16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

15 Жел 2017
Блог
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
1956

Әрбір халықтың тарихи жылнамасында жаңа дәуірінің бастауы болған, тарихи маңызды күн болады. Ұлы дала елінің ұлық мерекесіне айналған Тәуелсіздік күні де – осындай күн. Елдігімізді, ерлігімізді, асқақ рухымызды әлемге паш еткен тағылымды мереке.

Қазақстанның әлем сахнасына шығып, дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алуына мемлекеттің әрбір азаматының, оның ішінде білім саласы қызметкерлерінің қосар үлесі зор. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсетті. Ал білімді ұлт қалыптастыру жас ұрпаққа білім беруші ұстаздардың қолында. Осы жолда ұстаздар еңбегіне қолдау көрсету, ізденістеріне жол ашу – bilimland.kz платформасының ізгі мақсаты.

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, білім саласының қызметкерлеріне өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолындағы әріптестік қатынастарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Еңбектеріңіз игілікті, шәкірттеріңіз білімді болсын!

Рухы асқақ, тұғыры биік Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

46Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Кенжекул Тулеева
Кенжекул Тулеева
15 қазан 2018 ж. 11:16
Жасай бер, Қазақстан туған елім, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Қатира Ережепова
Қатира Ережепова
16 мамыр 2018 ж. 17:34
Өте керемет.
Ағжан Мейман
Ағжан Мейман
10 мамыр 2018 ж. 15:29
Керемет!
Бакыт Калмурзина
Бакыт Калмурзина
28 наурыз 2018 ж. 21:52
Керемет, жасай берсін Қазақстан.
Гаухар Раимбекова
Гаухар Раимбекова
2 наурыз 2018 ж. 16:27
Тəуелсіздігіміз мəңгілік жасасын!
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:11
Еліміз биіктерден көріне берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасасын ...
Гулзаура Жаназарова
Гулзаура Жаназарова
14 ақпан 2018 ж. 22:02
Тəуелсіздігіміз мəңгілік жасасын ...
Мерваням Хамраева
Мерваням Хамраева
13 ақпан 2018 ж. 20:46
Көк тудың желбірегені жаныма қуат береді!!!
Азамат Дүйсенбеков
Азамат Дүйсенбеков
13 ақпан 2018 ж. 16:45
Еліміз биіктерден көріне берсін!
Назигуль Токсанова
Назигуль Токсанова
12 ақпан 2018 ж. 17:26
Тәуелсіздігіміз тұрақты, еліміз бай-қуатты болсын!