«Нұрлы болашақ» интеллектуалды сайысы

Қасымова Дина
Қарағанды қаласы, №58 ЖББОМ"
2770
Химия
Тақырыбы:
«Нұрлы болашақ» интеллектуалды сайысы

Сайыста алынған тарау тақырыбы:

Жер және ғарыш

Сайыстың мақсаты:

  • 1-сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіріу, дамыту;
  • оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жетістік критерийлері:

  • берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жүйелі, ұшқыр ойларымен жауап бере алады;
  • нақты сөйлеу арқылы тапсырманы түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Математика

Әдісі:

Баяндау, түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап

Түрі:

Сайыс

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Әр сұрақтың жауабы bilimland.kz сайтынан көрсетіліп отырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сайыстың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті оқушылар, «Нұрлы болашақ» білім сайысына қош келдіңдер! Бұл білім сайысының мақсаты оқушыларды оқулықтан тыс ақпаратпен қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

«Нұрлы болашақ» интеллектуалды сайысында алдыңғы алған білімдеріңді естеріңе түсіре отырып, жеңіске жетулеріңе тілектеспін. Сендердің болашақтарыңның нұрлы болуына ықпал ететін, алға жетелейтін күш тек білімде. Осы орайда bilimland.kz сайтынын тигізер пайдасы мол. Барлық қойылатын сұрақтардың жауаптарын осы сайттан табуға болады.

Бүгінгі сайысымыз 4-кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпай саны аз 2-оқушы сайыстан шығып отырады.

1-кезең: Ғарыш кеңістігі.

2-кезең: Виртуалды зертхана.

3-кезең: Жер ғаламшары.

4-кезең: Жекпе-жек.

 

Таныстырылым

 

logo

Негізгі бөлім

  10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мықты болсаң, алдағыны басып оз,
Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт», – деп «Ғарыш кеңістігі» сайысына кезек береміз.
1-кезең: «Ғарыш кеңістігі». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншіліктерің бар. Ендеше сәттілік тілеймін!

1. Әлем кеңістігі қай уақытта пайда болған? (15 млрд жыл бұрын)

АСПАН1

2. Телескоп құрылғысын кім ойлап  шығарды? (Галилео Галилей)

галилей

3. Ғарышты қай жылдан бастап игере бастады? (1957 жылы)

гарыш

 

 

 

 

4. Қазақстан жерінде орналасқан дүнежүзі бойынша ең үлкен ғарыш айлағын ата? (Байқоныр)

байконур

5. Тұңғыш қазақ ғарышкерлерін ата? (Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров)

мусабаев

Әр сұрақтың жауабы bilimland.kz сайтынан көрсетіліп отырады.

 

Bilimland: Жаратылыстану /Ғарыш кеңістігін алғашқы зерттеу/

кенистик

«Ғаламның пайда болуы» бөлімі бойынша жауап көрсетіледі

«Ғарыш кеңістігін зерттеу. Телескоп» бөлімі бойынша

 

 

 

 

«Алғашқы ғарышкерлер» бөлімі бойынша

 

«Қазақстандық ғарышкерлер» бөлімі бойынша

 

8 минут

2-кезең: «Виртуалды зертхана».
«Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, виртуалды пішінді», – дей келе «Виртуалды зертхана» деп аталатын кезекті сайысымызға көшеміз.

Бұл сайыста 5 оқушының ішінен 4 оқушы ғана келесі кезеңге өтеді.
Кезеңіміздің атауын «Виртуалды зертхана» деп атадық. Мұнда сендер траектория мен пішіндерді көз алдарыңа виртуалды түрде елестете отырып, салыстырасыңдар, анықтайсыңдар. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Күн мен ғаламшардың траекториясын көрсет.

ғаламшар

2. Күн, ғаламшар, ай траекториясын көрсет.

ай

3. Үлкен фигура кішкентай фигурадан шамамен неше есе кіші? (шаршы)

үлкен фигура

4. Фигура неше есе кіші? (дөңгелек)

кіші фигура

зертхана

География. «Күн жүйесі» бөлімі бойынша

 

 

 

 

Математика

«Көзмөлшер. Ойын» бөлімі бойынша

неге

6 минут

3-кезең: «Жер ғаламшары»

Бұл кезеңге тек 3 оқушы өтеді. Bilimland.kz сайтының Twig парақшасының видеотоптамасынан сұрақтар алынды. Сол сұрақтарға жауап береді. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.

1. Жер ғаламшарының өлшемі неше км?

жер ғаламшары

2. Үлкейтілген көлемде аспан денелерін қандай құралдың көмегімен көре аламыз? (Телескоп)

телескоп

3. Ғарышқа алғаш рет ұшып, жерді айналған ғарышкер кім? (Ю. Гагарин)

алғашқы адам

твин

Twig-Физика – Ғалам –  Ғарыштық кеңістік –  Ғаламның өлшемдері –

 

Twig-Физика – Ғалам –  Ғарыштық кеңістік –  Телескоптар

Twig – Физика – Ғалам –  Ғарыштық кеңістік – Киттингер: Ғарышқа ең бірінші адам ұшырылды ма?

2 минут

Сергіту сәті: Сыныптас-жанкүйерлер қатысушыларды қолдап өздерінің әндерін жолдайды.

Ән: Достарым.

 

5 минут

4-кезең: «Жекпе жек».

Бұл кезеңге 2 оқушы ғана өтеді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.

1. Біздің ғаламшарымыз неше жаста? (4млрд 600 жаста)

галамшар неше жаста

2. Климат дегеніміз не? (ауа-райының қайталануы)

климат

3. «Ғарыш» сөзінің орысша және ағылшынша аудармасы қалай? (космос, space)

Видеотоптама – Оқытушы фильмдер – География –  Жер тарихи кезеңдері –

 

 

 

Видеотоптама –  Оқытушы фильмдер – География –  Климат дегеніміз не?

Cайыстың соңы

6 минут

 

Рефлексия

1. Жеңімпаз анықталады.

2. Бүгінгі сайысымызды «Зеректілікті дамыту» видеотоптамасымен аяқтаймыз.

соңы

Болашақта білімімізді шыңдап, зеректілігімізді дамыта отырып, биік белестерді бағындырайық!

 

Видеотоптама

Сынып сағаты тақырыптары

Зеректілікті дамыту

 

Қате туралы хабарландыру