «Жол салу» жаттығу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқыту, жатқа айттыру, шығарманы талдату.
Оқыту түрі: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет.
Көрнекілігі Интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер,
Bilimland
https://bilimland.kz/ сайтының ресурстары.
Сілтемелер «Болыс болдым, мінекей» өлеңі.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/41-abaj-qunanbajuly-bolys-boldym-mineki
Абай Құнанбайұлы. «Адамның кейбір кездері» өлеңі.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/17-abai-qunanbai-uly-adamnyng-kei-bir-kezderi-olengi
Абай Құнанбайұлы. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ».
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/35-abaj-qunanbajuly-adasqannyng-aldy-zhon-arty-soqpaq
Абайдың жиырма бесінші қарасөзі.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/25-abajdyng-zhiyrma-besinshi-qarasozi
Абайдың үшінші қарасөзі.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/3-abajdyng-ushinshi-qarasozi
Абайдың отыз сегізінші қарасөзі.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/38-abajdyng-otyz-segizinshi-qarasozi
Абайдың он тоғызыншы қарасөзі.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/19-abajdyng-on-tohyzynshy-qarasozi
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті

Қызығушылықты ояту.

Мұғалімнің сөзі (Абай әндерінің баяу сазымен):
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсуіне зор үлес қосқан ақын.

Үй тапсырмасын сұрау

https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының «Адамның кейбір кездері» өлеңін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/17-abai-qunanbai-uly-adamnyng-kei-bir-kezderi-olengi
интербелсенді тақта арқылы оқушыларға тыңдату.


Оқулықтан мәнерлеп өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңнің жазылу тарихы қандай?
Реализм деген не?
Сыншыл реализм деген не?
Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм деген не? Сұрақтарына оқушылардан жауап алу.

Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының сыншыл сатиралық шығармаларына арналады.


І. Білім.


Өлеңнің жазылу тарихы туралы әңгімелеу.
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы; https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңін (https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/35-abaj-qunanbajuly-adasqannyng-aldy-zhon-arty-soqpaq) интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.


«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңінің 38-қарасөзімен үндестігі.
Абай қарасөздері тақырып, пікір жақтарынан оның өлеңдерімен тығыз байланысты.
«Үшінші сөз» қара сөзі «Болыс болдым, мінекей» өлеңімен мазмұндас екенін ұғындыру үшін https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының үшінші қарасөзін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/3-abajdyng-ushinshi-qarasozi және «Болыс болдым, мінекей» өлеңін Абай Құнанбайұлы. Болыс болдым, мінеки интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.
«Отыз сегізінші сөз» қарасөзі «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңімен мазмұндас екенін ұғындыру үшін https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының «Отыз сегізінші сөз» қарасөзін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/38-abajdyng-otyz-segizinshi-qarasozi және «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/35-abaj-qunanbajuly-adasqannyng-aldy-zhon-arty-soqpaq интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.

«Жиырма бесінші сөз» қарасөзі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр» өлеңімен мазмұндас екенін ұғындыру үшін https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының «Жиырма бесінші сөз» қарасөзін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/25-abajdyng-zhiyrma-besinshi-qarasozi интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.
«Он тоғызыншы сөз» қарасөзі «Бір дәурен кемді күнгі бозбалалық», «Білімдіден шыққан сөз» өлеңімен мазмұндас екенін ұғындыру үшін https://bilimland.kz/ сайтынан Абай Құнанбайұлының «Он тоғызыншы сөз» қарасөзін https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/abajdyng-qara-sozderi/lesson/19-abajdyng-on-tohyzynshy-qarasozi интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.
Оқушылардың пікірлерін, көзқарастарын білу.

 

ІІ. Түсіну


Өлеңді мәнерлеп оқу.


«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»
Екі жақты күнделік стратегиясы арқылы Абайдың «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдеріне талдау жасау.
Үш өлеңдегі ақын ойының үндестігін табу, өз ойын ортаға салу.

1-топ. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ».
2-топ. «Байлар жүр жиған малын қорғалатып».
3-топ. «Сабырсыз, арсыз, еріншек».

 

ІІІ. Қолдану


«Ақылдың алты қалпағы».


Эдвард де Боно тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырма беріледі.

А) Ақ қалпақ. Өлеңнің белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.
Ә) Сары қалпақ. Бұл қалпақпен сіз өлеңнің жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Б) Қара қалпақ. Бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» өлеңінің жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз, оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.
В) Қызыл қалпақ. Сезімге ерік бересіз, өлең туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер. Заман ағымымен бе, әлде басқа себептермен өзгерген адамдар туралы.
Г) Жасыл қалпақ. Өлең кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады. Заманға лайық жастарға көзқарастары туралы.
Ғ) Көк қалпақ. Шығарманың маңызы туралы.

 

ІV. Талдау


1-топ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі.
2-топ. Венн диаграммасы «Адасқанның алды – жөн» өлеңі мен 38 қара сөзін салыстыру.
3-топ. Абайдың сөзден салған өрнегі.

 

V. Жинақтау


«Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, өлеңнен проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады.
Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы, себептерін анықтап, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды.
Проблема: кедей қайдан шығады?
Себептері: жалқаулық
Дәлел: керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын мың құбылтқан, қу борбай жылпос.
Қорытынды: Адасқанына қарамай, алдым жөн деп, артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен әшкерелейді.

 

ҮІ. Баға. Сын.


Қараңыздаршы, біздің алдымызда Абай тұр.
Ол ақылды, белсенді, тәуелсіз, тәрбиелі, ғылым мен оқуды сүйетін тұлға. Біз өзімізді толық білімді адамбыз деп әлі елестете алмаймыз, біз тек сондай болуға ұмтылыс үстіндеміз, сол идеалға жету жолындамыз.

«Идеалдан қашықтық» жаттығуы.


Дәл қазіргі кезде білімді адамнан әртүрлі қашықтықта тұрмыз. Ал енді біз қазір бәріміз бірігіп осы қашықтықта тұрмыз. Енді менің қасыма келіп бір кірпіштен аласыздар (қызыл түсті қағаздан жасалған). Осы кірпіштерден біз идеалымызға дейін жол саламыз.

«Жол салу» жаттығу.


Енді әрқайсысымыз «қасиет» жазылған кірпішімізді дауыстап айтып, жерге қойып, білімді адамға жол саламыз. Бүкіл кірпіштер салынып болғанда оқушылар дәл тақтаның алдына жетеді. Сонымен, бізге білімді адамға жету үшін мақсат, ниет, ынта, еңбекқорлық, табандылық, оптимизм, жігер, батылдық, шыдамдылық, ақылдылық, жүйелілік, алға ұмтылушылық, қызығушылық, білуге ұмтылу, қайрат, төзімділік, намыс қасиеттері қажет екен. Сонымен біз жеттік, жолымыз ауыр болды-ау. Ия, білімді адам болу оңай емес екендігіне көзіміз жетті.

Сабақты қорыту

«Автор орындығы» стратегиясы.

 

Ортада Абай. Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте (музыка естіліп тұрады). Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау. Ұлы ақын туралы мәнжазба жазу, тұсаукесер дайындау.

 

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ - 1

Ақын ойы Менің ойым
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,
Оларға жол – арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қас алдына жымырып келемін деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.
 
Ақын ойы Менің ойым
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онан беріп, алар сатып,
Онан алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?

Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.

Әрі-бері айналса аты арықтап,
Шығынға белшесінен әбден батып.
Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.

Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да аңдытып.
Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер сілесі әбден қатып.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.
 
Ақын ойы Менің ойым
Сабырсыз, арсыз,еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Iс қылмай ма үлгісі?
Өлең жолдарының мағынасын ашып түсіндіру.
Қате туралы хабарландыру