Кіші жүздің Ресей империясына қосылуы

Айтбаева Жанна Дюсембаевна
Нұр-Сұлтан қаласы, НЗМ ХББ
1449
Қазақстан тарихы
Тақырыбы:
Кіші жүздің Ресей империясына қосылуы

Сабақтын мақсаты: Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өтуінің себеп-салдарын анықтау, түсіну. Ресейдін мүддесін талдау.

 

Сабаққа шолу

Сенің меңгеретінің:

  1. Қазақ даласының ресурстарын анықтайсың (табиғи жағдайлар, пайдалы қазбалар).
  2. Ресейге қосылу себептерін талдайсың.
  3. Ресей империясының қазақ жеріне мүддесін түсінесің.

Сенің білетінің:

  1. 18 ғ. геосаяси жағдайдың ерекшеліктерін.
  2. Қазақ хандығының  әлсіреу себептерін.

Сабақтың зерттеу сұрағы:

  • Неліктен Ресей империясы қазақ хандығына қосылуды көздеді?

Сабақтың мазмұны:

  1. Сабаққа бағыттау
  2. Кіші жүздің Ресейге қосылуының себептері мен мақсаттары
  3. Ресейдің Қазақстан жөніндегі жоспары (табиғи байлықтары)

 

Сабақ мазмұны

 

 

Кіріспе сұрақтар

 

Ауызша сұрау (қазіргі өмірмен байланыс)

  • Қазіргі әлемде мемлекеттер не үшін бірігеді?
  • Бірігудің қандай формалары сендерге белгілі?
  • Елдер қандай критерийлер бойынша бірігеді?
  • Қандай халықаралық ұйымдарды білесіңдер?

Пәндік терминдер

 

 

 

Жаңа тақырып

 

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Өткен тақырыптармен байланыс

Топтық жұмыс (дифференциацияны қолдану: кем дегенде 5 себепті анықтау)

1-тапсырма. 18 ғ. күрделі геосаяси жағдайының ерекшеліктері мен ішкі жағдайын анықтап, Кіші жүздің Ресей империясына қосылуының кем дегенде 5 себебін, 5 мақсатын анықтап, талдаңдар.

Ресурс.электронная карта ООО «Дрофа» 2008

 

Жетістік критерийлері

1. Кіші жүздің Ресей империясына қосылуының кем дегенде 5 себебін анықтайды, түсіндіреді.

2. Кіші жүздің Ресей империясына қосылуының кем дегенде 5 мақсатын анықтайды, түсіндіреді.

3. Ақпарат пен идеяларды сәйкес стильді қолдану арқылы аудиторияға тиімді жеткізеді.

 

Жариялау, дәлелдеу.

Бейнероликпен сәйкестендіру

https://www.youtube.com/watch?v=jQqMakOL6bI&t=3s

«Кіші жүздің Ресейге қосылуының» себептерін анықтап дәптерге жазу.

Геосаяси жағдай

 

 

 

 

 

Сұрақтар Блум таксономиясы бойынша құрастырылған

Жұптық жұмыс. Білу және түсіну

2-тапсырма:

  1. Сілтемені қолданып мәтінді оқы.https://itest.kz/kz/ent/kazak-tarihy/lekciya_kishi_zhuzding_resej_imperiyasy_quramyna_kirui
  2. Сайтта мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бер.

Топтық жұмыс. Талдау

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер:

  1. Қазақстанда қандай табиғат зоналары бар?
  2. Қазақстанның табиғат зоналарын артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыздар.
  3. Қазақстандағы қандай табиғи байлықтарға Ресей империясы мүдделі болуы мүмкін?

(Қазақстанның табиғат зоналары қарастырылады)

 

3-мәтін

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-tabihatynyn-fizikalyq-geografiyalyq-sipattamasy/lesson/qazaqstannyng-tabihat-zonalary

 

 Бейнематериал 4-бет

https://bilimland.kz/upload/content/lesson/14658/media/275913bb12e733df8bc77fbfb8d84f7f/content/script_00030/media/geo_kaz_04_30_01v.mp4

 

№1 Қосымша мәтінмен жұмыс.

Табиғи ресурстардың түрлерін анықтау

Соңында СЫНЫППЕН БІРІГІП ҚОРЫТЫНДЫ НЕМЕСЕ ТҰЖЫРЫМ ШЫҒАРУ.

 

Империя

 

 

Ресурс

 

 

Табиғат зона

 

 

 

 

 

Билік

Бекіту

 Жұптық жүмыс. Тест 1, 2 жауап беру

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-tabihatynyn-fizikalyq-geografiyalyq-sipattamasy/lesson/qazaqstannyng-tabihat-zonalary

 

Жаңа тақырыпты жалғастыру

 

Пайдалы қазбалар

Жұптық жүмыс. Білу және түсіну

4-тапсырма. Қазақ жері қандай пайдалы қазбаларға бай?

7-бет. Мәтінмен жұмыс

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-tabihatynyn-fizikalyq-geografiyalyq-sipattamasy/lesson/geologiyalyq-qurylymy-zhane-onyng-relefting-erekshelikteri-men-pajdaly-qazbalardyng-taraluyna-aseri

3-бет. Картамен жүмыс. Қолдану

Жоғары мәтінде жазылған пайдалы қазбаларды картада орналастыруын анықтау.

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-tabihatynyn-fizikalyq-geografiyalyq-sipattamasy/lesson/geologiyalyq-qurylymy-zhane-onyng-relefting-erekshelikteri-men-pajdaly-qazbalardyng-taraluyna-aseri

Пайдалы қазбалар

Пікірталас

Бекіту

Топтық жұмыс. Бағалау

5апсырма. «Ресурстардың көп болуы мемлекетке қауіп - қатер ме, әлде мүмкіндік пе?» сұраққа ПТМС нұсқаулығы бойынша қолдау және қарсы 2 аргументі құру.

 

ПТМС (Қ) – ФОРМУЛА бойынша аргументтерді құру нұсқаулығы

Позиция ________________________деп санаймын.

Түсіндіру (себебі...)

Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар немесе нәтиже, қорытынды (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....

Дайындалған уақыттан кейін топтар жеребе арқылы позиция бойынша жариялайды.

 

 

Зерттеу сұрағына оралу

Неліктен Ресей империясы Қазақ хандығының қосылуын көздеді?

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақ аяқталды және менің айтарым

Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

Мені не таңғалдырды?

Мен үшін жаңалық болған ...

Сенің ойыңша бүгін сендер не істей алдыңдар?

Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?

Менің сабақтағы жетістігім......

 

№1 қосымша

Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

Табиғат жағдайы. Табиғат жағдайы дегеніміз табиғат күштері мен обьектілері, оның сапасы. Табиғат жағдайының өндірістік күштерді дамытуда, қоғамдық өмірде маңызы зор. Бірақ табиғат жағдайы шаруашылықта, адамның өндірістік жөне өндірістік емес іс-әрекеттерінде тікелей пайдаланылмайды.

Табиғат жағдайына-белгілі бір жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы, материктегі орны және көлемі, жер бедері, климаты мен су режимі, топырақ жамылғысы жатады.

Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі жазық болғандықтан, егін шаруашылығын, өнеркәсіп орындарын, жол құрылыстарын салуға қолайлы. Жауын-шашын көп түсетін жаз айларында солтүстік аудандарда және оңтүстіктегі тау бөктерінде, сонымен қатар ірі өзендер аңғарларында егіншілікпен айналысқан тиімді. Республика аумағындағы мақта, қант қызылшасы, күріш сияқты ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп жетілуіне қажетті жылу жеткілікті.

Табиғат ресурстары – бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор. Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы қазбалар, жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі табиғат ресурстарын құрайды.

Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат базасы болады.

Минералды ресурстар. Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі – олар көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан да минералды ресурстарды арзанашық әдіспен өндіріп, кешенді түрде пайдаланады.

Еліміз пайдалы қазбалардың аса бай қорына ие. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып, оның 60-қа жуығы зертеліп, өндіріске таратылған. Еліміз дүниежүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші, хромит, уран, фосфор кендерінен екінші, марганец қорынан үшінші, қорғасын мен молибденнен төртінші, темір бойынша сегізінші орында. Қазақстан мұнай мен газ қоры бойынша да көптеген елдерден алда тұр.

Жер ресурсы. Қазақстанның жер ресурсы орасан зор,оның жалпы көлемі 270,1 млн га-ны құрайды. Мұндағы жер көлемінің 82%-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер. Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы – 190 млн га, ал жыртылған жер көлемі – 36млн га. Бірақ еліміздің рыноктық эканомикаға көшіуінің қиындықтарымен байланысты жыртылған жердің көлемі біртіндеп азаюда. Қазақстан дүниежүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінен алтыншы орында, ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында тұр. Республиканың әрбір тұрғынына 15га ауыл шаруашылығы жерінен (2%), Ресейде бұл көрсеткіш 0,87-га, Канадада 1,7-га, АҚШ-та 0,54-га, Жапонияда 0,03 га-ға тең.

Су ресурстары. Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі таралмаған. Жалпы климаттық ерекшеліктерге байланысты су қоры өзгеріп отырады.Климат жағдайының құрғақтығына байланысты егістікті суландыру үшін өзен суының маңызы зор. Республикада су ауыл шаруашылығында (80%) егістік суаруға, өндірістік және коммуналдық қажеттіліктерге пайдаланылады. Елімізде ішкі су ресурсы 115,3 млрд м3-ты құрайды. Оның 60,4 млрд м3 су қоры республика аумағында, ал 54.9 млрд. м3 су қоры көршілес аумақтардан келеді. Су қорының жиналуы еліміздің географиялық жағдайымен тығыз байланысты. Қазақстан аумағындағы ішкі су қорының 62%-ы Оңтүстік Қазақстанға, 30%-ы Солт. Қазақстанға, қалғаны басқа аймақтарға тиесілі.

Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен, 48 мыңнан астам көл бар. Көптеген өзендер сортаңдар мен құмдарға сіңіп, ізін жоғалтады. Көлдердің жалпы ауданы – 45 мың км2, оның 94%-ның ауданы 1км2-ден аспайды. Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Сілеті теңізі, Сасықкөл, Құсмұрын, Марқакөл, т.б. ірі көлдерге жатады.

Елімізде 4 мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар. Тоған мен су қоймаларындағы суларды жер суару үшін, электр энергиясын өндіру үшін, сондай-ақ өндірісте пайдаланады.

Биологиялық ресурстар. Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Еліміздегі өсімдіктердің 5700-дей түрі кездеседі, оның 14%-ы тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Республика аумағы орманға өте тапшы. Орман алқабы бар болғаны 13 млн. га. Бұл барлық аумақтың 4%-ын ғана құрайды. Қазақстан орманының басым бөлігі – Сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді аумақтарда өседі. Қылқан жапырақты ормандар Тянь-Шань, Жонғар Алатауы, Алтай тауларында кездеседі.

Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар. Биологиялық ресурстардың ішіндегі негізгісі – балық ресурсы. Каспий теңізінен қымбат бағаланатын қызыл балықтың 90%-ы ауланады.

Қазақстанның табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары және шаруашылықтың өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300001003

Қате туралы хабарландыру