Тәуелсіздікке 25 жыл

Жүсіпқалиева Қаным Кайрсапаевна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясы
3372
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Тәуелсіздікке 25 жыл

Мақсаты

Елін, жерін сүйетін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, Тәуелсіздік ұғымын қадірлейтін азамат болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

А) Тарихтағы Тәуелсіздік алуға үлес қосқан қайраткерлер мен тарихи оқиғаларды біледі.

В) Тарихты саралай отырып, Тәуелсіздік ұғымын терең түсініп, талдай алады.

С) Тәуелсіздік ұғымының толық мағынасын аша отырып, ойын қорытындылай алады.

Керекті жабдықтар

Компьютер, интербелсенді тақта, үлестірмелер.

 

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Сәлемдесу

Сурет қиындылары арқылы топқа бөліну.

 2 минут.

 

Сабақ мақсатын, критерийлерін таныстыру.

 1 минут.

Топқа бөлінеді.

 

 

 

Сабақтың мақсаты мен критерийлерімен танысады.

Тұсаукесер

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/manggilik-el 

Bilimland

сілтемесі арқылы Bilimland.kz сайтынан видео көрсетіледі. 6 минут.

Мұғалім: Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінеміз? – деп сұрақ қойылады. Оқушылар сұраққа әртүрлі жауап беруі мүмкін. Әр оқушы қолындағы суретін тақтаға жапсыра отырып жауаптарымен бөліседі. Тақтада тұрған күннің суретінің жан-жағына сәулелері сияқты суреттерден Тәуелсіздік жолында болған тарихи сәттер мен оқиғалардың көріністері шығады. 7 минут.

Сұраққа жауап береді. Сурет қиындыларын жапсырады.

Негізгі бөлім

Оқушыларға әртүрлі тарихи мағлұматтар жазылған ресурстар беріледі. Ресурстарды топ ішінде оқып, бір-бірімен бөліседі. Топ ішінде бөліскен соң, топ басшылары бір-бірімен топ арасында алмасады (сағат тілі бойымен). Топ басшылар басқа топқа барып өз тақырыптарын түсіндіреді. Осылайша ауысып отырып, барлық топ қамтылып шығады. Топ басшылары өз орындарына отырады.

Оқуға 6 минут, талдауға 4 минут, бөлісуге 5 минут беріледі.

Берілген ресурстарды оқиды, топ ішінде талқылайды. Топ арасында талқылайды.

Қорытынды

Топтар бір-біріне сұрақ қояды. «Бес жолды өлең» әдісі арқылы әр топ тапсырмаларын орындайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау. Рефлексия. Қорытындылау. Мұғалім сөзі.

Сұрақ қойып, жауап береді. Топтар берілген тапсырмаларын орындап оқиды, көрсетеді.

 

Қате туралы хабарландыру