Ұранды елдің – ұрпағы қайсар

Утелиева Рзагүл
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы, Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы орта мектеп
2922
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Ұранды елдің – ұрпағы қайсар

 

Мақсаттары

Оқушыларға қазақ халқының басынан өткен сан қилы күрестер мен қиындықтарды айта отырып, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін мақтан ету. Тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерлігін жырлай отырып, патриоттық сезімдерін дамыту. Елін, жерін сүйетін, ата-баба тарихын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, сыни тұрғыдан ойлана алады, шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Модульдері

АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшелігі), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ДО (диалогтық оқыту).

Деректер

Тақта, бейнебаян, «Білімланд» сайтынан алынған тәрбие сағатына арналған видео.

Bilimland 

 

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

 Топқа бөліну

Ерлік тақырыбындағы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.

Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы топқа бөлінеді.

Қызығушылықтарын ояту

3 мин

«Ой қозғау» әдісі бойынша топтың атының тәрбие сағатының тақырыбына қандай байланысы бар екенін айту.

«Жалынды жігер», «Асқақ рух» «Өр намыс» деп аталған топ атауларының тақырыпқа қандай қатысы бар екенін сұрау.

Әр топтан оқушылар жеке жеке жауап беріп, топта талқылап толық жауап береді.

Мағынаны тану

8  мин

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

І бөлім.

«Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» – деп аталады.

І топ. 15 ғасырдағы қазақ хандығы мен 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы жылдары және сол кездегі қазақ хандары мен батырлары жайында постер қорғау.

ІІ топ. Махамбет пен Исатай образын сомдау.

ІІІ топ. 1937 жылғы асыра сілтеу құрбандары мен Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар, Халық қаһармандары жайында постер қорғау.

ІІ бөлім.

«Ауғанстан ақиқаты»

2 топқа берілген тақырыптар бойынша постер қорғау беріледі, 1 топқа көрініс сахналау тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

Ауғанстан туралы біз не білеміз?

«Мен көрген соғыс» деректі фильмінен үзінді көрсету.

Оқушылар берілген тақырыптар бойынша ой-пікірлерін айтады, топта жұмыс істейді, сахналық қойылым қояды, пікір білдіреді.

 

 

 

 

 

Оқушылар көрсетілген деректі фильмді тамашалайды, Ауғанстандағы соғыс жайында өз пікірлерін білдіреді.

 

5 мин

ІІІ бөлім.

«Мен елімнің патриотымын!»

Патриотизм дегеніміз не? «Bilimland» сайтынан алынған видеофильм  жіберіледі.

Оқушылар видеоны тамашалайды, ой қорытады.

Ой толғаныс

10 мин

Оқушылар шығармашылығы.

Оқушылар шығармашылығына (өлең оқу, арнау шығару, ой толғау жазу) арналады.

Өлең шығарады, ән айтады, көркемсөз оқиды.

Рефлексия

2 мин

«Бессаусақ» әдісі.

Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма? Қандай өнеге алдыңдар?

Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде жазады.

Қате туралы хабарландыру