Дос және достық

Қабылова Алмаш Нурилдаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп
3488
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Дос және достық

Мақсаты

1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық туралы ой-өрісін кеңейту.

2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен және тағы да басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

3. Оқушылардың  достық сезімдерін нығайту.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға дос, достық туралы түсінігі кеңейеді.

Оқушылар адалдықты, шыншыл болуды, жаман әдеттерден аулақ жүруді үйренеді.

Оқушылар дос қадірін түсінеді.

Қолданылатын ресурстар

АКТ, слайд, bilimland.kz сайтының видеоролигі, мақал-мәтелдер, тақта, бор, А4 қағазы, маркер.

Bilimland

 

Сабақтың барысы

 

Кезеңдері

Берілетін тапсырмалар

Сабақты ұйымдастыру

Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа бөлу шеберлігі.

 5 мин

Шеңбер құрып, бірін-бірі таныстырады.

Мозайка әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Миға шабуыл

5 мин

Тақырыпты ашу сұрақтары.

Дос деген кім?

- Сыр бөлісетін адам.

- Мені өте жақсы түсінетін адам.

- Көмекке әрдайым дайын адам.

- Қандай жағдай болмасын болмасынбірге болатын адам.

- Сенімді адам.

Жаңа сабақ

Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.

15 мин

Вilimland.kz сайтының видеоролигін көріп, түйген ойларымен бөліседі.

Достық дегенді қалай түсінеміз? (Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді.)

Топтастыру стратегиясы

Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым.

ДОС  мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік.

 

Достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі  қысқа болады, – деп жауап берген екен.

 Оқушылардың пікірлері тыңдалады. 

Ой толғаныс

10 мин

«Мен сыйлайтын жан» тақырыбында шағын эссе жазады.

Ой қозғау

7 мин

Топтар «Достық» туралы мақал-мәтел айтып жарысады.

Қорытынды

3 мин

- Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

- Досыңды алдамай, оған адал бол.

- Досыңды қорлама.

- Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

- Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

- Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қате туралы хабарландыру