Отынның тиімділігі

Әсілбекова Алтынай
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, ФМБ НЗМ
930
Химия
Тақырыбы:
Отынның тиімділігі

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Әртүрлі отынның тиімділігін салыстыру үшін зерттеуді жоспарлау;

Қазба отын қорының шектеулі екенін түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Қалпына келетін және қалпына келмейтін отын түрлерін ажырату.

Отын құндылығын есептеу.

Отын түрлерінің тиімділігін зерттеу.

Бағалау критерийлері

Қаныққан көмірсутектердің отын ретінде қолданылатынын түсінеді.

Отынның құндылығын есептей алады.

Қалпына келетін және қалпына келмейтін отын түрлерін ажыратады.

Отынның тиімділігін зерттеу арқылы бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар энергия көздерін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-біріне қолдау жасауы бірін-бірі ынтымақтастықта тыңдау арқылы жүргізіледі. Құндылықтарды дарыту нақыл сөздер айту арқылы/көмегімен жүзеге асады, ой қозғау жүргізіледі.

Пәнаралық байланыстар

Алкандардың жану өнімдерін экологиямен байланыстыру.

Жану өнімдері бойынша есептеулерде математика мен алгоритмді байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация ppt, білімленд видеолары мен мәтіндері, твиг білім видео, itest тест сұрақтары ноутбукте орындау.

Бастапқы білім

9.4. A. Органикалық химияға кіріспе.

9.4. В. Көмірсутектер. Отын.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

 

8 минут

 

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық ортасын құру.

І Өткенді пысықтау.

Оқушылар алдыңғы алған білімдерін пысықтау үшін сілтеме  https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=746199316  бойынша «Қаныққан көмірсутектер» тақырыбында  тест сұрақтарына жауап береді.

Әрекет түрі: Жеке жұмыс.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Мұғалім қажет болған оқушыларға қолдау көрсетеді.

Ноутбуктар

https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=746199316 

химия лого

Сабақтың ортасы

2 минут

 

3 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

12 минут

 

 

 

 

 

5 минут

 

ІІ Жаңа материалды таныстыру

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Ой қозғау

Бинго «Отын» ойыны. Әр оқушыға А, В, С карточкалары таратылады. Әр оқушыда бір карточкадан болады (біреуінде А, екіншісінде В, үшіншісінде С, әрі қарай қайталанады). Ұтыс жолы – қалпына келетін отын. Мұғалім сол кестедегі бар отынның 10 түрін атайды. Әр оқушыда түрлі вариацияда болғандықтан, оқушыларда 10-ға дейін бір горизонталь немесе вертикаль қатар толып, «Бинго» деп дауыстап айтады.

Оқушыларды топқа бөлу: оқушыларға отын атауы мен суреті бар карточкаларды тарату. (ағын су, көмір,биоэтанол, жел, күн, өсімдік майы, табиғи газ, шикі мұнай, биомасса). Оқушылар карточкалар бойынша: қалпына келетін, қалпына келмейтін, биоотын түрлері бойынша топтасуы керек. Оқушылардың отын түрлерін ажыратуын «Бүгінгі энергия көздері» видео түсіндірмемен тексеру https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/tabihi-komirsutekter-olardy-ongdeu/lesson/komirsutekter-ehnergiya-kozi-retinde. 3-бет.

«Білгіш болсаң тауып көр!» әдісі. Мұғалім оқушыларға отын түрлерін таратады: бензин, дизель, табиғи газ. Берілген отын түрлерінің энергетикалық құндылығын қалай білуге болатынын оқушылар есептеп табады. 

Іс әрекет түрі: Топтық.

Бағалау: Оқушылар жауаптарын  https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/tabihi-komirsutekter-olardy-ongdeu/lesson/komirsutekter-ehnergiya-kozi-retinde 6-бет тексереді.

Дифференциация: Топтағы оқушылар гетерогенді болып құралған. Тапсырмалар дифференциацияланып беріледі.

«Естісем ұмытамын, көрсем есте сақтаймын» әдісі

ІІІ Алынған білімді тәжірибеде қолдану

Оқушылар отынның тиімділігіне зерттеу жұмысын жүргізеді. Отын ретінде пропан, этанол, гексанға зерттеу жүргізеді. Топтардың әрқайсысы  бір отын түріне зерттеу жүргізеді. Зерттеуінде оқушылар отынды жағып, оның жылуында суды қыздырады. Оқушылар барлық отынды бірдей уақыт аралығында қыздырады.

1. Бірдей мөлшердегі судың көлемін берілген отын түрімен қыздыру

2. Қыздырудың басында және соңында судың температурасын өлшеу

3. Отынның бастапқы және соңғы массасын өлшеу.

Әр топ өз зерттеуінің соңында жинаған мәліметтерімен бөлісіп кестелерін, графиктерін толықтырады.

«Концептуалды карта» әдісі. Оқушыларға https://twig-bilim.kz/kz/film/factpack-global-electricity-supply видео көрсетіледі. Осы видеоны көру нәтижесінде оқушылар жаhандық энергия көздерін елдермен сәйкестендіреді. Сабақты «Болашақта қандай отынды қолдану  тиімді?» деген сұраққа жауап берумен қорытындылау.

Әрекет түрі: топтық

Бағалау: мұғалімнің кері байланысы

Презентация слайды

 

1-қосымша

 

лендд

https://bilimland.kz/kk

3-бет, 2-қосымша

 

Білімленд

3-қосымша

 

 

 

 

Пропан, этанол, гексаны бар шамдар, таразы, термометр, стакан, калориметр, су, калориметр, зертханалық жұмыс парағы.

4-қосымша

5-қосымша

А3 парағы, қайшы, клей.

https://twig-bilim.kz/kz/

твинг

Сабақтың соңы

2 минут

ІV Бекіту сұрақтары

Оқушылар рефлексиялық сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия парағы

6-қосымша

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация: оқушыларды қабілетіне қарай жұптастыру (мысалы, қабілеті жоғары мен орташа).

Дифференциация: Оқушылардың аудиал, визуал, кинестетик қабілеттіліктері ескеріледі.

Мұғалімнің кері байланысы, бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалау.

Үзілісте кабинетті желдету, партада дұрыс отыру ережесін ескерту, сабақтың ортасында көзге жаттығу жасатуға болады.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Қосымшалар

1-қосымша

Бинго ойыны. Ұтыс жолы «Қалпына келетін отын»

химия1

 

2-қосымша

химия2

 

3-қосымша

химия3

химия4

 

4-қосымша       

химия5

химия6

химия7

химия8

химия9

 

5-қосымша

химия10

 

6-қосымша

Рефлексиялық тапсырма

химия11

 

Қате туралы хабарландыру