Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Абданбаева Аккогершин Абайевна
Нұр-Сұлтан қаласы, НЗМ
644
Қазақстан тарихы
Тақырыбы:
Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Сабақтың 
мақсаты

•    Түркіленген Моңғол мемлекетінің әскери басқару жүйесінің ерекшелігін түсіну.
•    Моңғол мемлекетінің құрылуына ықпал еткен факторлардың артықшылығы мен кемшілігін талдау, қорытындылау.

Бағалау критерийлері

Бейнематериалдың негізінде:
•    Моңғол империясының құрылуы туралы ақпаратты меңгереді;
•    Түрік-моңғол этно-саяси бірлестіктерін картаға орналастырады;
•    Моңғол империясының қоғамдық құрылысы деп аталатын мозайканы құрастырады.
Мәтіннің негізінде:
•    Моңғол мемлекетінің құрылуына ықпал ететін факторларды анықтайды; 
•    Мемлекеттің құрылуына ықпал ететін факторлардың артықшылығы мен кемшілігін «Ақпараттық органайзерде» талдап, қорытындылайды.

Тарихи концепт

Себеп-салдар

Академиялық тілді қалыптастыру.
Сабақта қолданатын жаңа сөздер мен терминология:
этносаяси бірлестік, әлеумет, әлеуметтік топ, оң қанат, сол қанат.

Моңғол мемлекетінің идеологиясы, әскери басқару жүйесі, әлеуметтік құрылымы туралы ақпартты меңгереді (оқылым дағдысы).
Моңғол империясының құрылуы туралы бейнематериалды тыңдап, тапсырмаларды орындайды (тыңдалым дағдысы).
Моңғол мемлекетінің территориялық бірігу жүйесіне ықпал еткен факторларды анықтап, артықшылығы мен кемшілігін «Органайзерде» талдап, жазады (жазылым дағдысы).

Құндылықтарды дарыту 

– патриотизм;
– өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;
– тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;
– жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу.

Пәнаралық байланыс

 Дүниежүзі тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті.

Бастапқы білім

Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
0-3 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі.
БЫМ. Б «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын беру. 
Оқушыларға Шыңғысхан мен тайпалық бірлестіктердің бір орталыққа бірігуін бейнелейтін суретті көрсету арқылы төмендегі сұрақтар төңірегінде ой бөлісуге шақыру.
– Не көріп тұрсыздар?
– Қандай қорытындыға келдіңіз?
– Қандай сұрақтар туындады?

Оқушыларға сұрақ төңірегінде өзіндік ойлануға мүмкіндік беру, одан кейін жұппен, ал одан кейін көрші жұппен ойларымен бөлісуге ұсыныс жасау. Осылайша екі жұптан құралған бір топ ортақ ең үздік үш ойды таңдап, сынып алдында жариялайды. Осы суреттер негізінде сабақ тақырыбына болжам жасату, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін сыныпқа таныстыру.

Суреттер, слайдтар.
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792

Сабақтың ортасы  
Бүкілсыныптық жұмыс түрі
Бейнематериалды тыңдау:
3-6 мин
Талқылау:
6-9 мин

 

Жұптық жұмыс түрі
9-12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұптық жұмыс түрі
12-15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс түрі
15-18 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс түрі (мәтінді оқу)
18-23 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұптық жұмыс түрі
23-33 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс түрі
33-36 мин

Мағынаны тану кезеңі. 
Б. №1 тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс. (Бейнематериалды оқушыларға 1 немесе 2 рет тыңдату)
№1 тапсырма оқушыларға бейнематериалды көрсетер алдында таныстырылып, қолына кеспе қағаз түрінде таратылып беріледі. 
•    Бейнематериалды көре отырып, кем дегенде 5 кілтті сөзді жаз.
•    Кілтті сөздерді қолданып, бейнематериалдың басты идеясын 2 сөйлеммен баянда.
Оқушылар бүкіл сынып болып бейнематериалдың басты идеясын түсінген соң, жұпта бірлесіп, бейнематериал бойынша келесі №2, №3 тапсырмаларды орындайды. 
Ж. №2 тапсырма. Картамен жұмыс. Бейнематериал бойынша меңгерген біліміне сүйеніп, XIII ғасырдың басындағы түрік-моңғол этно-саяси бірлестіктерін картаға орналастыр.

Оқушылар деңгейлеріне қарай бейнематериал бойынша тапсырмаларды белгіленген уақыт аралығында жұпта орындайды. Экранға шығарылған дұрыс жауап бойынша, оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Ж. №3 тапсырма. Мозайка құрастыр. Бейнематериал бойынша меңгерген біліміне сүйеніп,  XIII ғасырдың басындағы Моңғол империясының қоғамдық құрылысы деп аталатын мозайканы құрастыр.

Оқушылар деңгейлеріне қарай бейнематериал бойынша тапсырмаларды белгіленген уақыт аралығында жұпта орындайды. Экранға шығарылған дұрыс жауап бойынша, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Бағалау дескрипторы:
1. Бейнематериалды тыңдай отырып, кем дегенде 5 кілтті сөзді жазады;
2. Кілтті сөздерді қолданып, бейнематериалдың басты идеясын 2 сөйлеммен баяндайды;
3. XIII ғасырдың басындағы түрік-моңғол этно-саяси бірлестіктерін картаға дұрыс орналастырады;
4. XIII ғасырдың басындағы Моңғол империясының қоғамдық құрылысы деп аталатын мозайканы дұрыс құрастырады.
Мемлекеттік дәрежеге жету үшін не қажет деп ойлайсыңдар? 
Бұған қандай факторлар әсер етуі мүмкін? 
Сол кезеңде қандай үдерістер орын алған еді? деген сұрақтар аясында өз болжамдарын айтуды сұраңыз. 
Т. №3 тапсырма. Кестеде берілген кілтті сөздерді суретпен сәйкестендір.

№1 №2 №3 №4

Кілт сөздер

Кілт сөздер Кілт сөздер

Кілт сөздер

Саяси Экономика Әлеуметтік Табиғи (географиялық)

Экранға шығарылған дұрыс жауап бойынша, топтар бір-бірінің жұмыстарын алмастырып бағалайды.

Ж. №4 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді жеке оқып танысады. Жұпта Моңғол мемлекетінің территориялық бірігу жүйесіне ықпал еткен  факторларды анықтап, кем дегенде екі артықшылығы мен кемшілігін  «Ақпараттық органайзерде» талдаңдар.

Мәтін: Моңғол мемлекетінің құрылуы.

«Ақпараттық органайзер»

Тапсырманы тереңдету негізінде оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды. 1,2 факторды анықтап, оның 1 артықшылығы мен кемшілігін оқушылардың барлығы орындайды, 3, 4 факторды анықтап, 1 артықшылығы мен кемшілігін талдап, қорытындылауды оқушылаpдың көпшілігі  орындайды. Ал барлық факторды анықтап, оны аргументтейді, барлық фактордың 2 артықшылығы мен кемшілігін талдап, жан-жақты қорытындылауды оқушылаpдың кейбірі ғана орындайды.
ҚБ: Мұғалім ұсынған марксхема арқылы жұптағы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:
– Кестеде берілген суреттер арқылы мемлекеттің құрылуына ықпал ететін факторларды ажыратады; 
– Мемлекеттің құрылуына ықпал ететін факторларды мәтіннің негізінде анықтап, әр фактор бойынша қызықты фактілерді органайзерге толтырады;
– Мемлекеттің құрылуына ықпал ететін факторлардың артықшылығын талдайды;
– Мемлекеттің құрылуына ықпал ететін факторлардың кемшілігін талдайды;
–Мемлекеттің құрылуына ықпал ететін барлық  факторларды талдап, қорытынды жасайды;
Ж. №5 тапсырма. Тест жұмысы. Оқушылар тақырып бойынша алған білімін «Кahoоt» әдісі арқылы пысықтайды.

Бейнематериал

Моңғол империясының құрылуы https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792

 

 

 

Карта
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мозайка
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер: Моңғол шапқыншылықтары
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін

 https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тест тапсырмалары
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/monghol-imperiyasynyng-quryluy--12792

Сабақтың соңы
36-39 мин

«Нысана» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу

 

Үй тапсырмасы

39-40 мин
 

Ж/Б. Шығармашылық тапсырма: Тақырыпқа қатысты жекелеген оқушыларға таңдауы бойынша макет даярлауды ұсыну:
– моңғолдардың әскери өнерін көрсететін макет (әскеридің қару-жарағы, моңғолдардың әскери тактикасы);
– Шыңғысхан ордасының нобайы;
– Шыңғысханның портреті.
 

 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс; денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)

№1 тапсырма бойынша оқушылар «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» әдісі бойынша сыни тұрғыда ойланып түрліше жауап береді.
№2, №3 тапсырма бойынша оқушылар уақыт өлшеміне байланысты деңгейлеріне қарай бейнематериал бойынша тапсырмаларды орындайды. 
№4 сәйкестендіру тапсырмасы бойынша, қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді. 
«Aқпараттық органайзер» әдісі. Тереңдету негізінде оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды. 1, 2 факторды анықтап, оның 1 артықшылығы мен кемшілігін оқушылардың барлығы орындайды, 3, 4 факторды анықтап, 1 артықшылығы мен кемшілігін талдап, қорытындылауды оқушылаpдың көпшілігі орындайды.Ал барлық факторды анықтап, оны аргументтейді, барлық фактордың 2 артықшылығы мен кемшілігін талдап, жан-жақты қорытындылауды оқушылаpдың кейбірі ғана орындайды.
№5 тапсырма бойынша Тест жұмысы. Қарқын арқылы саралау. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ шапшаңдық пен ойлаудың жоғары дағдыларын талап ететін тапсырманы орындайды.

Сабақ үдерісінде оқушылардың жұмысы мадақтау, шапалақтау, өзін-өзі бағалау, өзара жұптық бағалау, топтық бағалау әдістері арқылы бағаланады.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптасады. Қазақ тілі мен әдебиеті және Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша алған білімдеріні сабақта қолданады. Кабинетте жұмыс істеу техникасы ескертіледі.
Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне және деңгейлеріне қарай беріледі.

 

Қате туралы хабарландыру