Менің елім – Қазақстан

Бурбаева Айнажан Халихановна
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№10 мектеп-гимназия» КММ
939
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Менің елім – Қазақстан

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Тыңдалым: жалқы және жалпы есім туралы ережені түсіну, жалқы және жалпы зат есімдерді ажырату, сөйлеуде қолдану;
Айтылым: Отан, елім тақырыбы бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің елі туралы 4-5 сөйлемнен тұратын мәтін айту, тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 
Жалпы және жалқы есімдерді ажыратады.
Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде тапсырма орындайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тірек сөздер бойынша сөйлем құрайды. Жалпы және жалқы есімдерді ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде ережені ауызша айта алады. Елі, Отаны туралы 4-5 сөйлем монолог еркін айта алады.

Бағалау критерийлері

Жалқы және жалпы зат есімдер ережені түсіну 
Менің елім – Қазақстан тақырыбында сөздерді қолдану 

Ойлау дағдыларының деңгейі 

Білу, Түсіну, Қолдану, Талдау 

 

Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым.

Терминология: жалқы, жалпы есім.

Сөз тіркестері: рәміз, мемлекет, қыран құс, Есіл өзені, еркіндік, әнұран, елтаңба, ту, ою-өрнек.

Құндылықтарды дарыту

Отанға құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

География, орыс тілі пәндерімен байланыс. 

АКТ қолдану дағдылары

География, орыс тілі пәндерімен байланыс. 
iMektep сайтымен жұмыс, BilimLand материалдарымен жұмыс, YouTube материалдарымен жұмыс.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Елім  тақырыбынан сөздерді, сөз тіркестерді, зат есімнің ережесін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар 
Әдіс

Басталуы

Амандасу: 
Тіл дамыту: 
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Атаның төртінші күні қай күн?
- Аптаның жетінші күні қай күн?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қазір қай жыл мезгілі?
Психологиялық жағдай жасау:
Оқушылар дербес компьютердің журналында өзін тіркейді. Компьютерде оқушылармен амандасатын анимациялық смайл.
- Ал көңіл күйлерін қалай? Көтерілді ме? Енді сабағымызды бастайық.
- Балалар, кеше біз қандай тақырып туралы айттық? Міне мына суретке қарайық (Суретте географиялық карта). Сендер нені көріп отырсыңдар?
Қараңдаршы бұл картада неге кейбір сөздер үлкен әріппен жазылған кейбір сөздер кішкентай әріппен жазылған? 
Міне бүгін біз осы сұраққа жауап алуға тырысамыз. 
Сабақта «Менің елім – Қазақстан» тақырыбын жалғастырамыз. 
Мақсаты: тақырыпта танысқан сөздерді сөйлеуде қолдану және жалқы және жалпы есімдерді ажыратуға үйрену. 

Қазақстан географиялық карта

«Миға шабуыл» әдісі

Ортасы

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Олар парақты сабақ барысында толтырады.

Тыңдалым: Оқушылар дербес компьютерде орындайды.
iMektep сайтында қазақ тілі бөлімінде материалмен жұмыс.
Сөз таптары. Жалқы және жалпы зат есімдер.
Тапсырма
Видеосабақты бір рет мұқият тыңдайсыңдар. Түсініксіз сөздерді жазып аласыңдар. (Бейнесабақта жалқы және жалпы зат есімдер туралы ережені түсіндіреді)
Бейнесабақты тыңдағаннан кейін мұғалім сұрақ қояды.
- Не түсіндіңдер? 
Жалқы есім сөзін қалай аударамыз?
Жалпы есім сөзін қалай аударамыз? Бұл тақырыпты орыс тілінен өттіңдер ме? 
- Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
- Қандай сөздер кіші әріппен жазылады? (оқушылар түсінгенін айтады)
iMektep сайтында онлайн тапсырма: 
1-тапсырма: Оқушылар дербес компьютерде жеке орындайды.

Кері байланыс: 
Оқушылар жұмыстарын дұрыс жауап арқылы тексеріп өздерінің 
қателерін айтады.
2-тапсырма: Тест Оқушылар дербес компьютерде жеке орындайды
1. Жалқы есімді табыңыз:
Әуезов көшесі
Қала
Тау
Өзен
2. Жалпы есімді табыңыз:
Алматы қаласы
Әуезов көшесі
Ертіс өзені
Қала    
3. Жалқы есімдер қалай жазылатынын көрсетіңіз
Бірге
Бас әріппен
Кіші әріппен
Дефис арқылы
4. «Төле би көшесінде» қандай есімге жататынын белгілеңіз:
Жалпы есім
Сын есім
Жалқы есім
Сан есім
5. Бейнефильм не туралы екенін көрсетіңіз:
Сан есімдер
Жалқы, жалпы есім туралы
Сын есім туралы
Қалалар туралы
6. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз. «Қазақстан....»:
Республика
Облысы
Республикасы
Қаласы
7. Жалқы есімді көрсетіңіз:
Перу
Қала
Облыс
Көше
8. Бірыңғай жалпы есімдерді көрсетіңіз:
Тау, Айнұр, Қала
Жамбыл облысы, Алматы, Өзен
Республика, Қала, Көше
Титикака, Алматы, Айнұр
9. Дұрыс жазылған жалқы есімді көрсетіңіз.
Республика
«балдырған» журналы
алматы қаласы
«Балдырған» журналы
10. Қала сөзі қандай есімге жататынын көрсетіңіз:
Сан есім
Жалқы есім
Сын есім
Жалпы есім
Кері байланыс: 
Оқушылар жұмыстарын дұрыс жауап арқылы тексеріп өздерінің 
қателерін айтады.
3-тапсырма: Топтық жұмыс.
Балалар, мен сендерге қазір бейнефильм көрсетемін. 
(мұғалім дауысы жоқ фильмді қосып береді, оқушыларға өзі бұл туралы білмегендей болады.)
-Балалар енді не істейік, фильмнің дауысы жоқ екен? Таптым, біз осы бейнефильмге өзіміз дауыс жазып береміз. Ол үшін фильмді мұқият қараймыз, фильм бойынша сөз тіркестерін құрастырамыз, фильмге жоспар жазамыз, жоспар бойынша әңгіме құрастырамыз.
1. Әр топ:
1) Фильм бойынша сөз тіркестерін жазады.
2) Фильмге жоспар құрастырады.
3) Жоспар бойынша әңгіме құрастырады. Мәтінді жазуда міндетті түрде жалқы есімдерді қолдануға шарт қойылады. 
(Оқушылар ұсынған жоспар негізінде әр топқа белгілі шағын тақырып беріледі). 
2. Әр топ шығып, қосылған фильм сюжетіне ай өз мәтіндерін айтады, сол кезде басқа екі топ жалқы және жалпы зат есімдерді және етістіктерді ақ параққа маркермен жазады. 
Кері байланыс: 
Оқушылар қолдарынан не келгенін бағалау критерий бойынша айтады. Қателерін түзетеді.

Бағалау парағы

 

 

 

 

 

 

 

iMektep сайтында қазақ тілі бөлімінде
Сөз таптары. Жалқы және жалпы зат есімдер

https://www.imektep.kz/kz/zhalpi-esim-zhane-zhalki-esim

 

 

 

 

 


iMektep сайтында қазақ тілі бөлімінде 
Сөз таптары. Жалқы және жалпы зат есімдер

https://www.imektep.kz/kz/zhalpi-esim-zhane-zhalki-esim

«Дұрыс/ бұрыс» әдісі

 

 


iMektep сайтында қазақ тілі бөлімінде 
Сөз таптары. Жалқы және жалпы зат есімдер

«Тест» әдісі

https://www.imektep.kz/kz/game#quiz-461

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimland сайтынан фильм

«Казахстан наш общий дом»

https://bilimland.kz/ru/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/kazakhstan-nash-obshij-dom

 

 

 

 

 


«Мен тілшімін» ойыны
 

Аяқталуы

- Бүгін сабақта біз не білдік? Кім қалай түсінгенін «Бағдаршам» арқылы анықтайық.

 Әлі де сұрақтарым бар

 Тақырыпты түсінуге әлі де тырысу керек

 Тақырыпты толық түсіндім

Тақтада ақ парақтарда жазылған жалқы және жалпы есімдер, етістіктер негізінде оқушылар сабақта не үйренгенін айтып шығады.
Үй жұмысы: 
- Отан туралы 3 мақал-мәтел жаттап келу, ережеге 2 сұрақ жазу.
- Отан туралы 2 мақал-мәтел жаттап келу, ережені еске түсіру.
- Отан туралы 1 мақал-мәтел жаттап келу, жалқы есімге 4 мысал жазу.
Бағалау: Оқушылар өз бағаларын балдарды санау арқылы есептейді.

«Бағдаршам» тәсілі

 

Қате туралы хабарландыру