Д. Исабеков «Әпке» драмасы. «Әулет жүгін арқалаған қыз»

Абдолова Гульжайна Каримуллаевна
БҚО, Орал қаласы, №1 ЖББОМ
889
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Д. Исабеков «Әпке» драмасы. «Әулет жүгін арқалаған қыз»

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау; 
8.3.3.1 шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:
– көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей біледі;
– шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай алады;
– автор стилін анықтайды;
– шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийлері

– драмадағы кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу береді;
– көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;
– шығармада көтерілген мәселеге өз пікірін білдіре алады;
– жинақталған дәлелдер мен тезистерді құрылымдай әдеби эссе жазады.

 

Тілдік дағдылар: анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру.

Терминология: ирония, эллипсис.    

Сөз тіркестері: әулет жүгін арқалаған қыз, отбасы тірегі, отбасы жиналысы, үлкен махаббаттан бас тарту.          

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, адамгершілік, кішіпейілділік.

Пəнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, театр және кино өнері.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ресурстар: bilimland.kz, imektep.kz, itest.kz

Алдыңғы оқу/бастапқы білім

Д. Исабеков «Әпке» драмасы. Автордың өмірдерегі және шығармашылығы сөз болды. Драма мазмұны меңгерілді.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері
(жоспарланған уакыт)

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар 

Сабақтың басы

5 минут 

Ширату. «Даналық бұрышы»
Тапсырма сипаттамасы: сыныптың қабырғаларына драма идеясын түсіндіре түсетін ана туралы фразалар  ілінеді. 
Мұғалім әрекеті: Сынып қабырғасындағы фразаларды оқу, танысу жайында, дәптерге түртіп алуға нұсқау береді. Қалаған бір фразаның қасында тұрып, ой тарату керектігіне нұсқау береді.
Қабырғадағы фразалар: 
Менің тірлігім – үмітімде. Үмітім өз қолымда емес. (Ғ. Мүсірепов)
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. (В.Г. Белинский)
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. (В. Гюго)
Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. (О. Бальзак)

Мұғалімнің кері байланысы:
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. 
Сабақтың кілт сөздері таныстырылады: әулет жүгін арқалаған қыз, отбасы тірегі, отбасы жиналысы, үлкен махаббаттан бас тарту.          
Жазушының шеберлігі сол, жазушының айтпағы, Автор өз көзқарасын былай... Автордың шеберлігі сол... Жазушының адамгершілік нысанасы... өз өмірінің іздері... келер ұрпақтың да рухани азығы. Айтылған мәселе... жағдайда өзекті, дегенмен...

 

Сабақтың ортасы

1 минут

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

Жаңа сабақ. Тыңдалымалды тапсырмасы
Тапсырма атауы: «Бірге ойланайық»
Тапсырма сипаттамасы: Оқушылар тыңдалым мәтінімен жұмыс жасамас бұрын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы жұптық талқыда өз ойларын салады. 
1. Адамның бақыты дегеніміз не?
2. Ана орынын әпке толтыра алды ма?

Жұптық жұмыс
1-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы.
«Әпке» драмасының қысқаша шолу. Мазмұнын тыңдап кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме беріңіз.

Дескриптор:
– кейіпкерлерге тура мінездеме береді;
– жанама мінездеме жазады;
– драма табиғатын зерделей алады.
Жұптар бір-бірін ұсынылағн дескриптор өлшемдерін негізге ала отырып бағалайды.
Теория
Ирония (келемеж, кекесін) – бір қарағанда мақтау тәрізді көрінгенмен, оның астарында әжуа, кекесіннің басым болуы.
Эллипсис дегеніміз – сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. 

Топтық жұмыс
2-тапсырма.
Аудиомәтінді тыңдап драмадағы көріктеу құралдарын анықтап «ТИ» кестесіне түсіріңіз.
 Дескриптор: 
– теориялық ұғымның анықтамасын түсінеді;
– қолдану ерекшелігін талдайды;
– көркемдегіш құралдар негізінде автор стилін анықтайды.
«Бағдаршам» формасында топтар бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс 
3-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз.   
Өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалайды.

Бейнебаян көрсетілімі. Тақырыбы: «Отбасы не үшін керек?» https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/otbasy-ne-ushin-qazhet (45 секунд)

Мұғалім түсіндірмесі: Отбасы – шағын мемлекет. Ұл-қыз бойжеткеннен кейін олардың алдында өз отбасын құру мақсаты тұрады. Бұл – заңдылық. Ендеше бәріміз шеңбер бойында тұрып, бір тірек сөзден айтып, мағынасын сақтап мәтін құрайық. Соңғы оқушы мәтінге тақырып қояды.
4-тапсырма. «Әдеби шеңбер»
Тапсырма сипаттамасы:
оқушылар шеңбер жасай орналасады. Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып, тақырып қояды.
Мұғалімнің кері байланысы.
Тапсырма сипаттамасы: Жазылымалды тапсырма.
Оқушылар топта Д. Исабековтің «Әпке» драмасынан алынған «Отбасы – кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз» цитатасын талқылайды. Дәлелдер келтіреді. Топта пікірлерін білдіреді.  
А тапсырмасы. Эссені жоспарлау. Оқушылар тақырыпқа қатысты дәлелденетін ой-пікірлерді «тезистер» бағанына, ұсынылған және өздері тапқан материалдарынан пікірлеріне қатысты дәлелдерді «дәлелдеу» бағанына және қорытындылаушы сөйлемдерді «қорытынды» бағанына жазады.

Ә тапсырмасы. «5 минуттық эссе жазу» әдісі 
Оқушылар жинақталған дәлелдер мен тезистерді қайтадан қарастырып, құрылымдап аргументативті эссе жазады. Эссе жазу барысында төмендегі клейшелерді қолдану керек: 
•    Автор өз көзқарасын былай...
•    Автордың шеберлігі сол... 
•    Жазушының адамгершілік нысанасы... өз өмірінің іздері...
•    ...келер ұрпақтың да рухани азығы. 
•    Айтылған мәселе... жағдайда өзекті, дегенмен...
Оқушылар эсселерін алмасады. Бір-бірінің эссесін бағалау кезінде оқушылар тақырыптың ашылуына, тезистерге сай дәлеледер келтіруіне, дәлелдердің алынған дереккөздерінің көрсетілуіне және әр ойдың қорытындыланып отырғанына назар аударады. 
Дескриптор: 
– жинақталған дәлелдер мен тезистерді қайтадан қарастырып, құрылымдайды;
– клишелерді өз орнымен кем дегенде екеуін пайдалана алады;
– драма желісі бойынша эссе тақырыбын ашады.
Кері байланыс
Оқушылар эссе жазу бойынша «Өзін-өзі бағалау ағашының» қай тұсында тұрғанын көрсетеді және оның себебін 1-2 сөйлеммен түсіндіреді.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/dulat-isabekov-apke-dramasy

 

 

 

 

 

 

Оқулық: С. Дәрібаев, Г. Орда, А. Сатылова «Қазақ әдебиеті, 8-сынып, 101-102 бет

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/drama/lesson/1-bolim-d-isabekov-apke

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://itest.kz/kz/attestation/kazak-adebieti/lekciya_berdibek_soqpaqbaev_qabdesh_zhumadilov_mukhtar_mahauin_dulat_isabekov_shyharmalary

 

 

https://imektep.kz/kz/shygarmashilik-zhumis

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут 

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийілері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.
Үй тапсырмасы: «Отбасы – кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз» тақырыбында әдеби эссе жазып келу. 
Рефлексия

 

Саралау
Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

 

Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

 

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


 

Қате туралы хабарландыру