Қыстырма сөз

Байбатырова Назым Серікболатқызы
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылы, Топқайың орта мектебі
4284
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Қыстырма сөз

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді табуға үйрету. Байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Қыстырма сөздің ережесін, тыныс белгісін біледі. Сөйлем ішінен таба алады.

Сабақ типі

Аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі

Электронды оқулық, карточкалар, интербелсенді тақта, бағдаршам.

Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар

аймектеп  http://imektep.kz/

Әдіс-тәсілдер

«Кофе ішейік», «Таңда таста» әдістері.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Амандасу. Жақсы хал ахуал қалыптастыру.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Бас иіп бүгін бәріміз.

Интербелсенді тақта

 Үй тапсырмасын сұрау

 «Кофе ішейік» әдісі арқылы.

Балнұр: (Сөйлем дегеніміз не?)

Нияз: (Айтылу мақсатына қарай бөлінетін қандай сөйлемдерді білесің?)

Серік: (құрылымына қарай сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?)

Арыстан: (Жай сөйлем дегеніміз не?)

Айзада: (Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемдерді айтамыз?)

Айтұмар: (Жайылма сөйлем дегеніміз не?)

Абылай: (Құрмалас сөйлем деп қандай сөйлемдерді айтамыз?)

Аружан: (Құрмалас сөйлемдер қалай жазылады?)

Мұғалім: (Бір топ бала жұмыла кірісіп, коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты). Қандай сөйлем?

Айша: (Дәптерден үй жұмысын тексеріп шығу).

Оқушылар тақтада ілінген стақандар суретін алып оқушының атын оқиды және сол оқушыға өткен тақырып бойынша дайын сұрақты қояды.

 

 

 

 

 

 

 

Дәптер ауыстыру.

Күннің жадын жазу.

Көркем жазу сәті

 

Стакан суреттері

Жаңа сабақ

Мюнстенберг әдісі бойынша жаңа сабақты хабарлау.

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

 

57-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшесіне талдау.

 

 

https://imektep.kz/kz/kystyrma-sozder қыстырма сөз ережесін тыңдату.

 

58-жаттығуды «Балық аулау» ойыны арқылы орындату.

 

https://imektep.kz/kz/kystyrma-sozder қыстырма сөз тыныс белгісі туралы видеоролик көрсету.

Сөйлем мүшесіне талдайды, қарамен жазылған сөздердің сөйлемдегі қызметін анықтайды. Мағынасын түсіндіреді.

 

Ереже қорытады.

 

Балықтың суретіне жаттығудағы сөйлемдерді жазамын. Магнит арқылы тартып балықтағы тапсырманы кезекпен тақтада орындайды. Қыстырма сөздерді тауып, сөйлемде тұрған орнын анықтап, тыныс белгісіне назар аударып ереже қорытады.

59-жаттығуды карточкадан тыңдаған ережелері бойынша қатесін түзеп орындайды.

Тақта, бор.

Интербелсенді тақта

https://imektep.kz/kz/kystyrma-sozder

Сергіту сәті

«Менің орным» ойыны

Балаларға жеке сөздер жазылған гүлдер таратамын, сол сөздерден сөйлем құрап, қатарға тұрады. Қыстырма сөзі бар гүлді алған оқушы орнын тауып тұрады.

Гүлдер

 

https://imektep.kz/kz/game#select_words-1130

https://imektep.kz/kz/game#select_words-1130 тапсырмасын орындайды

https://imektep.kz/kz/game#select_words-1130

Қорытынды бөлім

Жаңа сабақты бекіту

«Таңда, таста» әдісі арқылы оқушыларға бір-бір парақ таратамын. Пысықтау сұрақтары:

 – Қыстырма сөз дегеніміз не?

– Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?

– Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?

https://imektep.kz/kz/subscribe

Дұрыс/бұрыс ойынын ойнату.

Параққа пысықтау сұрақтарына жауап жазады. Парақты умаждап бүктеп бір-біріне лақтырады. «Тоқта» деген белгіні берген кезде әркім жанына түскен қағазды алып, жауапты оқиды. Егер жауап дұрыс болса, бағдаршамның жасыл түсіне, қате болса қызыл түсіне жиналады. Қате жауапты жазған оқушылар дұрыс жауапты оқып, қатесін түзейді.

 

 

 

https://imektep.kz/kz/subscribe

Үйге тапсырма беру

Ереже жаттау, 77-беттегі кесте бойынша қыстырма сөз мағынасына сөйлем құрау.

 

 

Оқушылар білімін бағалау

Жеке оқушыларды бағалау. Оқушылар пікірін тыңдау.

 

 

Қате туралы хабарландыру