Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Шерікбай Нұртай
Қарағанды қаласы, «№68 мектеп-интернат» КММ
1167
Қазақстан тарихы
Тақырыбы:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Зерттеу сұрағы

Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

- халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтайды;
- ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының  рөліне баға береді.

Тарихи концепт 

Себеп және салдар

Сабақтың мақсаты

Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді.

Сабақтың түрі

Ізденіс, зерттеу сабағы

Бағалау
критерийлері

Сыни ойлау мен талдау –  Деректердегі Кенесарыға берілген екі жақты пікірді талдайды;
Синтез – Кенесары Қасымұлының қоғам мен тарихтағы рөлін нақтылайды; 
Рефлексия – Кенесары бастаған көтерілістің жалпы ұлттық сипатқа ие болғандығын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар
Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған 1837–1847 жж. Кенесары көтеріліс туралы зерттеулерді талдайды (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Дуан, жасауыл, манап, митридат 
Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:
Патша өкіметінің көздеген мақсаты...
Көтерілістің негізгі себебі...
Кенесарының  алдына  қойған  мақсаты...
Көтерілістің нәтижесінде...
Көтерілістің жеңілу себебі...
Мен Кенесарыға... баға беремін, себебі...
Бұл оқиға/тұлға маңызды/атақты болды, өйткені...
Кенесары көтерілісін жалпыұлттық қозғалыс деп атауға болады, себебі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған ұлттың азаттығы үшін болған көтерілістер тарихын талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

Оқушылар патша үкіметінің XVIIІ ғасырда жүргізген отарлау саясатын, хандық биліктің жойылуын, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себеп-салдары мен нәтижелерін біледі.

Кері байланыс

Диалог, ой қорыту, сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап т.б.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

 

8 мин

Ұйымдастыру сәті

Кері байланыс:
Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/nysanbaj-zhyrau-kenesary-nauryzbaj-zhyry

Мағынаны тану

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Зерттеу мен талдау

1-тапсырма. «Деректерді талдау»
Оқушыларға «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басты мақсаты неде?» бейнематериалының мазмұны тыңдатылады. Ұсынылған сұрақтарға жауап беру негізінде бейнематериал мазмұны игеріледі. 
Талдау сұрақтары:
1. Кенесары туралы зерттеген ғалымдарды атаңыз.
2. Деректер мәліметі бойынша Кенесарының мақсат-мүддесі қандай?
3. Сібір губернаторына жіберген Кенесары хаттарының мазмұны не туралы?
4. Деректер Кенесарының әскери өнері туралы не айтады?
5. Кенесарының жеке қасиеттері туралы не айтар едіңіз.
6. Кенесарының Қазақ хандығында хан билігін қалпына келтіру іс-шараларын түсіндіріңіз.
7. Кенесарының мәмлегерлік қабілетін немен түсіндірер едіңіз?
8. Халық ауыз әдебиеті Кенесары туралы қандай мағлұмат береді?
9. Патша мен Кеңес Үкіметінің деректері Кенесарыны қалай бағалайды;
10. Көтерілістің тарихи маңызы.

Дескриптор:
- Кенесары туралы зерттеушілер топтарын анықтайды;
- Кенесарының мақсат-мүддесін анықтайды; 
- Дәйектер арқылы Кенесарының мәмлігерлік саясатын анықтайды;
- Дәйектер арқылы  Кенесарының әскери өнерге қабілеттілігін анықтайды;
- Дәйектер арқылы Кенесарының көшбасшылық қасиеттерін анықтайды;
- Дәйектер арқылы Кенесарының адами қасиеттерін анықтайды;
- Отаршыл сипаттағы деректерде тұлғаға қатысты пікірдің бұрмаланғанын анықтайды.

2-тапсырма. «Мінездеме беру» 
Тұлғаның тарихи портетін талдау тапсырмасы тақырып толық игеріліп, қорытындылау кезінде орындау ұйымдастырылады. Оқушылар мұғалімнің қалауы бойынша тапсырманы жазбаша немесе ауызша орындай алады. 
Кері байланыс мұғалім тарапынан беріледі.

Тұлғаның өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама;
Тұлғаның өмір сүрген ортасы;
Қоғамда алатын орны, іс-әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;
Адами қасиеті, ерекшеліктері;
Тұлғаға тарихи баға беріп қорытындылау;
Тұлға туралы оқушы пікірі, көзқарасы.

Дескрипторы:
- Кенесары өмір сүрген дәуірді сипаттайды;
- Тұлғаның өмір сүрген ортасын анықтайды;
- Қоғамда алатын орнын, тұлға ретіндегі іс-әрекетін талдайды;  
- Адами қасиеті мен ерекшеліктерін анықтайды;
- Тұлғаға тарихи баға беріп, қорытындылайды;
- Тұлға туралы пікірі мен көзқарасын ұсынады.

3-тапсырма. Оқушылардың алған білім нәтежиелерін анықтау

Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қаншалықты игергенін және күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау үшін «Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?» зерттеу сұрағына кері оралған жөн.

Дескрипторы:

- Көтерілістің жалпы ұлттық сипатқа ие болу критерийінің нақты 2 дәйегін ұсынады.

Кері байланыс. Мұғалімнің кері байланысы

 

 

 

 

https://itest.kz/kz/ent/kazak-tarihy/lekciya_1837_1847_zhyldardahy_kenesary_qasymuly_bastahan_koterilis

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://itest.kz/kz/exam-test?test_id=104745882

 

 

Ойтолғау

 

 

1 мин

Рефлексия

Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген оқушылар өз стикерлерін жасыл түстің тұсына «Мен орташа түсіндім» деген оқушылар сары түстің тұсына, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген оқушылар қызыл түстің тұсына стикерлерін жапсырады.   
Кері байланыс.
«INSERT» әдісі.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? 
Жеткізбесе, неліктен? 
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


   

Жалпы баға 
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Қате туралы хабарландыру