М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау (2-сағаты)

Тұрғали Тұрсынгүл
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Х.Досмұхамедұлы орта мектебі
29470
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау (2-сағаты)

 
Сабақтың мақсаты 1. Білімділік:
а) Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын шығармасының идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы туралы теориялық білім беру.

ә) Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру.

б) Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігін, қасиетін, киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

2. Дамытушылық:
а) Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

BIlimland
ә) https://bilimland.kz сайтының ресурстары арқылы оқушының сезіміне әсер ету, ақын шығармашылығына қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға, көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын сезініп, қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі Қорытынды сабақ.
Пәнаралық байланыс Экология, бейнелеу өнері, музыка.
Сабақ көрнекілігі Ақын суреті, https://bilimland.kz, iKitap сайттарының ресурстары, техникалық құралдар, интерактивті тақта, мультипроектор, «Ғасыр ақыны» көрмесі, тақырыптық суреттер, сызба- кестелер, кітап көрмесі.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер Түсіндіру, сұрақ-жауап, Қ.Бітібаева технологиясы, ой толғау, ой шақыру, топтастыру, еркін сөйлеу, пікірсайыс, теориялық талдау, мәнерлеп оқу.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушылармен амандасу.
Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, түгендеу, дайындығын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау А) Поэманың мазмұнымен танысу және үзінді жаттау
Ә) Бұл кімнің сөзі? Қай кез?
М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау (2-сағаты) - 1
3. Жаңа сабақ М.Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау.

Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиеті өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда – ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида – тазалық (қасиет деген ұғым) басымырақ болады.

Алдымен, экранға назар салайық.

Білімланд сайтының ресурсын пайдалану
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/1-m-maqataev-aqqular-ui-yqtahanda.

Иә, табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді.
  Табиғат
  Жанымды алсаң,
  Алшы менің,
  Бір түйір жерге түскен, тамшың едім.
  Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.
  Артымда қалсын жерім,
  Қалсын елім.
Мұқағали барлық өлеңін бойындағы сезімнің ағынымен тасқындата жазды. Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда» – ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.
Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді (үнтаспадан ақынның естелігі оқылады).
Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңа Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесі, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы анна елестеп, сен де аһ ұрасың.
А.Үлкенбаева «Аққу» күйін тыңдау, слайд көрсетіледі).

М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау (2-сағаты) - 2
4. Тапсырмалар орындау

1-тапсырма. Сәйкестендіру.

 

Сюжеті Оқиғалары
Оқиғаның басталуы Ананы аққудың киесі ұруы
Аққулардың оралмай кетуі
Оқиғаның байланысы Ананың аққудыатуы
Оиғаның дамуы Қарт жылқышының әңгімесі
Оқиғаның шиеленісуі Тәуіп шалдың айтқаны
Оқиғаның шарықтау шегі Жетімкөлдің табиғаты
Оқиғаның шешімі Ананың көлге келуі


2-тапсырма. Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

 

Теңеу Эпитет Тұрақты тіркес Кейіптеу Метафора

 

 

 

 

 


(Теңеу – Жаңбырдың тамшысындай.
Эпитет – Қатыгез, сұрқай ой, сұм жүрек, ақша бұлт.
Тұрақты тіркес – Ошақ қасы, от басы.
Кейіптеу – Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап.
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр.
Метафора – Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, өмір – дария).

3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

 

Оқиға Эпизодтар Ақынның суреттеуі
Ана қайғысы ...Баласының ана отыр күйін бағып...  
Жетімкөлге аттанған ана ...Балам өлсе, бақыттың керегі не?  
Аққуды атқан ана ...Жаралы аққу секілді жаттың ба,ана?  
 
Мәтіннен үзінділер Ой-түйін
...Асығыстық оларда болмайтұғын,
Қомағай көкқұтандар секілденіп,
Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.
 
...Алаңсыз аққуларды атпасын деп,
Жатқа да дастарханды жайдым төрге.
 
...Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр жер бетінде.
 
...Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
 
...Ию-қию көл маңы, астаң-кестең,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен...
 
...Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
 
...Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір, аққу атқан оңбайды деп.
 
...Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана «Жетімкөл» жағасында,
Өлі менен тірінің арасында...
 
...Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.
 
 

Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б.Аюхановтың «Аққу биі» – халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді.
Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген – баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында, перзентінен де айырылып, есі ауып кетеді. Енді, балалар, жырдағы ана әрекетінің дұрыс-бұрыстығын талқыға салмақпыз.
Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?

4-тапсырма. Пікірсайыс.
Ана әрекеті дұрыс па?
а) Иә
б) Жоқ

5-тапсырма. Ой толғау.
Шығармашылық жұмыс.
А) “Аққу –киелі құс”.
Ә) “Кейіпкерге хат”

5. Бекіту А) Топтастыру әдісі
 Ана  Аққу
Ә) 1. Поэмадағы негізгі мәселе не?
     2. Мен Мұқағалидан не таптым?
6. Бағалау, сабақты қорытындылау Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
(Мұқағали туралы слайд көрсетіледі).
 Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
 Еңбегінің қызығын да көре алмай.
 От боп жанып өтіп кеткен ақынға,
   Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай, – деп Айтақын ағамыз жырлағандай, өлеңімен рухани азық, күш жинап, қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз бүгінде «Ғасыр ақыны» атанды. Өз сезіміне өзі өртенген Мұқағали жыры бүгінгі күні шартарапқа жыр шуағы болып төгілуде:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, – деп жырлаған Мұқағали мұрасы - мәңгілік асыл мұрамыз.
7. Үйге тапсырма А) «Айдыннан ұшқан аққу-жыр»
Мұқағали туралы мәнжазба дайындау.
ә) Поэма мазмұны бойынша сурет салу.
Қате туралы хабарландыру