Туған жердің төсінде

Саркулова Айгулжан Калихановна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, қалалық №1 ЖББОМ
147
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Туған жердің төсінде

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;
6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

 

Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын болжай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 
Қойылған сұрақтарға жауап беруде өз пікірін айта отырып, негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: қосымша ақпаратты пайдалана отырып, түйін жасайды.

 

Оқушылар орындай алады: тірек сөздерді, негізгі ойды анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: туған өлке, асқар таулар, айдын көл, Қазақстан, жасыл жайлау, алтын дән, сұлу, орман, кең-байтақ.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Менің ойымша, біріншіден...
Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті ….деп ойлайсыз?

ишара: ым...
 

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» құндылығы: Зайырлы қоғам және руханият
Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, география пәні

АКТ қолдану дағдылары

Оқулық, интерактивті тақта, Bilimland.kz сайты

Алдыңғы оқу

Туған өлкені жырлаймыз

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт 

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар 

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады: 
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын  тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!

Психологиялық дайындық және Топқа бөлу: Топты 3-ке бөлу. Оқушыларға ? белгісі, ! белгісі, . белгісі бар қағаздар таратылады. Оқушылар әр тыныс белгісін таңдай отырып, үш топқа бөлінеді.

  

Психологиялық анықтама:
(?) Сұрау белгісін таңдаған оқушылар алдына мақсат қоймас бұрын бұл әрекетімнің нәтижесі қаншалықты жетістікті болады деген сұрақты өзіне жиі қояды. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысады.
(!) Леп белгісін таңдаған оқушылар өз істеріне мейлінше сенімді, қызуқанды, сонымен қатар, алдына қойған мақсатқа қол жеткізе білетін жандар.
(.) Нүктені таңдаған оқушылар сабырлы, өзгенің ойын тыңдай отырып, өзін де тыңдата біледі. Бастаған жұмысы көбіне жетістікті болады.
Үй тапсырмасы:
Жарнама жасау
Ойшақыру 
«Сиқырлы қалпақ» әдісі

Балалар, өткен сабағымызда туған жер туралы өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымызды осы тақырып аясында әрі қарай жалғастырамыз. «Туған жер» деген сөзді естігенде алдымен ойымызға не келді?
Кәнеки мына сиқырлы қалпақтың көмегімен сіздердің туған жер туралы ойларыңызыды біліп көрейік.
(Топта отырған кез келген оқушыға қалпақ кигіземін,сол оқушы ойы секілді өлең, мақал-мәтел сырттан оқылады) Топтың қалған оқушылары өз пікірлерін білдіреді.
1 топтағы оқушыға қалпақ кигізіледі. «Туған жер» өлеңінен үзінді оқылады.

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың, –
2 топтағы оқушыға қалпақ кигізіледі (Мәтін оқылады).
Ауылым – алтын бесігім. Егер де ауылыңан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең,таныс көшелер,үйлер,адамдар- бәрі көзіңе оттай басылады. Осының соншалықты қымбат, сүйкімді болуының сыры неде?Өйткені сенің туған жерің-балалық бал дәуірің өткен жер. Сондықтан бұл саған соншалықты ыстық, соншалықты қымбат, соншалықты сүйкімді.
3 топтағы оқушыға қалпақ кигізіледі. Мақал-мәтел оқылады.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Балалар, ел қорғауда көрсеткен ерлігі, батылдығы үшін ата-ағаларымыз бірнеше рет төсбелгімен марапатталғанын білеміз. Сол сияқты бүгінгі сабақта белсенділік танытқандарды жұлдызша төсбелгісімен марапттаймын.
Пікір айтқан әр оқушының төсіне жұлдызша белгісі жапсырылады (Сабақ барысында оқушылар бірнеше тапсырма орындау арқылы бірнеше жұлдызшамен ынталандырылып отырылады).

Иә, балалар дұрыс айтасыздар. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», – деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды..Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет. Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!
Дескриптор    Білім алушы 
     1.1.Тыңдалған мәтіннің тақырыбын болжай алады.

 

 

Тыныс белгісі бар кеспе қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, интерактивті тақта, Bilimland.kz сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/abu-sarsenbaev-sen-qurmette-ony-qarahym-tuhan-zher

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/maqal-matelder-maqal-matelderding-erekshelikteri


 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс
5-тапсырма (95-бет)
Мәтіналды тапсырма
«Лауф» диктант
Тақтаға мәтінде кезедесетін сөз немесе сөз тіркестері жазылған А-4 қағазы ілінеді.Әр топтан бір оқушы шығып белгілі бір уақыт ішінде тақтадағы сөздерді оқып, тобына келіп жаздырады. Әр топ өз нұсқасын оқиды. Соңында жазған мәтінмен тақтадағы сөздерді салыстырады.
Туған өлкем, асқар таулар, айдын көл, Қазақстан, жасыл жайлау, алтын дән, сұлу, орман, кең-байтақ.
Дұрыс жазған оқушыларға жұлдызша беріледі.

Дескриптор    Білім алушы 

Тыңдалған мәтіннен 9-10 тірек сөзді жаза алады;
Тыңдалған мәтіннен 6-8 тірек сөз таба алады;
Тыңдалған мәтіннен 3-5 тірек сөз таба алады.

Мәтін кезіндегі тапсырма
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді екі рет тыңдайды. 
«Домино» әдісі

Топтық жұмыс. Қатысушылар шағын бірнеше топтарға бөлінеді. Барлық топтарға бірдей тапсырма ұсынылады. 
Шарты: сөйлемді немесе мәтінді қиып-қиып үстелдің үстіне араластырып шашып тастауға немесе арнайы конвертке салып ұсынуға болады.  Оқушылар оны «Домино» ойынын ойнаған сияқты толық құрастырып шығуы керек. Мұғалім ұсынылған тапсырманың көлеміне қарай уақытты белгілейді. 
Оқушылар топпен жұмыс істейді.
Мәтін
Туған өлкем
Менің туған өлкем – кең-байтақ Қаазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім! Сондықтан да мен оны анамдай ардақтаймын. Шексіз сүйемін, әрқашан аялап қорғап жүремін.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Түлегі өскен алуан-алуан,
Төс алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Мәтін бойынша сұрақтар мен жауаптары бойынша:
Жасыл – түсіндім, сары – сұрақ бар, қызыл – ештеңе түсінбедім дөңгелекшесін бояу арқылы көрсетеді.

Мәтін соңы тапсырма Оқушылар жеке орындайды.
10-тапсырма (96-бет)
«Төрт сөйлем» әдісі
Оқушыларға жазба жұмысын орындау кезінде сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану керектігі ескертіледі.    
«Пікір» Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен білдір!
«Дәлел» Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде!
«Мысал» Пікіріңді өмірмен байланыстыр!
«Қорытынды» Тақырып бойынша қорытынды жаз!

Дескриптор    Білім алушы 
• Тыңдалған мәтіннің мазмұнын суреттермен байланыстырып, 4 сөйлем жаза алады;
• Тыңдалған мәтіннің мазмұнын суреттермен байланыстырып, 3 сөйлем жаза алады;
• Тыңдалған мәтіннің мазмұнын суреттермен байланыстырып, 2 сөйлем жаза алады;
• Тыңдалған мәтіннің мазмұнын суреттермен байланыстырып, 1 сөйлем жаза алады.

Қазақ тілі 6-сынып оқулығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дәптер, қалам
 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Туған жердің табиғаты бейнебаянын қарау арқылы оқулықтағы 12-тапсырманы орындау (96-бет)
«Жағдаят»

Шетелдік туристке туған жердің табиғатын сипаттау. Олар туған өлке, табиғаты, ондағы тұлғалар, тарихи ескерткіштер туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу түрі – диалог.
1-топ рөлі турист
2-топ рөлі аудармшы
3-топ рөлі қала тұрғыны
Қатысушылар: Турист, аудармашы, қала тұрғыны
Жұлдызша таратылады.

Үй тапсырмасы «Менің туған жерім...» тақырыбына шағын мәтін құраңыз.
Кері байланыс:

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/geografiya/lesson/tuhan-zherding-tabihaty

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –
Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі
Денсаулық және қауіпсіздік, 
АКТ-мен байланыс. 

Оқулық, интерактивті тақта, Bilimland.kz сайты 
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

- Қарым-қатынас формалары бойынша саралау мәтін бойынша сұрақ құраған кезде оқушылар топтық жұмыс жасауда бір-бірінен көмек алуға, өз ойы мен идеясын айта отырып өз үлесін қосу арқылы жүргізілді.
- Ресурс немесе мәтін бойынша саралау бәріне ортақ бір тақырыпқа презентация құруда күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, оқушылардан өз жауаптарын дәлелдей алуда жүргізілді.

Бағалау критерийлері:
• Мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжайды;
• Жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.    

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:

2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 
1: 

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: 

2:

Қате туралы хабарландыру