Атомдағы электрон қозғалысының күйі: квант сандары

Абишева Шолпан
ХББ НЗМ Алматы
2256
Химия
Тақырыбы:
Атомдағы электрон қозғалысының күйі: квант сандары

Сабақтың тақырыбы:

Атомдағы электрон қозғалысының күйі: квант сандары

Сабақтың мақсаттары:

  • Бас квант саны
  • Орбиталь квант саны
  • Магнит квант саны
  • Спин квант саны ұғымдарымен
  • Клечковский ережесімен  танысу, білу, қолдану

Бағалау критерийлері

  • Периодтық жүйедегі кез келген элементтің бас квант санын, орбиталь квант санын,  магнит квант санын, спин квант санын анықтай алады;
  • Керісінше, берілген электрондық конфигурация арқылы қай элемент екенін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты терминология:

Электрон – электрон – electron

Протон – протон – proton

Нейтрон – нейтрон – neutron

Ядро – ядро – nucleus

Нуклон – нуклон – nucleon

Бас квант саны – главное квантовое число – principal quantum number, 

Орбиталь квант саны – орбитальное квантовое число – orbital quantum number

Магнит квант саны – магнитное квантовое число – the magnetic quantum number

Спин квант саны – спиновое квантовое число –  the spin quantum number

Пәнге қатысты сөз тіркестері:

...электрлік бейтарап, ...бос және шектеусіз, ...орталық денені құрайды, ядроны қоршайтын бұлт..; оң бүтін мәндер..., сфера тәріздес пішін.., кеңістіктегі орналасуы бойынша.., анық шектелген геометриялық фигуралар..., өз осінде айнала қозғалу.., электрлік заряталған бөлшектер.., магниттік өріс.., сағат тілімен бағыттас және оған қарама қарсы..., жоғары бағытталған бағдарша.., төмен бағытталған бағдарша, т.б.

Құндылықтарды дарыту:

Топтық жұмыс жасау барысында достық қарым-қатынас, коммуникативті қасиетті дамыту, сынтұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылығын арттыру.

Пәнаралық байланыс:

Математика, физика

Алдыңғы білім

  • Атом құрылысы
  • Электрон бұлттарының пішіні
  • Энергетикалық деңгейлер түсінігі
  • Электрондық конфигурация
  • Гунд ережесі
  • Паули принципі

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру сәті.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

АКТИВИТИ (қажетті бастапқы білімді еске түсіріп, қайталап шығу). Топтарға тапсырмалар беріледі.

1-топ:

рис 1

рис 2

2-топ:

рис 3

рис 4

https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=322813475

Тақтада көрсетілген дайын жауаптары арқылы топтар бірін-бірі бағалай алады. 

itest.kz

лого 1

ноутбуктар

интерактивті жүйе

жұмыс парағы

 

Сабақтың ортасы

4-21 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

  1. Бас квант саны және орбиталь квант саны.
  2. Видео: «Негізгі және орбиталь квант сандары» .

Мәтін.

Көп электронды атомдағы әрбір электронды толық сипаттау үшін төрт түрлі квант сандарын қолданады. Олар: бас кван саны, орбиталь кван саны, магниттік квант саны, спин квант саны.

  Бас квант саны электронның қай энергетикалық қабатта орналасқанын көрсетеді және  оның жалпы энергетикалық күйін сипаттайды. Ол n-мен белгіленеді:

n = 1;

n = 2;

n = 3;

n = 4;

n = 5;

n = 6;

n = 7.

Себебі, периодтық жүйеде 7 период бар. Әр периодқа бір энергетикалық деңгей сәйкес келеді. Энергетикалық деңгейді бас квант саны сипаттайды.

  Орбиталь квант саны электронның пішінін (s-деңгейше, p-деңгейше, d-деңгейше, f-деңгейше, g-деңгейше) сипаттайды. Ол L-мен белгіленеді. Орбиталь квант саны сәйкесінше сандармен белгіленеді: https://bilimland.kz

№1-өзін-өзі бағалауға тапсырма (оқушының өзін-өзі бағалауына және қатесін түзетуіне мүмкіндік береді): http://bilmland.kz (3-бет).

рис 5

 

22-40 мин

Магнит квант саны, Хунд ережесі

Видео  «Орбитальдық пішіндер» 

https://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%BA%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D1%82&lesson=11297 4-бет

Мәтін.

Деңгейшелер орбитальдардан құралады. Бір деңгейшеде орналасқан  орбитальдардың энергиясы бір-біріне тең болады. Бірақ олар кеңістікте орналасуы жағынан ерекшеленеді. Сол ерекшелікті магнит квант саны сипаттайды. Магнит квант саны mL-мен белгіленеді. 

mL  –l-дан l-ға дейінгі бүтін мәндерді қабылдай алады:

ml=−l , −(l−1) , ... , −1 , 0 , 1 , ... , l −1 , https://bilimland.kz (4-бет).

рис 7

№3-өзін-өзі бағалауға тапсырма.

Тұжырымдардың бұрыс не бұрыс екенін көрсетіңіз. https://bilimland.kz/kk (4-бет).

рис 7

 

41-58 мин

Спин квант саны . Паули принципі

Видео: «Электрон спині. Паули принципі». https://bilimland.kz (5-бет).

Мәтін.

Электрондар өз осі арқылы айналады және олардың айналу қозғалысының бағыты электронның спиндік квант саны арқылы анықталады.

Атомда төрт квант сандар жиыны бірдей болатын екі электрон болуы мүмкін емес.

«Электронның спиндік квант саны ms». https://bilimland.kz(5-бет).

№4-өзін-өзі бағалауға тапсырма.

 «Келесілердегі электрондардың максимум санын анықтаңыз». https://bilimland.kz (5-бет).

рис 9

 

59-76 мин

Клечковкский ережесі

Видео: «Электрондар деңгейшелерге қалай орналасады?»  (4-бет)

https://bilimland.kz/

Мәтін

«Электрондар деңгейшелерге қалай орналасады?» 

Орбиталь энергиясы n және l квант сандары бірдей артқанда өседі. Электрондар деңгейшелерге атомның жалпы энергиясы неғұрлым аз болатындай етіп орналасады. Яғни әрбір келесі электрон деңгейшелерді олардың энергиясының өсу ретіне байланысты толтырады. https://bilimland.kz/. (4-бет)

№5-өзін-өзі бағалауға тапсырма.

«Видеода көрсетілген ережелерді негізге ала отырып, деңгейшелерді электрондармен толтырылу ретіне байланысты орналастырыңыз».https://bilimland.kz. (4-бет)

рис 10

 

Сабақтың соңы

76–80 мин.

Рефлексия. Сабақтың соңында оқушылар бүгінгі сабақта қиындық туғызған сұрақтарын стикерге жазады.

Үйге тапсырма /жұмыс парағына жазылады/:

Тест тапсырмалар:

  1. Бас кван саны нені көрсетеді?

а/ электрон санын

в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің санын

с/ электрон бұлтының пішінін

д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын

  1.  Орбиталь бас кван саны нені көрсетеді?

а/ электрон санын

в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін

с/ электрон бұлтының пішінін

д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын

  1. Магнит квант саны  нені көрсетеді?

а/ электрон санын

в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін

д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын

  1. Спин кван саны нені көрсетеді?

а/ электрон санын

в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін

с/ электронның өз осінен айналғандағы бағытын

д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын

 

Күрделендірілген тапсырмалар:

 

  1. Кестені толтырыңдар.

 Кестенің бірінші бөлігінде элементті сипаттайтын квант сандары берілген.  Кестенің екінші бөлігіне квант сандарына сүйене отырып, элементтің электрондық конфигурациясын жазыңыз. Кестенің үшінші бөлігіне элементтің электрондық конфигурациясына сүйене отырып қай элемент екенін анықтаңыз

рисс

  1. Периодтық жүйені қолдана отырып, натрий, магний, алюминий, аргон элементтерін сипаттайтын квант сандарын жазыңдар.

Тест жауаптары:

  1. в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің санын

  2. с/ электрон бұлтының пішінін

  3. д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын көрсетеді

  4. с/ электронның өз осінен айналғандағы бағытын көрсетеді

1.

3P5

Cl

3P3

P

2P2

C

2.

Na

n=3

L=0

mL =0

ms=+1/2

Mg

n=3

L=0

mL=0

ms=-1/2

Al

n=3

L=1

mL=-1

ms=+1/2

Ar

n=3

L=1

mL=+1

ms=-1/2

 

 

Қате туралы хабарландыру