Үстеу туралы жалпы түсінік

Дүйсенғалиева Анар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Бейнеу гимназиясы
13582
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Үстеу туралы жалпы түсінік

 

Мақсаты

Үстеу туралы түсінік беру, сауатты сөйлей, жаза білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Үстеу туралы түсінікті өз беттерінше жинақтап, салыстырмалы түрде ой қорытып, өз бетінше жұмыс жасай алады.

Ресурстар

Бейнебаяндар, суреттер, бағалау парақшалары, стикер, тест.

Қажетті әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық тапсырмалар, АКТ, бағалау, «Қосжазба күнделігі», «Айналмалы бекеттер» әдісі.

Сабақтың түрі

Топтық сайыс.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу, сөз өнері.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Талап

Оқушылар іс-әрекеті (нәтиже)

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

 

Үй тапсырмасы

 

 

Қызығушылықты ояту

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

 

Етістік сөз табы туралы.

 iTest

http://itest.kz/exam_test?test_id=592060535 тест тапсырмасын беру.

 

 

- Оқушылар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?

- Сөз таптарының қайсысымен таныссыздар, қайсысы таныс емес?

- Кезек қай сөз табына келді екен?

Сабаққа толық дайындықпен отыру.

 

 

Өткен тақырыпты ұғынғандығын дәлелдеуі тиіс.

 

 

 

 

Сөз таптарын жатқа айтып, таныс сөз таптарын білуі қажет.

Құралдары түгел, назарларын сабаққа аударады.

Оқушылар http://itest.kz/exam_test?test_id=592060535 орындайды.

 

 

Таныс сөз таптарының астын сызып, ҮСТЕУ сөзіне назар аударады.

1-мин.

 

 

 

4-мин.

 

 

 

 

 

 

2-мин.

 

Бағалау пайызбен көрсетіледі.

Жаңа сабақ

 

 

Мағынаны тану бөлімі

 

Бейнебаян

Күн жадын, сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлап,топқа бөлемін. Сабақ жоспары таныстырылады, бағалау парақшалары үлестіріледі.

 

Жаңа сабақты баяндамас бұрын Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрсету.

Үстеу туралы жалпы түсінік - 1

Сұрақтар:

- Кімнің, қандай шығармасынан алынған?

- Қожаның қай сәтінен көрініс?

Топтық сайысқа дайын болу.

 

 

 

 

 

Мұқият қарау.

Топтар орындарына отырады, дәптерге күн жадын, сабақ тақырыбын жазады.

 

Кімнің, қандай шығармасынан алынғанын тауып айтып, сұрақтарға жауап береді.

2-мин.

 

 

 

 

 

 

2-мин.

Бағалау критериалды бағалау парақтары арқылы жүргізіледі.

 

 

Бейнебаян бойынша жаңа сабаққа арналған мысал сөйлемдер көрсету

- Бірақ Қожаның бақаны кашан? қайтіп? қалай? не үшін? не себепті? салғанын білмейсіздер, солай ма? Енді мысал сөйлемдерге назар аударайық.

 

1. Қожа топ-тобымен жатырған бақаларды көрді.

2. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды.

3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.

4. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды..

5. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін қайтты.

6. Қожа сөмкеге бақаны бүгін салды.

7. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды.

8. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды.

(Сөз табына талдату, таныс емес сөз табын таба алуға жетелеу. Сын-сапаның да түрлі белгісін білдіретінін түсіндіру. Түрленбейтінін лезде үстеуі арқылы дәлелдету.)

Сөз таптарының сұрақтарын білуі тиіс.

 

Ерекше түспен жазылған үстеу түрлеріне үңілу.

 

Үстеулері бар сөйлемдерді түсініп, мән беріп оқу.

 

Жаңа сабақты ұғыну.

Оқиды, сөйлемдегі сөздерді сөз табына талдайды.

Үстеу сөз табынан етістікке сұрақ қою арқылы сұрақтарын ұғынады.

 

Үстеулердің қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұрғанын, түрленбейтіндігін байқап, ереже шығарады, айтады.

10-мин.

Сабақ кезеңіне қатысын әр оқушы өздері белгілейді.

Жұптық тапсырма

Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіте түсу мақсатында берілген сурет, үстеулерді пайдаланып, сұрақ-жауап құрастыруға шақыру.

Үстеу туралы жалпы түсінік - 2

Үстеудің сұрақтарын, өзіне тән ерекшелігін ұғына түсу. Сауатты сөйлеу.

Әр топтан екі-екіден оқушы шығып, сұрақ-жауап құрастырып, жұптық тапсырманы орындайды.

4-мин.

Бағалау парақшасына белгілейді.

Кітаппен жұмыс

215-жаттығудың талабымен таныстырып, әр абзацты әр топқа бөліп беру.

 

Сұрақтар:

1-топ. Тілге ұқыпсыз адам деп қандай адамды айтамыз?

2-топ. Тілге ұқыпсыз балалар қандай сөздерді қолдануы мүмкін?

3-топ. Сөз мәдениетін қалай игеруге болады?

 

Тақырыбы мен идеясын аштырып, ортақ түйінді сөзбен қорыту.

Оқиды, тақырып қояды, өмірмен сабақтастырып, идеясын ашады, күшейткіш үстеулерді қолданады. Ортақ ой қалыптасуы тиіс.

«Айналмалы бекеттер» әдісімен әр топ басқаша стикерге жазады, бірінің ойын бірі қайталамайды. А3-ке жапсырады, алмасады.

Топтар бір-бірінің жазғандарынан түсініктерін толықтырады.

5-мин.

Бағалау парақшасына белгілейді.

Бейнебаян

 

- Сонымен, оқушылар, тақырып сөз мәдениеті, идея-сауатты сөйлей білу де өнер болды. Осы орайда мына бейнебаяннан не алуға болады?

https://bilimland.kz/kk/#lesson=7678

Ынтамен қарап, тыңдауға шақыру.

Кім? Не туралы? Не үйренуге болады? деген сұрақтарға жауап іздеу.

Әр топ «Қосжазба күнделігін» толтырады (Не әсер етті?/Не себепті?)

5-мин.

Бағалау парақшасына белгілейді.

Шығармашылық жұмыс

 

 

Сабақты қорытындылап, бекіту мақсатында ұйқас беру.

Үстеу туралы жалпы түсінік

Жаңа сабақ бойынша түсінігін делелдеуі керек.

 

Топтар үстеулерді қатыстырып, ойларын жүйелі, сауатты жеткізеді.

Өлең құрастырады.

 

3-мин.

Сабаққа қатысы туралы бағалау парақшасына белгілейді.

 

Кері байланыс

 

«Аяқталмаған ой»

 

Бүгін мен білдім ...

Мен үшін ең қызықты болғаны ...

Менің ойымша, біз үшін маңызды ...

Мен үшін қиындық тудырған ...

(Оқушылар жауабын ескеріп, дамыту, түзету жұмыстарын жоспарлаймын.)

Сабақ бойынша өз ойын ашық жазу.

 

 

Стикерге сұрақтарға жауап жазып, іледі.

 

 

3-мин.

 

Бағалау

 

Қорытынды бағаларын шығаруға шақыру.

Сыныбы......

Пәні......

Оқушы аты-жөні..........

Үстеу туралы жалпы түсінік - 3

Бағалау парақшасының талабын орындау.

 

Ұпай санын есептеп, бағаларын шығарады.

Бағалау шкаласы:

30-26 болса, «5».

25-23 болса, «4».

22-16 болса, «3».

2-мин.

 

Бағалары бойынша топтар мадақталады.

 

Үйге тапсырма

Кітаптағы 1-тапсырманың шартымен таныстыру. Түсінбегендері болса, қайталап түсіндіру.

Жаттығу талабын орындау.

Үстеулерді қатыстырып, сауатты жарнама жасау.

2-мин.

Ізденеді, үстеу қолданады, жазады.

 

 

 

Қате туралы хабарландыру