Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны

Асанова Ардақ
Павлодар қаласы, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектеп
8281
Химия
Тақырыбы:
Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны

 
Мақсаты Білімділік: оқушыларды зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарымен таныстыру және заттардың мөлшерін есептеу машықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық: математикалық білімдерін пайдалана отырып, зат мөлшерін, молярлық массаны есептеуде ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: химиялық есептеулерді пайдалана отырып, өмірде орынды қолдана білу.
Сабақтың типі Аралас
Сабақта қолданылатын құралдар Интербелсенді тақта,
Bilimland
Моль сайтының бейнероликтері, 10-сынып электронды оқулығы, есептер жинағы және жұмыс дәптері.
Қолданылған ресурстар Химия, 8-сынып оқулығы, Н.Н. Нурахметов «Мектеп», 2012 ж.
Интернет ресурстар 1. http://www.nontoxicprint.com/electroetching.htm
2. http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_colier/3192/ХИМИЧЕСКИЕ
3. http://atecom.ru/ru/hydrogen/
4. https://bilimland.kz/kk/

Сабақ құрылымы

 

1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Сабақтың ұстанымымен таныстыру.


2. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында.
- Химияда қолданылатын стехиометриялық заңдылықтарды еске түсіру. Зат құрамының тұрақтылық заңының тұжырымдамасы және оны кім ашты?
- Заттар массасының сақталу заңына М.В. Ломоносовтың берген тұжырымдамасы қандай?
- Химиялық реакцияның теңдеуін құрастырудың басты шарттарын қолдана отырып, тақырып соңындағы тапсырмалардың орындалуын тексеру.

1) Na+S→ ; K+P→ ; Mg +O2

2) … + O2→ ZnO; … + O2→ CaO ; … + O2 → Cr2O3

3) Үйде пайдаланылатын табиғи жанғыш газдың құрамына кіретін пропанның (C_3H_8)С3Н8 жануы оттегі қатысында жүретінін ескеріп, химиялық реакция теңдеуін құрастырыңдар.

4) http://learningapps.org/display?v=p5ecsg79501 тапсырмаларды орындау.

Жаңа сабақ

 

Химиялық теңдеуді құрастырыңдар:

  4Na   +  О2   →   2Na2О
 4атом   1 молекула   2 молекула
  натрий оксиді
 m(Nа): m(О) (4·23): (32) 92:32 23:8


Реагенттердің санын білу қажет болса, оларды жеке-жеке есептеу қиындық туғызады. Сондықтан физикалық шама зат мөлшері қолданылады.

Моль ұғымын дүкен сөрелеріндегі тауарлармен салыстыру арқылы түсіндіру.
Моль сайтында берілген бейне түсіндіру пайдаланылады.
Моль – зат мөлшерін білдіретін бірлік, құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, т.б.) болады. 12г 612С құрамында 6,02·1023 атом болады. Ол Авогадро саны NА (итальяндық ғалым А. Авогадро құрметіне қойылған) кез келген заттың 1023 молінде болатын құрылымдық бөлшек саны.


Авогадро саны бейне түсіндіру Моль пайдаланылды.
Химияда заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады. М әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі г/моль.
Зат мөлшерінің массаға, көлемге және бөлшек сандарына қатынасын төмендегі формулалармен өрнектейді:


v = m/М   v = N/ NА   v = V/Vm


Мысалы: массасы 112 г темір қанша зат мөлшеріне сай келеді?

Берілгені:

m(Ғе)= 112г
Т/к: v -?
N-?
Шешуі:

v=m/М
v= 112г/ 56г/моль= 2моль
v= N/ NА N=vNА
N= 2моль· 6,02·1023=12,04·1023

Бекіту

 

Жұмыс дәптерінен: 1.9. Зат мөлшері. Моль. Молярлық масса тақырыптарына берілген тапсырмалар.
Моль, Авогадро саны тақырыптарының соңындағы тапсырмалар.

Кім жылдам:
http://learningapps.org/413762 зат мөлшеріне есептер.

Рефлексия

 

Мен ..... білдім.
Маған ..... қызық болды.
Мен .... қиналдым.
Мен .... үйренсем деп талпынамын.

Үйге тапсырма: §18 тақырыпты оқып, түсіну. Тақырып соңындағы №5, 6, 7, 9 тапсырмаларды жазбаша орындау.

Қате туралы хабарландыру