Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы

Қосжанова Салтанат Орынтайқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей
6960
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы

Сабақтың тақырыбы

Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(7.А/И3) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өлең мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өлеңдегі автор бейнесін анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды таба алады.

Бағалау критерийлері

– Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.

– Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс  

Тарих, қазақ тілі

Ойлау деңгейі

Жоғары ойлау деңгейлері

Алдыңғы білім

Сүйінбай мен Қатаған айтысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Білу, түсіну

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздардағы шашыраңқы сөздерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: Айтыс – сөз барымтасы.

2-топ: Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі.

3-топ: Айтыс – сөз өнерінің үздік үлгісі.

https://bilimland.kz/ сайтынан Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/интербелсенді тақта арқылы тыңдап, есте сақтау мүмкіндігін байқау мақсатында «Сөздер банкісін» толтырылады. Бірнеше айтыскер ақындардың аты жазылады. Оқушылар тек Сүйінбай айтысқан ақындарды дұрыс тауып, келесі банкіге орналастырады. (Жұптық жұмыс)

аронулы

Оқулық, интербелсенді тақта

 

 

 

Постер, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Қолдану

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

8 минут

https://bilimland.kz/ сайтынан «Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан» үзінді тыңдату.

https://bilimland.kz/kk/content/lesson/

Мәтінмен жұмыс (Топтық жұмыс)

«Попс формуласы» арқылы үзіндіден тыңдаған Сүйінбай бейнесіне қысқаша сипаттама жасау қажет.

«Біздің ойымызша...» ойыны

– Себебі, біз оны былай түсіндіреміз...

– Оны біз мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламыз...

– Осыған байланысты біз мынадай шешімге келдік...

ҚБ: «Мадақтау сэндвичі»

(Топтардың өзара кері байланысы жүргізіледі)

1. Позитивті комментарий: не ұнады?

2. Сындарлы сын: нені жақсарту керек?

3. Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

Логикалық тапсырмалар

Кешке қарай көлігімізді тоқтатып, шатырымызды аршаның иісі аңқыған жұмақ секілді бір көлдің жағасына құрдық. Құстар ұшып, бақалар бақылдап, бірқазандар балық аулау үшін көлдің салқын суына шомып тұрған жер еді. Самал жел көл жағасына келген қонақтардың шаршағанын еріксіз ұмыттырады. 

Тапсырма:

Мәтінде сезім мүшелерінің қайсысына қатысты көрініс болмағанын айт.

дене мүшелері


Біздің Жалағаш ауданының тұрғыны Бибігүл апай ас әзірлеуге кірісті. Ол баласынан газ плитасын тұтандыратын затты алып беруін сұрады.

– Балам, маған кеуіртті алып берші.

– Асқар, үстелдің үстіндегі шиді алып бер.

– Күкіртке қол жалғап жіберсеңші.

– Балам, маған шырпы керек еді.

– Балам, газ плитасын шақпақпен жағып жіберші.

«Ротация» әдісі. Белгіленген уақыт ішінде әр топ үзіндіден бейнелі сөздерді жазып, талдап, сағат тілі бойынша ауысып, келесі топтардың да тапсырмасын орындайды. Нәтижесінде топтар бірін-бірі толықтырып, өнімді жұмыс жасайды.

І топ

Көппін деп айттың Қатаған,

Көптігің сенің қайда бар,

Үш атаның ұлысың,

Қазағымды қаптатсам,

Жұртта қалған күшіктей,

Айдалада ұлырсың!..

Еменнен күшті ағашпын,

Еселесең сынбаймын!

Алдаспанға жолықтың,

Түбіңе жетпей тынбаймын!

ІІ топ

Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін,

Шығарма Қатаған үніңді!

Есіңе сақта бүгінгі,

Қанатың сынған күніңді!

ІІІ топ

Нарескенге жолықтың,
Шашамын судай қаныңды.
Болаттан құрыш қылышпын,
Алтыннан соққан сабымды!..

Жүйрік аттай көсілсем,
Көре алмассың шаңымды,
Алжыған тазы секілді,
Аңыламай шаптың аңыңды.

сномок
«Шоллер табақшалары»
әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындау. (Жеке жұмыс)

Топтар дескриптор арқылы ауызша кері байланыс береді.

А деңгейі

Қажетті сөзді жазу.

(https://bilimland.kz/kk

Қажетті сөзді жаз.

«Қарсы келген дұшпанын қоралы қойдай айдаған» деген өлең жолында бейнелеудің 

тәсілі қолданылған. 

Қажетті сөздер: әсірелеу, анафора, ассонанс.

В деңгейі

Дұрыс не бұрысын белгіле. (https://bilimland.kz/

дұрыс

С деңгейі

«Еркін жазу» арқылы өлең жолдарын құрастыру.

схема

Постер, ғаламтор, интербелсенді тақта

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

Бағалау

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

Үй жұмысы

1 минут

 

Тест жұмысын орындау арқылы өзін-өзі тексеру.

(https://bilimland.kz/kk/content/lesson/ (Жеке жұмыс)

Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орында. 

Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады. Жауап беру уақытына шектеу қойылмаған. 

Тестілеуден қайта өту мүмкіндігі бар. 

1. Сүйінбайдың өмір сүрген жылдарын көрсет.

A) 1817–1895 

B) 1819–1890 

C) 1820–1893 

D) 1815–1898 

2. Сүйінбаймен айтысқан қырғыз ақынын белгіле.

A) Тезек 

B) Қатаған 

C) Оспанқұл 

D) Бәйтік 

3. Сүйінбай Қатағанмен айтысында қандай тақырыпты арқау етіп алғанын тап.

A) елдің болашағы 

B) елдің салт-дәстүрі 

C) елдің тұрмыс-тіршілігі 

D) елдің тарихы, жер аумағы 

4. Қатаған айтыста не себепті жеңілгенін белгіле.

A) ақынның жеке өмірі туралы айтқандықтан 

B) елінің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін жырлағандықтан 

C) көптігі мен байлығын айтқандықтан 

D) елінің батырлығы туралы айтқандықтан 

5. «Бүтін дүние жүзінде шөгіп жатқан мұнармын», «Ажалың жеткен қарғасың бүркітпенен ойнаған», «Найзамен шаншып ет жеген», «Сүйінбай пірің мен болам» деген өлең жолдары қай айтыста айтылғанын белгіле.

A) Қатағанман айтысында 

B) Тезек төремен айтысында 

C) Оспанқұлмен айтысында 

D) Қарғамен айтысында 

6. Сүйінбай ақынды «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп аса жоғары бағалаған жазушыны көрсет.

A) М.Мағауин 

B) М.Әуезов 

C) С.Мұқанов 

D) Ғ.Мүсірепов 

7. Сүйінбайға тән қатарды белгіле.

A) ақын, айтыскер 

B) композитор, суретші 

C) сәулетші, жыршы, күйші 

D) тарихшы, ғалым 

8. Сүйінбайдың Тезек төремен айтысында не жайында айтылатынын тап.

A) елдің тарихы 

B) елдің тұрмыс-тіршілігі 

C) төренің әділетсіздігі 

D) Тезек төренің жақсылығы 

9. Сүйінбай ең алғаш айтыс өнерін қандай құспен айтысудан бастағанын көрсет.

A) аққу 

B) қарға 

C) қарлығаш 

D) сандуғаш 

10. Сүйінбайдың шәкіртін белгіле.

A) Жамбыл 

B) Шортанбай 

C) Майлықожа 

D) Дулат 

Экраннан жауабын көру арқылы өзін-өзі бағалайды.

бес саусақ

«Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында әдеби эссе жаз. (көлемі 120-140 сөз).

Постер

Интербелсенді тақта

Қосымша ақпарат

Саралау

1) Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

2) Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Саралау жұмыстары сабақтың барлық кезеңінде көрініс тапты. Топтардың, жұптардың өзара бағалауларында оқушыларға қолдау көрсетіп, ең жақсы түсініктемені бірлесе таптық. Бірін бірі толықтырып, баламалы пікірлер айтылып, табысты оқу ортасы құрылды.

Бағалау 

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Формативті бағалау топтарда, жұптарда, жеке  жүргізілді. Оқушылар сабақтың барлық кезеңінде бірін бірі толықтырып, өзара ынтымақтаса жұмыс жасады. Арнайы қателерді түзетіп, баламалы интерпретацияға дайын болды.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтардағы байланыс

Постер, ғаламтор желісі және интербелсенді тақта пайдаланылады.

Сабақтың барлық кезеңінде оқушылар интербелсенді тақтадан https://bilimland.kz сайтынан аудиомәтіндерді тыңдап, тапсырмаларды орындады.

Рефлексия

Сабақты жоспарлауда бірінші кезекте сабаққа негізделген оқу мақсатына  сәйкес тапсырмалар беруге тырыстым. Бағалау критерийі негізінде тапсырмаға дескриптор құрылды.

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабаққа оқушылар жақсы қатысты, келесі сабағымда уақытты тиімді пайдалануым керек деп өзіме түртіп қойдым. Осы сабақта кеткен кемшіліктерді көре отырып, алдағы уақытта болдырмау үшін көптеген жұмыстар мен бақылаулар қажет екенін түсініп отырмын.

Оқушылар өзара әрекеттесіп жұптық, топтық жұмыс жасады. Бір-бірін түсіне білді, тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, бір-бірінің қателерін тауып, балама пікірлер айтуға дағдыланған.

Қате туралы хабарландыру