Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, ХББ НЗМ
4421
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

 

Сабақтың мақсаты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, оқушыларға тәуелсіз жылдардағы білім мен ғылымның дамуына шолу жасай отырып, мемлекеттің қазіргі кезеңдегі білім мен ғылымға қатысты саясатына баға беру. Оқушыларға білім мен ғылымның маңызын ұғындырып, елдің дамуына жаңаша идеялар ұсынуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен санаса біледі, Қазақстан азаматы-патриотының қасиеттерін бойына сіңіреді, көшбасшылық қасиеттерін, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтау қабілеттерін пайдалана алады.

Құндылықтарды игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;
  • Зайырлы қоғам мен асқақ рух;
  • Индустрияландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсім;
  • Тарих, мәдениет және тіл.

НЗМ құндылықтары:

  • Академиялық шынайылық;
  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық ұстаным;
  • Айқындылық;
  • Өмір бойы білім алуға үйрену.

Сабақтың көрнекілігі

Слайд, таратпа құралдар, стикер, маркер, флипчарт.

 

Сабақтың барысы

 

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздері

Сабақтың басы

 

14:35-14:37

 

 

 

14:37-14:42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

14:42-14:45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14:45-15:10

 

 

 

Сабақтың соңы

 

15:10-15:15

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

 2. «Миға шабуыл» стратегиясы. Оқушыларға қызықты ақпарат беріп, қызығушылығын ояту. Сол арқылы сабақ тақырыбына ену.

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/patriotizm-degenimiz-ne

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/pan-olimpiadalary-degenimiz-ne

Білімланд сайтынан алынған бейнебаяндардан үзінді көреді. Осыған орай әр оқушы ой түйеді.

1. Бейнебаянда не туралы сөз болды?

2. Бір-бірімен қалай байланыстырасыз? (Ауызша ойларын жеткізеді. Тақырып айқындалады).

Тақырыпқа кіру үшін қойылатын қосымша сұрақтар:

1. Жаһандану кезіндегі білім мен ғылымның қажеттілігі  неде және білімімізді дамытуда олимпиадалық сайыстардың маңызы?

2. Қазіргі таңда біз жастарды қандай қажетті мамандықтарға дайындауымыз керек?

3. Шетелде білім алу және өз еліне қайта оралып қызмет ету қаншалықты маңызды?

3. Топқа топтастыру. Үздік жауап берген оқушылар өз қалаулары бойынша  топтарын жасақтайды. 5 топ құрылады. 

4. Шолу. Куратор өз тарапынан қысқаша шолу жасап, Тәуелсіз Қазақстанның білім мен ғылым саласына қысқаша сипаттама береді.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Тәуелсіз еліміздің кезең-кезеңмен атқарып жатқан іс-шаралары мемлекетшіл өре мен қуаттың ізденісін аңғартады. Сондықтан Елбасымыз өз Жолдауында Қазақстан дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетіп жүр. Жаһандану заманында интеллектуалды ұлт қалыптастыру, мемлекет басшысы нұсқағандай, қатал бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да байланысты. Отандық білім жүйесі өз қызметін «Білім беруге салынған бүгінгі инсвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйене отырып жүзеге асыруы керек. Болашақ сіздердің қолдарыңызда, жас достар. Олай болса, еліміздің білім мен ғылымына қатысты ойымызды ортаға салып, талқылап көрелік.

(Оқушыларға таңғы жиында алдын ала, «ҚР-ның мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы», «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік Мектептері, Назарбаев Университеті жөнінде ақпарат жинау тапсырылды).

5. Топтық жұмыс. Әр топ «ҚР-ның мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы», «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік Мектептері, Назарбаев Университеті бағдарламаларын зерттейді. Топтық жұмыстың нәтижесі бойынша оқушылар Қазақстанда ғылым мен білімнің қай саласы жақсы дамығанын анықтай алады және Қазақстан үшін ең қажетті бағыттар туралы өз ойларын ортаға салады.

 

1-топ. Фрайер әдісі бойынша жұмыс жасайды.

1. Бағдарламаның қысқаша мазмұны;

2. Мысалдар келтіреді;

3. Негізгі ерекшеліктеріне тоқталады;

4. Жаңа идея ұсынады.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - 1

2-топ. Сызба-суреттер арқылы трейлер дайындау. «Болашақ» бағдарламасы.

1. Өзектілігі мен маңыздылығы;

2. Мақсаттарын айқындау;

3. Негізгі бағыттарын айқындау;

4. Күтілетін  нәтижелерді көрсету.

3-топ. Шығармашылық жұмыс. Назарбаев Зияткерлік Мектебі.

Өз ойларын өлеңмен жеткізеді, онда мына мәселелер қамтылады. Мектептің мақсат-міндеті, білім деңгейі, ұсыныс.

4-топ. Венн диаграмма арқылы жұмыс жасайды. Назарбаев Университеті.

1. Мәлімет береді;

2. Әлемнің білім ордаларымен салыстырады;

3. Екі жақты ынтымақтастырады, ұқсас тұстарын көрсетеді.

5-топ. Эксперт тобы.

1. Төрт топты бақылайды, бағалайды;

2. Мәліметтерді салыстырады;

3. Өз ойларын қосады.

Нәтижесінде оқушылар мына мәселелерді қамтиды:

- Қазақстанның әлемнің білім жүйесіне енуі;

- Заманауи ғылыми техникалық үдеріс;

- Әлемдегі алдыңғы қатарлы білім ордаларымен ынтымақтасу.

Әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды.

6. Кері байланыс кезеңі.

(стикер арқылы сабақ жайындағы ой-пікірі).

 

Оқушылар бейнебаянға қарап ой түйеді. Бейнебаянда не туралы айтылғанын түсіндіріп, бір-бірімен байланыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыпты айқындай түсу мақсатында қосымша сұрақтарға жауап береді, қажет болған жағдайда сұрақтарына жауап алады.

 

 

Үздік жауап берген оқушылар өз қалаулары бойынша  топтарын жасақтайды. 5 топ құрылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

 

 

ҚР білім беру бағдарламасы бойынша «Фрайер» моделін құрады. Бағдарламаның қысқаша мазмұнын анықтайды, мысалдармен көрсетеді, ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа идея ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Трейлер дайындайды. Болашақ бағдарламасының өзектілігі мен маңыздылығын, мақсатын, негізгі бағыттарын айқындайды. Сызба-тіректерді, суреттер пайдаланады.

 

 

Оқушылар шығармашылық ойларын өлең арқылы білдіреді.

 

Венн диаграммасын толтырады. Мәлімет береді, әлемнің басқа оқу орындарымен салыстырып, ұқсастырады.

 

 

Эксперт  тобы барлық топтарды бақылап, баға береді. Тың мәлімет қосады, өз ойларын білдіреді.

 

 

 

 

 

Стикерге өз ойларын жазып, өз іс-әрекетін бақылайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/patriotizm-degenimiz-ne

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/pan-olimpiadalary-degenimiz-ne

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан тарихы. Алматы. Атамұра. 2010ж. 4 том.

"Болашақ" стипендиаттарының қауымдастығы

http://bolashak.kz/kz

 

 

ҚР-ның мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы https://strategy2050.kz/page/gosprog2/

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектептері http://nis.edu.kz/

Назарбаев Университеті http://nu.edu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру