BilimLand
BilimLand BilimLand

Үздік сабақ жоспары 2017 – BilimLand қолданушыларының таңдауы

06 Қаз 2017
Байқау
Үздік сабақ жоспары 2017 – BilimLand қолданушыларының таңдауы
9374

Біздің сайтымыздың техникалық мүмкіндігі артты, ендігі уақытта сайтымызға тіркелген кез келген қолданушы «Мұғалім парақшасы» бөліміндегі тест жұмыстарын, сабақ немесе тәрбие  сағаты жоспарын «лайк» басу арқылы бағалай алады. Жұмысты бағалау үшін сайтқа жазылу міндетті емес, тек сайтқа тіркелсеңіз жеткілікті.

    Сайтқа тіркелу қиын емес: тіркелу үшін оң жақ жоғарғы бөліктегі «Кіру» батырмасын басасыз, «Тіркеліңіз» батырмасын таңдап, қажетті жолдарды толтырғаннан кейін тағы да «Тіркелу» батырмасын басасыз. Поштаңызға тіркелімді растау туралы хат алғаннан кейін берілген сілтемемен өтіп сайтқа кіре беруіңізге болады.

Ең үздік сабақ жоспары bilimland.kz сайтының қолданушыларының «лайк» санымен анықталады. Жарысқа дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан мұғалімдердің «Мұғалім парақшасында» жарияланған сабақ және тәрбие сағаты жоспарлары, ҰБТ тест жұмыстары қатыса алады.

Байқау мерзімі: 6.10.2017–21.12.2017

Жүлде:  Диплом және электроника дүкеніне сертификат (100 000 теңге).

Ескерту!

Жұмысты жариялауда сабақ жоспарының мазмұны, безендірілуі және сурет сапасы ескеріледі. Жұмыстар Bilim Media Group  компаниясының ішкі ережелеріне сәйкес,  бекітілген кесте бойынша жарияланады. Сайтта сабақ жоспарын жариялау туралы шешімді компания қабылдайды.

62Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
almaty148.48
20 қазан 2017 ж. 13:56
Әдістемелік көмек көрсететін көп материалдармен толықтырылса деген ұсынысым бар
Bilim Media Group сайт модераторы
20 қазан 2017 ж. 13:57
Сәлеметсіз бе, пікіріңізге рақмет! Ұсыныс қабылданды.
Улдыкыз Ермагамбетова
20 қазан 2017 ж. 11:33
Сәлеметсіздер ме? Мұғалімге өте пайдасы көп, материалдар толықтырылуы жақсы, 10-11 сынып толықтырылса екен
Bilim Media Group сайт модераторы
20 қазан 2017 ж. 12:28
Сәлеметсіз бе, пікіріңізге рақмет! Ұсыныс қабылданды.
Балдырган Байгабулова
20 қазан 2017 ж. 10:42
Қалай сабақ жіберуге болады
Bilim Media Group сайт модераторы
20 қазан 2017 ж. 12:28
Сәлеметсіз бе, сабақ жіберіп қажеті жоқ, "Жаңашыл мұғалім 2017" байқауына қатысқан мұғалімдердің біздің жүйемізге бұрын жүктелген жұмысы жарияланады.
Назгул Байырбек
20 қазан 2017 ж. 10:22
самопознание сабагы неге жок??? мектепке ен керекти сабак емес пе?
Bilim Media Group сайт модераторы
20 қазан 2017 ж. 12:29
Сәлеметсіз бе, алдағы уақытта бұл пәнді ресурс ретінде қосуды ойластырамыз. Пікіріңізге рақмет.
Гулмира Юсупова
19 қазан 2017 ж. 22:58
Шығармашылық табыс тілеймін құрметті әріптестер! Ал, компанияға сәттілік.
Гулмира Юсупова
19 қазан 2017 ж. 22:51
Сәлеметсиз бе? 2сынып математика бойынша сабақтар керек еді рақмет!
Bilim Media Group сайт модераторы
20 қазан 2017 ж. 13:50
Сәлеметсіз бе, 2-сынып сабақтарын "Бастауыш математика" ресурсынан ала аласыз.
Кайша Нурмагамбетова
19 қазан 2017 ж. 22:04
Құрметті әріптестер! Сәттілік тілеймін
Бибигуль Бишеева
19 қазан 2017 ж. 21:53
Мүмкіндіктер мен пайдалы ресурстардың артқанына ұуаныштымын. Сәттілік !
ЛАУРА БИТАНОВА
19 қазан 2017 ж. 21:50
байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін
Гульнара Мергимбаева
19 қазан 2017 ж. 20:23
Сабақты қалай жіберуге болады