Зат есім және оның түрлері

Исабекова Айгүл Кәрібайқызы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылы, Қарашілік орта мектебі
16616
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Зат есім және оның түрлері

 

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Зат есімнің түрлері туралы тақырыпты түсінеді, алған білімін тапсырмаларды орындағанда қолданады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Жаңа білімге мысалдар  келтіре білуі, зат есімнің сұрақтарын қоя алауы керек.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:   

Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс, жалқы есіммен жалпы есімдерді ажырата алуы керек. 

Кейбір оқушылар білуге тиіс: 

Оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындауы, сабақтың мақсатын айқындай алатын болады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

1. Топтау стратегиясы.

2. Семантикалық карта.

3. Тәтті  сұрақтар стратегиясы.

4. Кубизм стратегиясы.

5. Автор орындығы.

6. Кластер.

7. Блум түймедағының алты күлтесіндегі сұрақтар.

8. Қобдишадағы сұрақтар.

Көрнекіліктері

Электронды оқулық, суретті қима қағаздар.

Пайдаланған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқу мен оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Ресурстар, дереккөздері

Қазақ тілі (3-сынып) оқулығы, әдістеме, интернет, электронды оқулық, BilimLand  ресурстары.

 

Қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін – деп, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Психологиялық ахуал

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы

“5 “-ке қолды жеткізу!

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 

І топ. Түбір

ІІ топ. Жұрнақ

ІІІ топ. Жалғау

Әр топ өз топтарының атын қорғайды. Түбір, жұрнақ, жалғаудың ережелерін еске түсіріп, дәлелдейді.

Қызығушылықты ояту

«Блум түймедағының алты күлтесі» әдісі

1. Қарапайым сұрақтар: Зат есім деген не?

2. Анықтаушы сұрақтар: Зат есім заттардың несін білдіреді?

3. Түсіндіруші сұрақтар: Зат есімнің сұрақтарын ата.

4. Шығармашылық сұрақтар: Берілген сөздер қатарынан артығын алып таста.

5. Тәжірибелік  сұрақтар: Сөздерге сұрақ  қой.

6. Бағалау сұрақтар: Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.

Зат есім және оның түрлері - 1

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

Зат есім

1-топ. «Кім болам?» мамандық иелерін атап жіберейікші.

Зат есім және оның түрлері - 2

6 слайд

Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандық иелеріне қандай сұрақтар қойылды?  (Кім?)

2-топ. Семантикалық  карта  толтыру арқылы орындау.

(7 слайд)

Зат есім және оның түрлері

3-топ. Кластерді толықтыру (әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай атауға болады?)

Түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі –  ......

Кесе, қасық, ожау, қазан, тостаған – .......

Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз – ......

Зат есім және оның түрлері - 3

Мағынаны тану кезеңі

 

 

 

 

7-жаттығу. Сөйлемдерден дыбысталуы бірдей сөздерді тап. Неліктен олардың біреуі бас әріптен, ал екіншісі кіші әріптен жазылған?

1-топ. Тәтті жемістердің бірі – алма. Қыздардыңарасынан Алма суырылып алға шықты.

2-топ. Ол анасына әдемі, ашық түсті раушангүл сыйлады. Раушангүл – сыныптағы озат оқушылардың бірі.

3-топ. Анасы дүкеннен бірнеше анар сатып әкелді.Оқушылар Анарды туған күнімен құттықтады.

Әр топ жалқы есімі бар сөйлемді дәптерге көшіріп жазады.

Ой қозғау кезеңі

Видеожинақ – Танымдық фильмдер – Жалқы есімдердегі бас әріп.

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/zhalqy-esimderdegi-bas-arip   (00:54 бастап)

Жалқы есіммен жалпы есімдер туралы ереже қорыту.

«Кім жылдам?» ойыны

8-жаттығу. Суретпен жұмыс. Әр топ суреттегі қыздарға ат қойып, сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Жалқы есімдердің астын сыз.

9-жаттығу. Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жаз.

1-топ. Қазақстан қалалары:.....

2-топ. Қазақстанның көлдері: ....

3-топ. Ауыл аттары:.....

 

10-жаттығу. Суреттегі үй жануарлары мен үй хайуанаттарына ат қой.

Мектепке дайындық сөйлейтін суреттер – жаттығулар – үй жануарлары.

1-топ. 4 сурет .....

2-топ. 12 сурет....

3-топ. 6 сурет.....

«Қобдишадағы сұрақтар» әдісі

Әр топқа қобдишадан сұрақтар алып, жалқы есім мен жалпы есім туралы білімдерін тиянақтайды.

http://imektep.kz/zhalpi-esim-zhane-zhalki-esim ресурсы бойынша жалқы және жалпы есімдер туралы әр топтағы оқушылардың жауабын салыстырып, бағалау.

Сергіту сәті

Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.

 

Ойын. ҚИСЫН БОЙЫНША АРТЫҒЫН ТАУЫП, ЖАУАПТАР ҚОРАБЫНА САЛЫҢЫЗ.

http://imektep.kz/iw_460

қыз, көше, Алматы, ұл

өзен, көл, тау, Алан

қала, Дала,Том,Алан

Астана, мемлекет, Перу, Қазақстан

Оқушылар АКТ-мен жұмыс жасайды.

Ой толғаныс

Постермен жұмыс

1-топ. Мұғалім (кім?) зат есім.

Жалпы есім жалқы зат есімге айналдыру.

Жекеше түрдегі – көпше з.е

2-топ. Балықшы.

3-топ. Күйші.

Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу.

 

Қорытындылау

 

СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАУЫП, БЕЛГІЛЕҢІЗ.

http://imektep.kz/iw_461

Дұрыс жауабын табады.

Үйге тапсырма

Енді, күнделікті ашайық.
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі  алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

Дәптермен жұмыс.

17-жаттығу.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Көңіл-күй аралы.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

 

 

Бағалау.

Оқушылар жинаған дөңгелекшелерін санайды, сол арқылы бағаланады.

Кері байланыс

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

Қате туралы хабарландыру