Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығы. «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Балқадиша» өлеңдері

Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі
314
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығы. «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Балқадиша» өлеңдері

Ойлау деңгейі:

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Сабақ мақсаттары:

Бaрлық білім алушылар: «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Балқадиша» өлеңдері негізінде Ақан серінің шығармашылығын сипаттай алады

Білім алушылардың бaсым бөлігі: Шығармалар идеясының ұлттық ой-санамен, халықтық тәрбиемен байланысын ашып талдай алады

Кeйбір білім алушылар: шығармалардағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады

Бағалау критерийлері:

-          «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Балқадиша» өлеңдері негізінде Ақан серінің шығармашылығын сипаттайды;

-          шығармалардағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді

Тілдік мақсаттар:

Білім алушылар: әдеби эссе жазу жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: желмая, дүрия, Ыбекең, бешпент, қылаң, Атығай, Қарауыл

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ...,  мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дамыту:

Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар білім алушылар бойына сіңіріледі.

Пәнаралық байланыстар:

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

 

Пәндер немесе ресурстарды біріктіру 

Қазақ әдебиеті (bilimland.kz) + қазақ тілі (bilimland.kz); Видеотоптама (bilimland.kz) + Аудиохрестоматия (bilimland.kz)+ iTest және https://www.youtube.com т.б.

Ресурстар

https://bilimland.kz/kk/, http://itest.kz/https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy

Сілтемелер:

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/84-aqan-seri-qoramsauly-balqadisha (Балқадища аудионұсқасы)

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/81-aqan-seri-qoramsauly-zhaqsy-men-zhaman (Жақсы мен жаман өлеңінің аудионұсқасы)

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/80-aqan-seri-qoramsauly-asyl-men-zhasyq (Асыл мен жасық өлеңінің аудионұсқасы)

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/aqan-seri-qoramsauly-asyl-men-zhasyq-zhaqsy-men-zhaman-qulager-mangmangger-balqadisha-anderi (ақан өлеңдеріне шолу)

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/aqan-seri-qoramsauly-asyl-men-zhasyq-zhaqsy-men-zhaman-qulager-mangmangger-balqadisha-anderi (Асыл мен жасық)

  https://itest.kz/ru (тест тапсырмасы)

Алдыңғы білім

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

 

 

15 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

жағымды атмосфера қалыптастыру, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету.

 Білім алушылар «Категория» тәсілі арқылы топқа бөлінеді. Тақтаға үш категория жазылады: «Әншілер», «Сазгерлер», «Ақындар». Оқушылар өз еріктерімен категорияларды таңдап алады.

Үй тапсырмасын сұрау: «Ақынға айтарым» деген тақырыпта жазып келген хаттардың бірнешеуіне тоқталып, сұрақтар қою(жеке жұмыс)

 Қ/б: оқытушының ауызша кері байланыс беруі

 

Миға шабуыл әдісі: «Балқадиша» бейнеклипінен үзінді көрсетіп,  сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашып алу.

-Балалар, бұл қандай ән?

- Бұл әннің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар? (Жауаптарын тыңдап, тақырыппен байланыстыру)

Ия, бұл Ақан серінің «Балқадиша» өлеңі. Бүгін біз осы өлең және Ақанның басқа да шығармалары төңірегінде әңгіме қозғайтын боламыз.

Білім алушыларды сабақ тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=RHEGqeHteBI&list=RDRHEGqeHteBI&start_radio=1

Сабақтың ортасы

60-мин

 

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма: (топтық жұмыс)

Шығармалардың аудионұсқасымен танысады. Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы, 10- сынып поэзия бөлімі.

Өздері тарихи сөздерді тауып, тарихи оқиғалармен салыстырады.

Глоссарий: желмая, дүрия, Ыбекең, бешпент, қылаң, Атығай, Қарауыл

І топ (Әншілер): «Асыл мен жасық» өлеңін РАФТ әдісі арқылы сипаттайды

РАФТ стратегиясы бойынша сыни шолу жазу

Рөл– кез келген рөлге ену

Аудитория – тыңдарман, оқырман, қауым

Форма – сыни шолу

Тақырып

ІІ топ (Сазгерлер): «Балқадиша» өлеңін FILA әдісі арқылы талдайды

F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

 L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі . (теориялық талдау)

Негізгі әрекеттер: 1.Фактілерді жинау 2.Идея құрастыру 3.Сұрақтар қою 4.Іс-әрекет

ІІІ топ (Ақындар): «Жақсы мен жаман» өлеңінен қазына ретінде берілген түйінді сөздерді қолданып бес жолды өлең құрастыру. «Бес жолды өлең» тәсілі (Синквейн)

(зат есім, сын есім, етістік, сөйлем)

Әр топ постерлерін қорғайды

 

Дескриптор:

-Өлеңнің мазмұнын РАФТ әдісі арқылы сипаттайды;

- Өлеңнің мазмұнын талдайды;

-5 жолды өлең құрастырады

Қ/б:Өзара бағалау +-?

 

2-тапсырма: «Креативті жазу» әдісі

Мұғалім шығармадан бірнеше үзінділерді таратады. Білім алушылар оларды өз таңдауы бойынша бөліп алып, қайта өңдеп, креативті жазады.

 

3.тапсырма: «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы топтар шығармалар желісі бойынша бір-бірлеріне сұрақ қояды.

Қ/б:  Екі жұлдыз, бір тілек

 

4.тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар (жұптық жұмыс)

 

а)№1, 2, 3 тапсырмаларды орындау (барлығы)

 

б)Ақан серінің шығармаларындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына  3 дәлел келтіре отырып баға беріңіз (Кейбірі)

1______________________________________________

2.______________________________________________

3.______________________________________________

Қорытынды _______________________________________________

 Қ/б: Бағдаршам әдісі арқылы бағалау

 

https://bilimland.kz/ru

 

№862 https://bilimland.kz/ru

 

 

флипчарт, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/ru

Сабақтың соңы:

15-мин

 

Тест арқылы сабақты бекіту. Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Әсет Найманбаев поэзиясы  бойынша алған білімдерін қорытындылау мақсатында 24 сұрақтан құралған тест орындау

 

Қ/б: Мұғалімнің кері байланысы

Рефлексия

«Тазалық» ойыны түрінде.

Білім алушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

 Чемодан                                                   

 

  Қоқыс жәшігі                                       

 Еттартқыш                                              

 

Үй жұмысы:

-Ақан серінің өлеңдерін жаттау

-Ақан сері өлеңінің көркемдік ерекшелігіне жарнама жасап келу

1. Тірек сөздерді қолдану

2.1-2 минут уақытын сақтау

3.Дауыс ырғағына назар аудару

4.Тақырыптан ауытқымау

https://itest.kz/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/ru

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау:

 

Топта жеке және топтық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы, қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Қате туралы хабарландыру