Мен және менің достарым. Достық деген не?

Ахмедиярова Ботагөз Мелсовна
Астана қаласы, №29 орта мектеп
18631
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Мен және менің достарым. Достық деген не?

 

Мақсаты

Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті

1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Дерек көздері

 bilimland.kz.

 

Сабақ барысы

 

І. Сәлемдесу

 

ІІ. Шаттық шеңбері

– Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

 

Сабағымызда « Достық  жырын» айтайық.

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. Өзіңнің досың туралы не айтасың?

4. Дос болу үшін адам қандай болуы қажет?

Тақтадан бейнеролик көрсетіледі.

Bilimland

Жетекші сұрақтар:

– Балалар, сендер достық деген сөзге қалай түсінік бересіңдер?
а) - Сенің досың кім?
ә) - Сен ол туралы әңгімелеп бер бізге.

б) - Достық тек адамдар арасында ғана бола ма?

в) Сендер мына мақалды қалай түсінесіңдер: «Көп ақшаң болғанша, көп досын болсын».

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

 

Екі дос ертегісін үнтаспадан тыңдау

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

– Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол ­– өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, – дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

– Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, – дейді.

– Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

– Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

–  Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, – дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?

2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

4. Бұлар қалай достасты?

 

«Достық туралы мақал -мәтелдер

 1. Шын дос үшін қалайда,

    Тік қатерге басыңды.

    Айыра біл алайда,

   Досыңменен қасыңды.

 

2. Аққуды атпа,

   Досыңда сатпа.

 

3. Досы жоқпен сырлас,

   Досы көппен сыйлас.

 

4. Досың мың болса да – аз,

  Дұшпаның біреу болса да – көп.

 

5. Жүз теңгең болғанша,

    Жүз досың  болсын.

 

6. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

 

7. Дос басқа қарайды,

   Дұшпан аяққа қарайды.

 

Ойын: «Ренжістік, Достастық»

(әуенмен)

 

Балалар, бүгін біз: «Ренжістік, Достастық» ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін шын достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:

«Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.

«Тоқта» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңды беріп тұрасыңдар

«Достастық» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп, өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.

 

Пікір алмасу:

- Сендерге ойын ұнады ма?

- Татуласқанда қандай сезімде болдыңдар? (қуанышты, бақытты, көңілді)

- Ал ренжіскен сендерге ұнады ма?

- Ренжіскенде қандай көңіл-күйде болдыңдар? (қайғылы, көңілсіз)

- Ендеше балалар, өмірімізде қуанышты, бақытты сәттер көп болсын десеңдер, ешқашанда достарыңмен ренжіспеңдер. Олармен бірге тату-тәтті достықта болуларыңа тілектеспін.

 

Тыныштық сәті.

- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына жақсы тілектер ойлайық. (2-3 секунд) Тілектер ойлап  болсақ, көзімізді ашайық.

- Қазір мен сендерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусаққа досымыздың жақсы қасиеттерін жазып шығайық.

«Бес саусақ бірікпей, қолға ине ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып, бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік. Татулық  достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір-бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан достық татулықтан басталады делінген.

 

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Оқушыларға алдын-ала жүрекшелер таратылып беріледі.

- Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Жүрекке жылы сөздер жазып, қасындағы адамның жүрегіне жабыстырады.

VIІІ. Қорытынды

Ризашылық әні.

Сөзі мен әнін жазған: Луиза Хей.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Үйге тапсырма

«Досым саған арнаймын»

(ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу).

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру